Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


Бір негізді және екі негізді сөйлемдер



бет58/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

Бір негізді және екі негізді сөйлемдер
Құрамында екі бас мүше де (бастауыш пен баяндауыш) бар сөйлем түрі екі негізді сөйлем деп аталады. Мысалы: Судың тасуын өзен бойындағы ел ылғи күтіп тұрады (Ғ.Мұстафин).
Ал бастауыш пен баяндауыш құрылымды емес, сөйлемде бір ғана бас мүше бар сөйлем бір негізді деп танылады. Мысалы: Бұл судан балық аулауға болмайды. Сөйлемнің бір негізді немесе екі негізді болуы, олардың синтаксистік құрылымына байланысты болғандықтан да, оларды ажырататын меже ретінде предикативтік белгіні ғана алу заңды құбылыс болып табылады.
Коммуникативтік аспект тұрғысынан ең көп қолданылатыны – екі негізді жай сөйлем түрі. Олар баяндауышының қай сөз табынан жасалуына қарай есімді және етістікті болып бөлінеді. Мысалы: Айналамыздың бәрінде уыз мұнар кілкиді. Далада да, үйде де мүлгіген тыныштық. Түнімен диірмен тартып шыққандай киімдері аппақ шаң (Д.Исабеков).
Екі негізді сөйлемдер тұрлаусыз мүшелермен қатынасына қарай жалаң және жайылма болып сипатталады: Күн ашылды. Бұлттар көше бастады. Осындай жалаң сөйлемнің құрамына кемінде бір тұрлаусыз мүше қосылса, онда ол жайылма екі негізді жай сөйлем болады: Аласапыран көктемнің кезі еді. Шай төмен жақтан келетін (Д.Исабеков).
Бақылау сұрақтары:
1.Жақты сөйлемдер, олардың түрлері
2.Жақсыз сөйлемдер, жасалу жолдары
3.Жалаң және жайылма сөйлемдер
4.Толымды, толымсыз сөйлемдер
5.Атаулы сөйлемдер, құрылымы мен мағыналық түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет