Жайлау. Саумал желі қарағай басын ырғаған салқын түн. Арғы шеті қараңғылық құшағына астасып, тұтас бетті алып жатқан қалың қарағай. Бергі етегінде шағын ауыл



бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі19,87 Kb.
#157212
1   2
Байланысты:
Қойшыбек Мүбәрак (1)

(Қойшыбек Мүбәрак «Құбыжық»)


... Осыдан отыз жыл бұрын, қайғы қапқан жұт жылы. Жаңа өкімет орнап, ел отырықтана бастаған. Әркім өз шама-шарқына қарай шарбақ тоқып, жер қазып дегендей осы ауылдың іргесі қаланған. Қолда бар аз малды ортақ қазанға өткіздік. Жаңа өкіметтің өкімі солай. Әркімге өзіне тиеселі жұмыс бөлісі. Мен малшы болатын болдым. Қыстауға ­Кеңөзекке шықтым. Бүгінгі Сайтансай деп жүргендерің ол кезде Кеңөзек деп аталатын. Анау Мұқа бастаған біраз жігіт көшіріп апарып тастаған. Әйелім Еркенің аяғы ауыр-тұғын. “Ай-күні таяғанда ауылға алып келерміз” деп қалдырып кетті. Қарашаның соңы еді. Күн суық. Олар кете сала екі күн өтпей қалың қар басты да қалды. Артынан алай да дүлей ақ түтек боран шығып тура қаңтардың аяғына дейін жалғасты. Мал біткен қызыл сирақ болып қорадан өре алмай шетінен қырыла бастады.
... Анау алыста, көз ұшында төменгі сайда менің жаман тас қорам көрінеді қарауытып. Сайдың аузы ары қарай аппақ жазыққа ұласқан. Сүт пісірім өтпей теріскейдің үскірік желі шаға бастады. Алыс жазықтағы ақ қарды ұйтқытып, ақ топалаң қылып аспанға шығарып бері келе жатыр. Жүрегім тас төбеме шығып алдымдағы малды тез жиып үйге қарай қуалай бастадым. Ақ түтек боран, тура маңдайдан ұрып тұр. Алдымдағы қойым қайта-қайта ыға жөнеледі. Көзге түк көрінбейтін түтек. Тек ой жотамен ғана келе жатырмын. Бағыт дұрыс секілді. Ендігі үйге жетіп қалуым керек еді деймін. Үскірік бетті қарып, көзді аштырмайды. Қанша жүргенімді білмеймін, бір сәтте алдымдағы малымнан көз жазып қалдым. Енді жол қиялап емес, жазыққа қарай түскен секілді. Айнала тастай қараңғылыққа ұласып кетті. Шамасы кеш батып кеткен іспетті. 
... Кешегі ақтүтек боран басылған. Күн ашық. Маңайда қарайған мал көрінбейді. Кешегі жүрген жолымның межесімен шатқа қарай біраз жүріп ем, алдымдағы құлама құзға қарай кетіп жатқан шұбырынды ізді көріп онсызда тасталқаны шығып тұрған жүрегім зырқ ете қалды. Жүгіре басып, жардың басына келдім. Құламаның түбінде үйме-жүйме болып үйіліп қатып қалған бір қора қойды көргенде өмірден күдерім бір-ақ үзілді.
(«Сүйек»)
... Айдың суық сәулесі. Аспаннан ба әлдеқайдан құлдилап құлап келем. Қорқыныштан шыңғыра-шыңғыра дауысым бітіп қалған. Құлақ түбімнен суылдаған күшті желдің екпінді үні. Әні-міні жерге жетіп күл паршам шығар деп ойлағанда сұбхным ұшады. Сол қолымда бір зат бар екен. Енді бажайлап қарадым… Буалдыр сәуледен әзер көрінеді… кәдімгі қол орамал. Жоқ қол орамалдың жартысы. Мен қайдамын деп ойландым. Дұрсы қайдан құладым? Мынау не қылған орамал? Төменге қарадым. Қарауытып түбі көрінер емес… құлағыма бірдеңенің үкілеген үні келді. Жан-жағыма жалтақтай бастадым. Менен сәл қиғаш төменде тағы біреу құлап барады екен.
(«Қол жаулық»)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет