Жай сұрақтар: Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде көрсетіңіз


Әлеуметтік информатика проблемаларына деген синергетикалық ыңғайының категориясын анықтаңыз



бет28/52
Дата20.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#198198
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Байланысты:
Filosofia dayyn[1]

13. Әлеуметтік информатика проблемаларына деген синергетикалық ыңғайының категориясын анықтаңыз.
Синергетика ұғымы қазіргі дискуссияларда кең таралған. Терминнің өзі грек
тілінде жəрдем, қатысу, көмекші деп мағына береді. Оның іздерін исихазмде –
Византияның мистикалық ағымында табуға болады. Көп жағдайда ол ғылыми зерттеу
контекстінде «келіскен іс-əрекет, үздіксіз ыңтымақ, бірлесіп қолдану» деген мағынада
қолданады. Ғылымның бүкіл даму тарихында оған философиялық идеялар мен принциптер зор әсерін тигізіп отырды. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап неопозитивизмді жақтаушылар ғылымды, өздерінің пікірі бойынша, еш мәні жоқ философияның немесе метафизиканың1 ықпалынан босату үшін көп әрекет жасады. Осы мақсатпен олар философия мен ғылымның арасына шекара қою программасын ұсынды. Бұл программа бойынша, философиялық идеялар мен принциптер шындықта объектісі жоқ жалған пікірлер деп жарияланды, өйткені оларды эмпириялық тексеру мүмкін емес. Егер эмпириялық тексеру мүмкіндігі тұрғысынан ғана бағаласа, онда таза математикалық білімдер де, тіпті жаратылыстанудың жалпы теориялық қағидалары да жалған деп жариялануы тиіс қой. Шынына келгенде, философияның және абстракциялық ғылымдардың жалпы қағидаларының эмпириялық тексеруге көнбеуі олардың объективтік мазмұнын жоққа шығара алмайды. Бұл жағдай философия мен абстракциялық ғылымдардың эмпириялық ғылымдарға жатпайтындығының ғана көрсеткшті болып табылады.
Философия пайда болғаннан бері дүниенің құрылысы және ондағы адамның алатын орны туралы, ең бастысы, шындық дүниені танып білудің мүмкіндігі мен қиындығы туралы жалпы мәселелерді талдаумен айналысқандықтан туған оған тән сипат ойша дерексіздену болды. Жоғарыда аталған проблемалармен нақты ғылымдар да азды-көпті айналысатындықтан, олардың да философия мен ғылымның арақатынас проблемасына көңіл аударуы табиғи нәрсе. Бұл проблема, біріншіден, философиялық идеялардың ғылымды негіздеуге тигізетін әсерін қарастыруды, екіншіден, философияның ғылыми ізденістің эвристикалық құралы ретіндегі рөлін анықтауды, және, үшіншіден, философиялық проблемалар қоюға ғылымның тигізетін әсерін анықтауды қажет етеді.
Кезінде антик заманының философтары да дүниедегі алуан түрлі заттар мен құбылыстарды бір алғашқы бастаманың көмегімен түсіндіруге әрекеттенгені белгілі. Антик философиясының бастамашысы Фалес және басқалар дүниенің алғашқы элементтерін немесе "стихиясын" сезімдік қабылдауға болатын заттармен (Фалес - сумен, Анакси-мен - ауамен) тепе-тең қарастырып түсіндірді, ал Гераклит дүниенің бастама негізі от деді. Мұндай түсіндірулердің тұрпайылығына қарамай, олардың бәрінің орынды жағы бар еді-дүниенің алуан түрлілігін бір ортақ материалдық нәрсемен, сезімдік затпен, түсіндіруге талпыну. Сондықтан түсіндірудің бұл сияқты формаларын теорияны немесе дүниенің жалпы бейнесін пайдаланудың алғашқы қарапайым (тұрпайы) формалары деп қарастыруға болады, өйткені одан кейіннен ғылымды түсіндірудің және негіздеудің нағыз теориялық формалары өсіп шықты.
Философияның ғылыми білімді негіздеудегі рөлі. Ғылыми білімді негіздеу зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен дәлелділігін, объективтік ақиқаттығын және оны тексеруге болатындығын қамтамасыз етуі тиіс. Мұңдай негіздеуде теориялық жағынан түсіндірудің рөлі ерекше зор. Мұнда теориялық және эмпириялық терминдер арасындағы сәйкестікті анықтау жолымен теориялық заңдардан эмпириялық зандар қорытып шығарылады.
Эмпириялық заңдардың көмегімен нақты фактілер түсіндіріледі, өйткені олар жекеше факті ретінде жалпы қорытындыдан шығады. Соның нәтижесінде тек эмпириялық заңдар ғана емес, фактілер де теориялық тұрғыдан түсіндіріледі. Бірақ теориялық түсіндірменің негізгі маңызы онда емес, одан эмпириялық заңдарды тұжырымдап шығарудың арқасында оның өзі де эмпириялық жағынан расталуында, өйткені нақты фактілер мен эмпириялық заңдарды біз тек тікелей бақылау немесе арнайы жасалған эксперимент арқылы ғана тікелей тексере аламыз ғой. Осындай жолмен теория практикамен тікелей байланысты дәлелдеуге ие болады.
Негіздеудің философиялық принциптері әрине теориялық зандарды эмпириялық зандар арқылы түсіндірумен ғана шектелмейді. Олар сондай-ақ дәлелдеудің, ұғымдарды анықтаудың және түсіндіру әдістерінің көптеген логикалық принциптерін де қолданады. Бірақ ғылымды дамытуда, оның теорияларын тұжырымдап, жаңа зерттеу салаларында қолдануда теориялық түсіндірмелердің маңызы ерекше зор.
Философияның ғылымды дамытудағы эвристикалық және болжаушылық рөлі. Дүниеге көзқарастың негізі ретінде философия пайда болған бастапқы кезінен бері адамды қоршаған дүниенің шығуы мен құрылысы, ондағы заттар мен құбылыстардың себептері сияқты т.б. жалпы проблемаларды талқылаумен келеді. Бұл талқылаулардың нәтижесі кейде ғылымның алдағы бірнеше ғасырлар бойғы дамуына жол көрсеткен кейбір данышпандық болжаулардың жасалуына алып келді. Сондай болжамдардың бірі Демокрит ұсынған материяның атомдық құрылысы жайлы идеясы еді. Бұл ілім антик заманындағы алғашқы тұрпайы материалистік көзқарастарға ғана емес, ең алдымен дүниенің өзгерісі мен дамуын теріске шығарған Парменидтің біртұтас өзгеріссіз болмыс туралы іліміне қарсы бағытталған еді.
Дүниенің мұндай бейнесіне Демокрит те қарсы шықты. Ол дүниедегі заттардың бәрі ең ұсақ белшектерден-атомдардан тұрады, әрі қарай одан ұсақ бөлшектерге бөлінбейтін (грекше аtoms -бөлінбейтін дегенді білдіреді) бұл атомдар бос кеңістікте ұдайы қозғалыста болады, өзара түрліше біріге отырып, алуан түрлі заттарды құрады деді. Сөйтіп дүниедегі кез келген өзгеріс сайып келгенде атомдардың түрліше қосылысы болып табылады деп түсінді.
Демокриттің дүниенің атомдық құрылысы жөніндегі бұл данышпандық философиялық идеясы кейін ғылымдар үшін зерттеудің негізгі программасына айналды. Классикалық механика мен физикада атомдар заттың бүкіл массасы шоғырланған материалдық нүкте ретінде түсінілді. Атомдардың құрылысы күрделі екендігі ашылғаннан кейін атомдар бір-біріне қарама-қарсы корпускулалық және толқындық қасиеттері бар элементар бөлшектерден тұратын зерттеу объектісі деп қарастырылатын болды.
Сөйтіп, дүниедегі өзгерістер мен қозғалыстардың мүмкіндігі туралы таза философиялық проблеманың шешілуі бақылауға болатын заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен заңдылықтарын бақылауға болмайтын атомдар мен молекулалардың көмегімен түсіндірудің мықты программасын іске асыруға көмектесті. Осы жолмен физика мен химияда газдың көлемі мен қысымы арасындағы кері пропорциональдық заңын, газдың температурасы мен көлемі арасындағы тура пропорциональдық заңын, химиялық құрамның тұрақтылық заңын, т.б. эмпириялық зандарды түсіндірудің мүмкіндігі туды.
Атомдардың күрделі құрылысы ашылып, заттың массасы мен қуатының арасындағы байланыс анықталғаннан кейін ғалымдардың бұл қуатты адамзаттың мүддесіне пайдалануына мүмкіндіктер туды. Термоядролық реакция кезінде атом ядроларының синтезделу қуатын игеру бүдан зор мүмкіндіктер тудыратыны сөзсіз. Мұның бәрі материяның аса ұсақ бөлшектерінің бар екендігі жайлы адамзаттың таза ақыл-ойынан шыққан философиялық идеялары біртіндеп осындай орасан зор теориялық және практикалық жетістіктерге алып келгенінің айқын дәлелі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет