Халықтық есептер.
Ауылдасы жылқыңды қалай бағып отырсың деп үй иесінен сұрады. Сонда ол: Жылқыларыма күнде 10 қадақ жем беремін, 2 бием бар. Құнанға 2 қадақтан, тайға 1 қадақтан жем беремін. Ар жағын өзің есепте.
Қызықты есептер.
1 Қоян қорқынышты түс көреді. Оның түсінде түлкі сағатына 150 км, ал қасқыр одан 2 есе артық жүгіре алады екен. Егер қоян 5 минутта 30км жүгіре алатын болса, түлкі мен қасқыр оған жете ала ма?
2. Бір патшаның сұлу қызы болыпты. Ол 18 жасқа толғанда, кімнің байлығы көп болса, соған қызымды беремін депті. Сонда бір жігіт келіп, менің 27360 сандық алтыным бар, оған жыл сайын 33 сандық қосылып тұрады депті. Патша жігітке 30000 сандық алтын әкелсе, қызын беретінін айтыпты. Жігіт 30000 сандық алтын жиғанша қыз неше жасқа толады?
2.2 Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қазіргі заман талабына сай оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Қазіргі алға қойған үлкен мақсат — өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылық-тарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу.
Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.
5-6 жастағы балалардың дене бітімінің және таным процесстерінің қабілеттері нің дамуының кезеңі. Айналадағы әлемді белсенді тануда сұрақтарға жауаптар іздеп, жиі өзіне көңіл аударғысы келіп, қойған шектеулердің беріктігін тексеріп, өзінің қалағанын жасауға тырысады, бірақ қызықсыз іске зейіні жинақталмаған, өзіне жақын адамға өте ұқсағысы келіп, сұрақтарды қоя бастайды.
Айналадағы әлемді танудың негізгі іс әрекеті ойын. Ойынның пайдасы бар екен деп тек қана уақыт өткізудің құралы ретінде қабылдамай, ойын түрлерін балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі ретінде қолдану керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға бағыттау.
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі.
Дидактикалық ойындар арқылы баланың логикалық ойлауы дамиды, ал
логикасын дамыту – ол оқу үрдісінде үздіксіз ұдайы жүргізілетін жұмыстардың бірі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Логика (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл –ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.
Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.
Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.
«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу- тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.
Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.
Сол себептен өзіндік білім көтеру жұмысымдағы мақсатым:
Баланың білімді игеру кезінде логикалық ойлауы дамыған, таным әрекеті белсенді, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
міндеттері:
-қызығушылығын арттыру;
-ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
-шығармашылық ізденісін дамыту;
-логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Баланың логикалық ойлауын жетілдіру арқылы миды жаттықтыра аламыз.
Әдетте, логикалық тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша біртіндеп қиындай береді. Бұндай тапсырмалар оқушының белсенділігін арттырады. Сонымен қатар балалардың әр тапсырмаларға шығармашылықпен қарауға да әрекет едеді.
Шығармашылық жаттығулар барысында қйындықтардың шешу барысында балалардың жаңа бір нәрсені ашуына, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектепалды даярлық балаларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше айқын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады. Ойын барысында кез келген затты талдап, ұқсастығымен айырмашылығын талдап, салыстырып, оздігінен ой түйіндеп шешім қабылдап, шығармашылық жағынанда бақылап қадағалап қорытында жасауларына да көп септігін тигізеді. Ойын барысында алған білімдерін бір жүйеге жинақтауға ойынның маңызы зор.
Мысал ретінде өз тәжірибемізде қолданылып жүрген төмендегі логикалық тапсырмаларды ұсынамын:
№1 «Сандар»
— санарды өсу ретімен қойып шық
— түстерін ата
-көрші санды ата, т.б.
№2 Сөздік
Мына заттар туралы сен не білесің, бәрін айт:
Үстел (ағаштан жасалған, сынады, жанады, жазатын үстел, ас ішетін, қазақы дөңгелек)
Кітап (қағаздан жасалған, қиылады, жанады, су сіңіреді)т.с.с.
№3 Дидактикалық ойын. «Біреу және көп»:
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл. т.б.
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.
Оқушыны ойната отырып, ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінде қолданылған ойын элементтерінің кез келгені сабақтың мазмұнына сәйкестендіре отырып, алға қойған мақсатқа қол жеткізе аламыз. Жүйелі қолданылған дидактикалық ойындар арқылы ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне оқушы қызыға түседі, материалды тез игереді, сыныптағы оқушылар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі, теорияны іс жүзінде қолдана білуге жаттығады т.б.
Қорыта келгенде логикалық тапсырмалар оқушылар үшін қызықты іс-әрекет қана емес, педагогикада оларды тәрбиелеу мен дамытудың өте қажетті құралы деп санаймын, сондықтанда күнделікті әр ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде логикалық тапсырмаларды тақырыпқа сай ұйымдастырып қолданамын.
Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуына қызығушылығын арттыруға өзіне деген сенімнің қалыптасуына мүмкіндік береді. Өзім ұстаздық іс-тәжірибемде шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар үшін өз алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
1.Есептерді шешу тәсілдерінде жаңалықтар енгізуге жетелеймін.
2.Есепті шешу тәсілдерін ешкімнің көмегінсіз табу іскерлігін қалыптастырамын.
3.Ойлау амалының қысқа жолын үйретемін.
4.Есепті шешудің тиімді тәсілдерін іздестіріп отырамын.
5.Алынған нәтиженің дұрыстығын анықтай білуге дағдыландырамын.
6.Оқушының оқу материалын теориялық тұрғыдан терең білуін қадағалаймын.
7.Пән аралық байланыспен тәрбие мәселесіне көбірек көңіл бөлемін.
8.Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытып отыруды ойластырамын.
Қорыта келіп айтарым, мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет. Сонда ғана мұғалім еңбегінің нәтижесіне жете алады.
Математиканы оқытуда алға қойған негізгі бағыттырының бірі-оқушылардың таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың, ой-өрісінің белсенділігінің, ізденпаздылығың арта түсуі олардың өздігінен ізденуін, өз бетімен қортындылар жасай білу қасиеттерін дамытады. Оқушылардың оқудағы танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін қалыптастыру
проблемаларын іс жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:
•танымдық іс әрекетінің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен оқу міндеттерін іріктеп шешу;
•танымдық іс әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру;
•іс- әрекеттердің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімде енгізу;
•оқытуға әдістемелік білім элементерін енгізу;
•іс- әрекеттерін өздігінше бақылауды дамыту.
Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің формаларының бірі-өзіндік жұмыс.Қазіргі кезде негізгі талап оқушылардың белсенді іс- әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше ізденуі арқылы білімін көтеруі, біліктілікке талпынуы, есептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.
өзіндік жұмыс –оқушылардың ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әркеті.
1. Дидактикалық мақсаттары бойынша оқып үйренетін, тексеретін алынған білімді баянды ететін және тағы басқа.
2. Даралау дәрежесі бойынша мазмұны әр түрлі бірақ бірдей тәсілмен орындалатын, мазмұндары әр түрлі тәсілдермен орындалатын.
3. Білім материалдары бойынша : оқулық пен және оқу әдебиетімен жұмыс, есептерді шешу және графиктік жұмыстар.
4. Оқушылардың іздемпаздық дәрежесіне байланысты жұмыстар және т.с.с.
Осы жіктеулерге сәйкес оқу процесінде өзіндік жұмыстардың төрт түрі қарастырылады. Олар мыналар:
1.Үлгі бойынша орындалатын;
2.Реконструктивті-вариативтік;
3.Жаңалық ашатын
4.Шығармашылық
Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұсынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі формулалар , теоремалар арқылы орындайды.
Реконструктивті-вариативтік өзіндік жұмыстар оқушылардың алған білімдерін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімін тереңдей түседі. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы принциптерін ғана көрсетеді.
Мысалы: 1кг мақта ма, 4кг темір ауыр ма? Әтеш бір аяқпен тұрса,2,5 кг, егер екі аяқпен тұрса неше кг болады?
Шығармашылық өзіндік жұмысы оқушылардың математика пәніне деген ынтасын қалыптастырады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді, математикалық ой-өрісін дамытады.
1.Есепті шығару, теоремаларды дәлелдеуді әдеттен тыс, жаңа тәсілмен орындау;
2.Есепті бірнеше жолмен шығару;
3.Оқушылардың өз бетінше есеп, мысалдар құрауы;
4.Баяндамалар және басқа жұмыс түрлері;
5.Оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін анықтау.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижесі олардың білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып табылады.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.Оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:
«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».
Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.
2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады.
Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың маңызды мәселе екендігі туындайды.
Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:
- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы;
- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.
Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады:
Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.
Шығармашылық: іс - әрекет, зейін, есте сақтауы, интеллекттісі, ойлауы
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |