Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми теориялық негіздері



бет2/9
Дата09.06.2023
өлшемі78,37 Kb.
#178551
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру (копия)

1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми теориялық негіздері

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда математика сабақтарының мүмкіндіктері


Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әр бір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерлікті болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп оқушыларына білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр.


Математика пәнінің қарастыратын объектісінің табиғат заңдарымен, байланыста болуы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың зор мүмкіндіктерін туғызып, олардың жоғарғы деңгейдегі іс-әрекеттерін қажет етеді. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын оның іс-әрекетін шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін математикалық есептерді шығарудың мәні зор.
Математикалық есептерді мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына, қиындық дәрежесіне қарай классификациялау мәселенің негізгі жағын –– есепті шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатын ескермейді. Барлық математикалық есептер есепті шығарушы оқушы іс-әрекетінің сипатына қарай шығармашылық және жаттығу есептері болып бөлінеді.
Есеп шығару балаларда математикалық ұғымдарды қалыптастыруда олардың бағдарлама анықтап берген теориялық білімді игеру өте маңызды.
Ал, шығармашылық есептердің мәнінде жасырын жатқан заңдылықтарды ұғыну мақсатына оқушының танымдық ізденістегі іс-әрекеті оның қарапайым өзгеше шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Шығармашылық есептері оқушы санасында білімнің логикалық құрылымын ғана емес, ақыл-ой қызметінің эвристикалық тәсілдерінде қалыптастырады.
Оқушының шығармашылық есепті шығару мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекетін талпысын тұғызады. Математикалық есептерді шығаруда оқушының сұранысы есепті шығаруға қойылатын талаптар арқылы тудырылады. Мұнда шығармашылық есептердің қарапайым есептерден айырмашылығы –– оқушының есепті шығарудағы іс-әрекеттің тек сыртқы талаптарымен ғана шектеліп қалмауын ескеру қажет. Басқаша айтқанда, оқушының тек есепті шығаруға бағытталған іс-әрекеті шығармашылық есептердің мазмұнында жасырын жатқан заңдылықтарды ұғынуға ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы жүзеге асуы қажет.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту, іскерлігін арттыру, жалпылай алу, дидуктивті ойлау, логикалық икемділіктер –– салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру, математика пәнін оқытудың өн-бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.
Мектеп курсында логика жеке пән ретінде өтілмейді. Логикалық білім мен дағдыларды қалыптастыруға барлық сабақтардың үлесі бар, олардың ішінде математика сабағының ара салмағы үлкен.
Логика дұрыс ойлаудың заңдары мен жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Анықтама, дәлелдеме, пайымдау, жіктеп саралау сияқты т.б. логикалық амалдарын әр бір оқушы өзінің ойлау қызметінде қолданып отырады. Оқушы анықтамаларды жаттап, теоремаларды дәлелдей отырып, дәлелдеумен бөкерлеудің мәні, түрлері және оларды қалай дұрыс қолдануы туралы әдетте біле бермейді.
Негізгі логикалық терминдер болып табылатын «және», «немесе», «егер болса онда...», «емес», «сонда» және «тек сонда ғана» т.б. арқылы құрастырылған сөйлемдердің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстарды мақсатты жүргізбейінше мектеп оқушылардың математикалық тілін жетілдіруге болмайтындығын айта келіп, Д.Ж.Икрамов «Теориялық материалды игеруде ғана емес әр түрлі жаттығулар орындау барысында да негізгі логикалық терминдерді мектеп оқушыларының саналы түрде қолдана білу ойларын дәл айтуы күнделікті қолдану тіліміздегі кездесетін көп мағыналық пен түсініксіздерді болдырмауға мүмкіндік береді» деп көрсетеді.
Теориялық және эксперименттік зерттеулер оқушылардың логикалық білімін дамытудағы ескерілмей қалатын ерекшеліктерінің бірі 5-6 сыныптардағы оқушылардың логикалық мәдениеттілігін тәрбиелеудегі сабақтастықтың жеткіліксіз екендігін көрсетіп отыр.
Оқыту практикасы көрсетіп отырғандай логикалық білім беруді бастауыш сыныптан бастау қажет. Оқуышалардың логикалық ойлауын дамытуды логикалық байланыстардың мағынасын түсіндіруге бастауыш сынып математикасында мүмкіншіліктер өте көп. Оқушыларға сандар мен есептерге байланысты жаттығулардан басқа логикалық жаттығуларды да шығарған жөн екендігіне баса назар аудару қажет.

Логикалық есептер кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де оқушыдан да аңғарымпаз болуын талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектеле білуге тәрбиелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет