Шылаулы бастауыш. Бастауыштық мұндай тұлғада дейін, шейін шылаулары қатыса алады. Бұны жас балаға дейін біледі.
Бастауыштар жеке сөзді дара, көп сөзден құралған күрделі және үйірлі, басқа сөйлем мүшелері сияқты бірыңғай болады. Бірнеше сөз күрделі бастауыш болу үшін, олар өзара синтаксистік тығыз байланыста болулары керек те, сөйлемнің баяндауышы сол сөз тіркесіндегі сөздермен байланысқан болуы тиіс. Күрделі бастауыш болатын сөз тіркесінің құрылысы мынадай болады:
1.Ілік септіктің жасырын түріндегі сөз бен үшінші жақтық тәуелдік жалғаулы сөздер тіркесіп, күрделі бастауыш жасалады: Адам тілі тас жарар, тас жармаса бас жарар (Мақал). Ілік септігіндегі есімдер тағы мынадай сөздермен тіркескенде, күрделі бастауыш жасалады:
2.Тәуелдік жалғаулы көмекші есімдермен ( қасы, маңы, жаны, іші, арты, алды, т.б.) Үйдің іші тап –таза екен. Ауылдың жаны терең сай, тасыған өзен гүрілдеп (Абай).
3.Тәуелдеулі өздік есімдікпен: Мен өзім соны сізден сұрайын деп едім
( Ерубаев). Мұның өзі Қажымұқанның спорттық өміріндегі қызықты оқиғалар еді ( Күш атасы).
4.Бастауыштар күрделі етістіктен жасалады: Менің шығып-түсуім қиын болды. Оның айтып отырғаны – ақыл (Мұстафин).
5. Күрделі бастауыш заттанған күрделі сын есім, сан есімдерден де жасалады: Жүйрік торы ойнақшып тұр екен. Бір жүз қырық алты үшке тең бөлінбейді.
6.Күрделі жалқы есімдер күрделі бастауыш болады: Біріккен Ұлттар Ұйымы – дүние жүзі елдерінің бас қосып кеңес құратын жері.
7.Хан, би, жолдас, азамат секілді қосалқы айқындауыштармен тіркескен кісі аты, тегі күрделі бастауыш болады: Он төрт жасар күнінде Едіге би атқа мініпті ( Көпеев). Жұматаев азамат үлгілі іске қол ұрып отыр.
8. Бастауыш құрамында екеуміз, үшеуміз, дегеніміз, деген сөздері айтылып күрделі бастауыш жасалады: Дүйсен екеуміз жүріп келеміз. Идея дегеніміз- шығармадағы негізгі ой.
Үйірлі мүшені құрайтын сөздер өз алдына предикативті бірлік болатын бастауыш-баяндауышқа бөлінетін жай сөйлем құрамдас болып келеді. Бұл тектес құралымдар ең бірінші бастауыш қызметін атқарады. Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар (Мақал). Мен көрген бұл кісі емес. Жасы құрдас құрдас емес, заманы бір құрдас (Мақал).
Достарыңызбен бөлісу: |