Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


-лекция. Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері



бет62/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

20-лекция. Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері
Жоспар: 1) Құрмалас сөйлемнің белгілері, жасалу жолдары, түрлері
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Құрмалас сөйлемнің белгілері:
1) кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;
2) жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;
3) негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді;
4) құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.
Жай сөйлем бір ғана ойды білдіріп, бір интононациямен айтылады да, құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып күрделі ойды білдіреді. Өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :Байжанның оны көруі бірінші рет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылт өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен. Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де, екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәнекер болып тұрады. 
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді . Бұл сөйлемде жай сөйлемдерді бір-бірімен соң деген септеулік шылау байланыстырып тұр.
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен. Бұл сөйлемде бірінші жай сөйлемнің баяндауышы шын болса шартты рай тұлғасында келіп, тиянақсыз болып, сөйлем бітпей, келесі жай сөйлеммен жалғасып байланысып тұр.
Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.
Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – қойды екінші жай сөйлемнің баяндауышы жүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.
Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісіне бағына байланысып, бағынған сыңарының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келеді. Ондай құрмаласты сабақтас құрмалас сөйлем дейді. Мысалы: Қаланың көлемі үлкен болғанмен, көп этажды үйлер сирек болатын.
Құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Доктор кеткен соң, әйелі операция істеуге көндірмекші болып жылап-сықтап жалынып еді, - Михаил оған жұдырығын түйді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет