Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


-лекция. Тақырыбы:Жай сөйлемдердің құрылымдық типтері



бет56/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

18-лекция. Тақырыбы:Жай сөйлемдердің құрылымдық типтері


Жоспар:
1.Жақты, жақсыз сөйлемдер, жасалуы, түрлері
2.Жалаң, жайылма сөйлемдер
3.Толымды, толымсыз сөйлемдер
4.Атаулы сөйлем, құрылымы, мағыналық түрлері

Жақты, жақсыз сөйлемдер, түрлері


Жақты сөйлемге қойылатын негізгі критерий – бастауыштың болуы және ол сөйлемге қатыспай тұрса да, баяндауыш формасының сол сөйлемде бастауышты қойып айтуға мүмкіндік беруі. Грамматикалық бастауышы бар, егер бастауышы болмаса, оны баяндауыш формасы арқылы тауып алуға болатын жай сөйлемнің түрі – жақты сөйлем. Бір ғана жақты сөйлемдер тобына жататын сөйлемдер өз ішінде бір-бірінен ерекшелігі бар топтарға бөлінеді.
1.Белгілі жақты сөйлем. Субъектінің мәні предикативтік бас мүшедегі жақтық тұлғалардан аңғарылып, бастауыштың атау тұлғалы есімдіктермен берілуін қажет етпейтін бір негізді сөйлем түрін белгілі жақты сөйлем дейді. Мысалы, Отаным үшін аттанам. Сізді көрген сайын ойлаушы едім.
2.Белгісіз жақты сөйлем. Бас мүшесі ІІІ жақтық тұлғада келіп, іс-әрекет иесі белгісіз жақ болатын, тек іс-әрекеттің орындалуы жайында хабар білдіру мақсатын көздейтін бір құрамды сөйлем түрін белгісіз жақты сөйлем дейді. Мысалы, Жерді қазақтың қара тоқпағымен өлшейді. Әскер тәртібі қатты болады дейді.
3.Жалпылама жақты сөйлем. Бас мүше белгілі бір жақтық тұлғада тұрғанымен, сөйлем семантикасы жалпыланған жақтық мінді білдіретін, соған сай іс-әрекет үш жаққа тән болып көрінетін бір негізді сөйлем түрін жалпылама жақты сөйлем дейді. Бұл сөйлемнің баяндауышы көбінесе ІІ жақта тұрады. Мысалы, Көре-көре көсем боласың. Қараңғыда байқамасаң, түсесің де кетесің.
Жақсыз сөйлемде грамматикалық (тұлғалық) бастауыш жоқ, бірақ логикалық бастауыш бар. Логикалық бастауыш дегеніміз-тұлғалық жағынан бастауыш емес, бірақ мағыналық жағынан айтылған ойдың иесі, субъектісі.
Оның жақты сөйлеммен айырмашылығы, біріншіден, грамматикалық бастауышқа байланысты, 2-ден, баяндауыштың жасалу жолы мен формасына байланысты. Ескеретін жайт: жақты сөйлем баяндауышы дара, күрделі болып, өз бастауышымен қиыса байланысса, жақсыз сөйлем баяндауышы тек қана ІІІ жақ жіктік жалғауы формасында тұрып құрамы жағынан үнемі күрделі болып келеді. Жақсыз сөйлемнің негізгі белгілері:

  1. Грамматикалық бастауышы мүлде болмайды.

  2. Іс иесі-субъект ілік не барыс септігінің тұлғасында болып, сөйлемде анықтауыштың не толықтауыштың қызметін атқарады.

  3. Баяндауышы негізінен күрделі болады.

Қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады.
а) Күрделі баяндауыштың І сыңары барыс септігінде тұйық етістіктен соң бол, тура кел деген көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Адамдық ар-намысымызға дақ түсіруге болмайды.
ә) Бандауышы -қы/-кі, -ғы/-гі жұрнақты қалау райлы етістікке кел сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Абайды Асылбектің сөйлеткісі келді.
б) Тұйық етістіктен соң керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Мысалы, Қол қусырып босқа отырмау керек.
в) -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады. Мысалы, Не болып жатқанын түсініп болмайды.
г) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар тұрақты тіркестер, идиомалар жақсыз сөйлем болады.:берекесі кетті, іші пысты, ішек-сілесі қатты, ашу-ызасы келді, быт-шыты шықты, тауы шағылды, қарны ашты, қолы тимеді т. б. Мысалы, Менің жүрегім су ете түсті. Енді біраздан кейін көз байлануға айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет