Жай сұрақтар: Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде көрсетіңіз


Ғылыми білімнің пәндік құрылымының әлеуметтік-мәдени жағдайы: социология, экономика, политология және мәдениет туралы ғылымдардың шешімін табыңыз



бет33/52
Дата20.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#198198
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52
Байланысты:
Filosofia dayyn[1]

3.Ғылыми білімнің пәндік құрылымының әлеуметтік-мәдени жағдайы: социология, экономика, политология және мәдениет туралы ғылымдардың шешімін табыңыз. Сонымен, Ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірлерінің орнына тарихтың жаңа кезеңі келеді. Әлі күнге дейін оны қай кезден бастапесептеу туралы нақты ештеңе белгілі емес. Көбінесе Жаңа дәуір Қайта өрлеуге еніп кетеді, бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, оның бастауын XVII ғасырдан санағанымыз негізді болатын сияқты. Ол уақыт Еуропада буржуазиялық қатынастардың қарқынды дамуымен сипатталады. Капиталистік өндірістің қажеттіліктері адамдардың ғылымға, адам танымының мақсаттары мен маңызына деген көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Алдыңғы орынға Табиғатты тәжірибе арқылы зерттеу ш ығады, а л с оның н әтижесінде т ұтас ж аратылыстану өркендейді. Бұл жағдай философияда да көрініс тапқан: онтологиялық (болмыс туралы ілім) мәселелерден гносеологиялық(теориялық-танымдық) мәселелерді зерттеп білуге көшу басым болады. Алдына ғылымды дамыту мақсаттарын қойған жаңа мекемелер мен ұйымдар ашылады. Олар, Платонның мысалы бойынша, «академиялар» деп аталатын болды. Осы уақытта танылып үлгірген ғылымдар ішінен механика суырылып алға шығады. Ол түсінікте де: жаңа машиналар, механизмдер мен станоктар жасау қажет болды. Сөйтіп, Жаңа дәуірдің материализмі механистік түрге айналады. Әлбетте, діннің о л к езде д е қ оғамдық с анаға ы қпалы бар болатын. Бірақ жаратылыстанудың қуатты дамуының, философияның жыл өткен сайын күшейе түскен материалистік бағытының әсерімен қоғамда діни фанатизм азайып, «ар-ождан азаттығы» біртіндеп өмірге ене бастайды. Ал философияда бұрынғыша «сенім шындығы мен «ақыл-парасат шындығы» бір-бірінен ажырап және сол уақытта Құдайды осы Әлемнің Жаратушысы ретінде танитын, ары қарай өзінің меншікті заңдары негізінде әрекет ететін философиялық ағым –деизм (лат. deus – Құдай) күш ала береді. Құдай енді Өзі құрған Әлемге араласпайды. Дүниеге деген дәл осындай көзқарас жаратылыстанудың ары қарай өркендеуіне себеп болды. Ал енді сол заманның жаратылыстануына келсек, бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт: эмпиризм мен рационализм шықты. Егер эмпиризм ғылымдарды тәжірибелер арқылы дамытуды құптаса, ал рационализм, керісінше, барлығын да ақыл-ой сүзгісінен өткізуді талап етеді. Алайда екі бағыттың екеуі де оптимизмге, яғни Табиғаттың ең бір құпия сырларын танып білу мүмкіндігіне деген сенімге толы. Ортағасырлық схоластика қатты сынға ұшырайды: «Ешқандай бедел- абыройға қарау деген болмауы керек!», «Бұрынғы дәуірлердің ұлы адамдарының көзқарастары ғылымға ықпал етуге және шекараларын шектеуге тиіс емес!». Толықтай еркін ойлау жағдайында ғана ғалымдар өз идеяларын дамытып, таңдаған ғылымдарының тақырып аясын зерттей алады. Тағы бір нәрсені ерекше атап өткен жөн. Егер Ортағасыр заманында адам ақылының күш-қайраты Құдайдың бар екенін негіздеуге және оның жаратуының ұлылығын, құдіретін дәлелдеуге бағытталса, енді Қайта өрлеу заманында және әсіресе Жаңа дәуірде ғылым мен оның құралы – ақыл – әлемнің жасампаздығы мен түрленуінің негізгі элементтері және құралдары ретінде қарастырылатын болды. Сол уақытта ғылым табиғаттың терең құпияларын аша отырып, сол арқылы Құдайдың Өзінің тудырғыш қуатын көрсетеді, демек, ғылым Құдайға қарсы тұрмайды деген ой кең тарағанды. Жаңа дәуірдің философияның дамуына ықпал еткен кейбір аса маңызды ерекшеліктері осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет