Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


Бірыңғай мүшелердің интонация арқылы байланысуы



бет39/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

Бірыңғай мүшелердің интонация арқылы байланысуы


Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бір-бірімен салаласа байланысады. Бірыңғай мүшелердің салаласа байланысуы екі тәсіл – интонация және жалғаулық арқылы жүзеге асады. Интонация санамалы түрде, кезектесе кішкене пауза жасаумен атқарылады. Мақсат – қазақ тілінде қатесіз сөйлеу, қатесіз жазу (Газеттен). Алаш партиясының алдына қойған міндеті: патшалық Ресейдің отарлау саясатынан, басып кіріп қоныстанушылардан әбден зардап шегіп тозуға айналған қазақ жұртын дәстүрі, тілі, өнері бар халық ретінде сақтап қалу, жойылып кетпеуін көздеу (Д.Досжанов). Солай десіп сұлтан мен бек пәтуаға келісті (М.Мағауин). Тау да, сай да, бұлақ та, тал да Дәрменге үн қосты (Ж.Аймауытов). Махаббат, мейірім, ән мен күй, ойын-күлкі, наз келді (Жамбыл). Байланысудың екі тәсілі бір сөйлемде қатар, аралас қолданылуы мүмкін. Интонация жеке сөздерден кейін де, немесе жалғаулық арқылы жұптасқан бірыңғай мүшелерден кейін де келіп байланыстыра береді. Қазақтың қара тырнағы мен көлеңкесінен, ұртын толтырып бауырсақ шайнауынан, сапырып сары қымыз ішуінен де ұлтшылдық іздеген зымиян темір қыспақ ендігі жерде ұлт тарихын, оның Абылай сынды арыстарын жазуға жол қалдырмаған еді (Д.Досжанов).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет