Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


-лекция. Тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлем



бет67/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

24-лекция. Тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлем


Жоспар:

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің грамматикалық табиғаты

  2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

Сабақтас құрмалас сөйлем деп компоненттері өзара тең болмай, бір-біріне бағына, бағындырыла байланысатын құрмалас сөйлемдерді айтамыз. Бағынушы компоненттің баяндауыш формасы тиянақсыз болып, өз бетінше сөйлем бола алмайды, ал бағындырушы компонент бағыныңқы сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бір компоненті бағынушы, тәуелді болып тұрса, екіншісі тәуелсіз, өз бетінше сөйлем бола алады. Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыныңқы сөйлем деп аталады да, өз бетінше тиянақты болып тұратын компонент басыңқы сөйлем деп аталады. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті де сөйлем деп аталғанымен онда қалыпты сөйлемге тән қасиеттердің көбі жоқ. Себебі оның сөйлемдік мәні құрмалас сөйлемнің құрамында айтылғанда ғана айқындала түседі. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі негізді ой көпшілік жағдайда басыңқы жай сөйлемде беріледі де, бағыныңқы компоненті көбіне сол басыңқыдағы ойды түрлі жағынан айқындап, дәлелдеп түсіндіру үшін қолданылатын қосымша мүше ретінде қолданылады. Мысалы: Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті (М. Әуезов). Бұл қасиет, яғни бағыныңқының басыңқы компонентке тәуелді болып, оның тұрлаусыз мүшесі секілді болуы барлық бағыныңқыға тән емес. Мысалы: Кілемдер тұтылып, әсем оюлы сырмақтар жайылыпты (М. Әуезов).


Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін айқындауда мынадай белгілер негізге алынады:

  1. Компонентінің белгілі шамада сөйлемдік мағына дербестігі болады, яғни бұл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық сөйлемдік мағынаға ие болады.

  2. Баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бірге шылаулардың тіркесуі арқылы жасалып, шартты рай тұрғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды.

  3. Бағыныңқы компонент дербес бастауышты болады.

  4. Бағыныңқы компонентке тән интонация - тиянақталмаған интонация.

Жай сөлемдердің бір-бірімен баяндауыш формасының тиянақсыздығына қарай құрмаласуы - қазақ тілінде құрмалас сөйлем жасаудың ең өнімді тәсілі. Бұл тәсіл – сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен ұштастыратын ең негізгі және өте жиі қолданылатын түрі болумен қатар, сабақтас сөйлемді салаластан ажыратып танытатын басты белгі болып та есептеледі. Бағыныңқы компонент баяндауышы қызметін атқарып, оны басыңқымен сабақтастыра құрмаластыратын етістік түрлеріне мыналар жатады:
1) көсемше, 2) есімше, 3) шартты рай және басқа етістік формалары, 4) шылаулар.
1) Көсемше арқылы құрмаласуы. Әрі қимылдың өзін, әрі қимылдың амалын білдіретін етістіктің ерекше түрі болып саналатын көсемше сөйлемде 2 түрлі синтаксистік қызмет атқарады:

  1. пысықтауыш

  2. баяндауыш

  1. Көсемшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы ролі оның бағыныңқының баяндауышы қызметін атқаруынан көрінеді. Көсемше - етістіктің тиянақсыз түрі. Бұлар құрмаластың өзі баяндауыш болып келген бөлшегін екінші компонентке бағындыра байланыстырады да, ол бөлшектердің бірлікте, тұтастықта болуын қамтамасыз етеді. Сөйтіп көсемшелер әрі дәнекерлік қызмет атқарады.

  2. Көсемшелердің ішінде сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің баяндауышы қызметінде жиі қолданылатыны да және өзі баяндауыш болып келген компонентті тиянақты компонентпен әр түрлі мағыналық қатынаста құрмаластыратын - ып, -іп, -п жұрнақты түрі. Өткен шақтық көсемшенің дәнекерлігі арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдердің бірсыпыраларында тиянақсыз компонент тиянақты компонентке тек тұлғалық жағынан өз дербестігін сақтап басыңқы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңгерілмей, онымен жарыса, салаласа айтылады.

  3. Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыруда -а, -е, -й, жұрнақты көсемшенің де өзіндік ролі бар. Бұл тұлғадағы көсемшелерде тиянақсыздық сипат басым болғандықтан, бағыныңқының көсемше тұлғалы баяндауышы әрі мағыналық, әрі тұлғалық жағынан тиянақсыз болады.

  4. Аталған формалардан басқа жай сөйлемді бір-бірімен құрмаластыруда -ғалы -гелі, -қалы, -келі жұрнақты көсемше қолданылады. Жай сөйлем құрамында мезгіл не мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалатын бұл тұлға құрмалас сөйлем бағыңқысы баяндауышы ретінде тек соңғы кезде (өте сирек) қолданылады.

  5. 2) Есімше арқылы құрмаласуы. Көсемшелер сияқты есімшелер де бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы функциясында қолданылады. Бірақ есімшелер мен көсемшелердің жай сөйлемді құрмаластыру жолы бірдей емес. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамындағы көсемше ешқандай қосымша тәсілсіз, формасыз жай сөйлемді құрмаластыру функциясын атқара алатын болса, есімшелерде ондай қасиет жоқ.

Есімшелер жай сөйлемді құрмаластыру үшін әртүрлі тұлғалық құбылыстарға ұшырап, тиянақсыз формада айтылады. Мұндай тиянақсыз қасиет беріп, есімше формалы сөзді басыңқы компонентке бағындыра байланыстыратын - оларға жалғанатын түрлі қосымшалар және шылаулар.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру үшін есімшелердің барлық түрлері де қолданылады, бірақ құрмалас сөйлем жасауда есімше түрлерінің атқаратын қызметі, формалық құбылыстары біркелкі емес. Мұндай қызметте ең жиі қолданылатыны –ған/ген, -қан/кен формалы есімшелер. Аталған тұлғалы есімшелер бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында мынадай формаларда және мағыналық қатынастарда қолданылады:

  1. Жатыс септік жалғаулы: Жанат ішкі үйге кіріп кеткенде , Асқар мен Ержан тыста қалды (С.Мұқанов).

  2. Көмектес септік: Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді (С.Мұқанов).

  3. –ша, -ше жұрнақты формада: Қонақтар үйге кіргенше, үй-үйдің арасынан сытыла жөнелген жігіттердің жарқ-жұрқ сілтеген ақ сойылдары Жұманның жылқысына сарт-сұрт тие де бастаған еді (Ғ.Мүсірепов).

Сондай-ақ бағыныңқы баяндауышы түбір тұлғалық не шығыс, барыс жалғаулы есімшеге соң, кейін, дейін, бері, гөрі шылаулары тіркесуі арқылы, сондай-ақ шақта, кезде, сәтте, күні, сағатта т.б. мезгілдік мәндегі сөздердің, -дық+тан, -дік+тен қосымшаларының тіркесуі арқылы да әртүрлі мағыналық қатынастағы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасалады. Жаңалықтардың бәрі олар арқылы өтіп жүргендіктен, бұл екеуі Омардың көптен бері істес адамдары еді.
3)Шартты рай арқылы құрмаласуы. Етістіктің шартты рай тұлғасы да сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда кеңінен қолданылады. Бұл қызметте шартты рай тұлғалы сөз көсемше тәріздес өзінен кейін ешбір дәнекерді қажет етпей екі жай сөйлемді құрмаластыруға қатысады. Мысалы: Бәйтен жұртқа сездірмей қыздың қолынан ұстаса, ол да мұның қолын қысып қояды (Әбдіков).
Бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болып келген шартты райдың кейде шылау сөздерге тіркесіп тұратыны да болады, бірақ шылаулар 2 жай сөйлемді байланыстыру үшін қолданылмайды, жай сөйлемдердің мағыналық қатынастарын түрлендіру үшін қолданылады. Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың не екенін ұға алмады (М.Әуезов).
4)Шылаулар арқылы құрмаласуы. Шылаулар құрмалас сөйлемнің салалас түрін жасауға да, сабақтас түрін жасауға да қатысады. Жай сөйлемдерді салаластыра құрмаластыруға жалғаулық шылаулар қатысса, сабақтастыра құрмаластыруға септеуліктер қатысады. Жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру қызметін атқарғанда септеуліктер бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған тиянақсыз етістікке көмекші болып, соны меңгеріп, жетектеп тұрады. Ондай септеуліктер қатарына шейін, дейін, кейін, бері, сайын, соң, үшін шылаулары жатады. Шұбардың жаңағы сөзі есіне түскен сайын, Әбіштің намысы мен ызасы үдей түсті (М.Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет