Деформацияланған жаттығуларды шешу –ДБІ технологиясындағы басты ерекшелік. 18: +65=67 түрінде «әйнекшелермен» берілген мысалдарды шығару психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, оқушы бірнеше қайтара салыстырудан тұратын әрекет барысында логикалық операциялардың жаңа түрлерін меңгере отырып, ойлаудың жоғары сатысына көтеріледі. Деформацияланған жаттығулар бірте-бірте күрделене түседі. Оқушы талдау, жинақтау, салыстыру, байқау арқылы өз пайымын айтуға, ортаға салуға машықтанады. Математика сабақтарында деформацияланған жаттығуларды кеңінен қолданамын.
1-жағдай.
Салыстыруды төмендегідей етіп жүргізу сұралады:
16 10+6 16 20-4
16 8+8 16 9+7
2-жағдай
Әйнекшелермен берілетін теңсіздіктер:
8> 11< <17
< 15> >12
3-жағдай.
Математикалық заңдарға негізделген теңсіздіктерді шешу.
10+6 6+10 10+4=4+
17 -7 17-10 15-4> 15-
9 +4 9+5 7+8< 7+
4-жағдай. Атаулы сандарды қосу, азайту салыстыруға берілетін есептеулер:
6 м 60 м
6 м 600
2м+5= дм
Шығармашылық тапсырмалар баланың интеллектісін, қабілеттерін, шығармашылығын дамытады. Шығармашылық тапсырмаларды шешу балалардан ойлылықты, байқампаздықты талап етеді. Оқушының шығармашылығы қалыптасады. Математика сабақтарында жоғары деңгейге үнемі шығармашылық тапсырмалардың мынадай түрлерін қолданамын.
3-сыныптағы тапсырмалар үлгісі:
1. Қыздың көгершіндері мен қояндары бар. Осылардың барлығының 26 басы мен 60 аяғы бар. Қызда қанша көгершін және қоян бар?
2. 2 алма, 3 алмұрт, 1 шабдалы 85 теңге тұрады. 1 алма, 3 алмұрт, 1 шабдалы 75 теңге тұрады. Егерде 1 шабдалы мен 2 алманың бағасы бірдей болса, алма мен алмұрт және шабдалы қанша тұрады?
3. 2 балықшы бірігіп 36 балық аулады. Екіншіге қарағанда біріншісі 8 есе көп аулады. Екінші балықшы қанша аулады?
4-сынып. Экономикалық есептер.
1. Жанармай құю бектіне бір мезгілде 2 автомамина келді. Олардың біріне жанармай құюға 7 минут, екіншісіне 3 минут уақыт кетеді. Жанармай құю бекеті автомашинаның мұнда бөгелген әр минуты үшін айып төлейді. Автомашиналардың қайсысын бірінші жіберу керек?
2. Балаларға жаңа жыл мерекесіне сыйлықтар әзірлеу үшін 80 дана апельсин, 160 дана «тоник» шоколадтары және 320 дана жаңғақ сатып алынды. Бірдей болатындай етіп ең көп дегенде қанша сыйлық дайындауға болады? Әр сыйлықта неше апельсин, неше шоколад, неше жаңғақтан болар еді?
3. Қоймаға бірнеше бума дәптер келіп түсті. Әр бумада 100 дәптер бар. Қоймашы 578 дәптерді қалай тез санап бере алады?
17>
Достарыңызбен бөлісу: |