Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


-лекция. Тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемдер



бет64/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2
Абдил Аида, Презентация (4), Намуратова Сетара, Намуратова С

21-лекция. Тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемдер


  1. Салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік айырым белгілері

  2. Жалғаулықты, жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді таптастыру А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады. Ол “Сөйлем жүйесі мен түрлері” атты еңбегінде құрмаластарды алдымен сыйыса құрмаласу (қазіргі бірыңғай мүшелі сөйлемдер) және қиыса құрмаласу (қазіргі салаластар мен сабақтастар) деп жіктесе, Қ. Жұбанов салалас және сабақтас деп, С. Аманжолов төртке бөледі: салалас, сабақтас, аралас және тиянақты басыңқысыз құрмаластар.
Құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы зерттеген Н. Сауранбаев соңғы топтастыруында құрмаластарды төртке бөледі: салалас, сабақтас, аралас, және үйірлі мүшелі сабақтастар. С. Жиенбаев құрмаластың тек салалас, сабақтас деген екі түрінің бар екенін, ал аралас құрмаластың өз алдына бір бөлек заңдары жоқ екенін көрсетеді.
Лингвистикалық ғылымда құрмалас сөйлемдерді топтастыру принциптерінің бірнеше түрі қолданылып келеді. Олардың негізгілері: дәстүрлі және құрылымдық-семантикалық. Дәстүрлі немесе логика-грамматикалық топтастыру бойынша құрмалас сөйлемдер: салалас, сабақтас, аралас болып үшке бөлінеді. Құрылымдық-семантикалық топтастырудың негізінде құрмалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып жіктеледі.
Құрмалас сөйлемдер құрамындағы предикатив сыңарларына қарай екі құрамды және көп құрамды болып жіктеледі. Екі құрамды құрмаластар салалас және сабақтас болып жіктелсе, көп құрамды құрмаластарды көп компонентті салалас, аралас және көп бағыныңқылы сабақтас деп бөлу дәстүрі бар.
Салалас пен сабақтастың арасындағы айырмашылық - олардың компоненттерінің құрмаласу тәсілінде, мағыналық байланыстарында, интонациялық құбылыстарында, компоненттерінің негізгі екі мүшесінің бір-бірімен синтаксистік қатынастарында, әсіресе компоненттердің баяндауыш формасында. Құрмалас сөйлемнің салалас түрі мен сабақтас түрлерінің арасында мынадай өзгешеліктер бар:

  1. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары тиянақты формада айтылады да, сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің алдыңғылары тиянақсыз формада айтылып, тек соңғысы ғана тиянақты формада болады.

  2. Салалас құрмаластың баяндауыштары тең дәрежеде, теңдік қатынаста тұрып, салаласа байланысса, сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент баяндауышы басыңқы компонент баяндауышына бағына байланысады.

  3. Салалас құрмаластың жай сөйлемнен кейін болатын интонациялық кідірісі едәуір тиянақты болады да, сабақтас құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы интонация тиянақсыз, елеусіз болып келеді.

  4. Салалас құрмалас компоненттерінің баяндауыштары өз бастауыштарымен қиыса байланысса, сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары өз бастауыштарымен қиыспайды.

  5. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыру үшін жалғаулық шылаулар қолданылады, ал сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін құрмаластыруда септеулік шылаулар қолданылады.

  6. Салалас құрмалас сөйлемнің 1-компоненті 2-компонентке тәуелсіз, оның ішіндегі мүшелерге байланыссыз болып келсе, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағынышты компоненттерінің көпшілігі өзі жетектеліп тұрған компоненттің белгілі бір мүшесіне тәуелді болып, соны түрлі жағынан айқындап, тұрлаусыз мүше тәрізденіп кетеді.

Жоғарыдағы белгілері негізінде салалас құрмаласқа мынадай анықтама беруге болады: предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, белгілі бір лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, құрылымдық және интонациялық тұтастық құрайтын құрмалас сөйлем түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Салалас құрмалас сөйлем жасалуының негізгі 2 түрлі тәсілінің болатындығын, оның бірі жалғаулықтардың дәнекерлігі, екіншісі-жалғаулықсыз, жай сөйлемдердің бір-біріне тіркесе, іргелесе айтылуы арқылы, яғни жалғаулықсыз құрмаласатыны 1939 жылы жарияланған “Қазақ тілінің грамматикасы” атты оқулықта дәлдеп көрсетілді. Кейбір зерттеушілердің жалғаулықсыз салаласты салалас құрамына қоспай, құрмаластың дербес бір түрі деуіне қарамастан, кейінгі зерттеулердің барлығында да салаласты жалғаулықты, жалғаулықсыз деп бөлу дәстүрге айналды. Демек, салалас құрмалас сөйлемдер компоненттерінің байланысу тәсілдерінің негізгі екі түріне қарай жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас болып бөлінеді.
Салалас құрмаластың түрлерін саралауда қазақ тіл білімінде әртүрлі пікірлер болды. А. Байтұрсынұлы салаластарды бес түрге бөлді: жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы, қойылыңқы. Ал
Қ. Жұбанов топтамасы қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем түрлерін саралауға негіз болды: ыңғайлас салалас, ереуіл салалас, талғама салалас, себеп-салдар салалас, шарт-жағдай салалас. Кезінде Н. Сауранбаев көрсеткен іргелес салаластар қазір жалғаулықсыз салалас ретінде қарастырылады.
Компоненттерінің мағыналық қатынасы жағынан алғанда, қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемнің 8 түрі бар. Олар:

  1. Мезгілдес салалас

  2. Себептес салалас

  3. Қарсылықты салалас

  4. Талғаулы салалас

  5. Кезектес салалас

  6. Түсіндірмелі салалас

  7. Салыстырмалы салалас

  8. Шартты салалас.

Бұлардың мезгілдес, себептес, қарсылықты түрлері жалғаулықты да, жалғаулықсыз да болып келеді, ал талғаулы және кезектес түрлері тек жалғаулықты, ал түсіндірмелі, салыстырмалы, шартты түрлері жалғаулықсыз айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет