Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортагасырлык, философия


бет80/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

III тарау. Ортагасырлык, философия
еңбектері өз уақытындағы ғылыми ойлардың жауһары саналып, ұрпақтан ұрпаққа 
беріліп отырды.
й б н Халдун. Ойшылдың толық есімі ‘абд ар-Рахман бен Мұхаммет, лақап 
аты - Уэлиюддин («Діннің көмекшісі»), Философ текхі эрі ауқатты отбасыдан 
шыққан.
Ғалым ғылым саласының бірнеше саласы бойынша жазған («Фиқһ», ло­
гика, математика, әдебиет, философия, ибн Рушд философиясына түсініктеме), 
алайда оның трактаттарының басым көпшілігі жоғалып қалған. Бізге «Рихлят 
ибн Халдун фи әл-мағриб уа әл-машрик» («Ибн Халдунның Шығыс пен Батысқа 
жасаған саяхаты»), автобиографиялық сипатта жазылған «Кітап әл-‘ибар уа 
диуан әл-мубтада’ уал-хабар фи а’ййам эл-‘араб уал-‘аджам уал-барбар уа ман 
‘асарахум мин зауи ас-сұлтан әл-а’кбар» («Арабтар, берберлер жэне солармен бір 
уақытга өмір сүрген басқа да ұлттар мен ұлы билеушілердің өсиеттері мен тари- 
хи энциклопедиясы туралы кітап»), екі бөлімнен кұралатын: «әл-Мұқаддимат» 
(«Кіріспе»; лат. «Пролегомендер»), ғалымға элемдік танымалдылықты әкелген 
және «Тарих» («Тарих»), ол өзі «Алғы сөзде» көрсеткеніндей, қатаң ғылыми сын- 
ның ұстанымдарын ұстанбай, сол уақытқа мэлім элем мен адамзат туралы барлық 
тарихи ақпараттарды ұсынады жэне солтүстік Африканың жергілікті хальщтары -
берберлер туралы тарихи көзқарас бойынша өте маңызды мәліметгерді айқындап 
жазады.
Кез келген мұсылман ғалымы ибн Халдун ашқан ғылымның барлық маңызды- 
лығын тусіне бермейді. Ибн ар-Раззақ.сынды ғалымдар «Кіріспені» қандай да бір 
саяси трактат ретінде қабылдап, ибн Халдунның еңбегін, ең алдымен, «’Илм ас- 
Сиясатпен» («Қоғамды басқару гылымымен») байланысты деп санаған. Макризи 
секілді тұлғалар философтан қарапайым ғана тарихшыны көрген. Ғасырлар өте 
келе Осман ғалымдары Катиб Челеби, Наима мен Пиризаде оны «тарих фило- 
софиясы» туралы айтуға батылы бармаған, заттар туралы ауқымды көзқарасқа 
ие тарихшы ретінде бағалаған. Сонымен бірге олар оның еңбектеріне терең зерт- 
теу жұмыстарын жүргізбеген. XX ғасырда оның еңбектері тек жекелеген жэне 
бір жақты зерттеушілердің пэні болып саналды. Олар оның «өркениет туралы ғы- 
лымын» кейбір аналогиялық заманауи гуманитарлы пэндермен байланыстыруға 
тырысты.
Еуропада Ибн Халдунның ұсыныстарына ұқсас философтардың көзқарастары 
XVI ғасырдан бастап пайда бола бастаған, алайда тек XX гасырдан бастап 
Арнольд Тойнби секілді ғалымдар Еуропа ойшылдарының идеялары мен ибн 
Халдунның ұсыныстары арасында анық параллельдің бар екендігі жөнінде айта 
бастады. Еуропаның алпысқа жуық ойшылдары ибн Халдун айтқан концеп- 
циялар туралы жазды. Сонымен қоса эртүрлі философтардан аналогиялық ұсы- 
ныстардың бірнешеуін табуымызға болады, мысалы, Гегель мемлекет туралы 
айтқан кезде ибн Халдунның жекеменшік концепциясына («мүлк») жақын кон- 
цепцияны қолданған. В. Дильтей өзінің «рухани» ғылымын құрастырамын деп 
ибн Халдунның өркениет теориясын құрастырудагы жолымен жүреді, Э. Гус­
серль феноменологиясы ибн Халдунның тарих философиясына қатты ұқсас. 
И. Кант ислам ойшылы айтқан парасаттың шектеулігі туралы айтады. О. Конт 
әлеуметтану ғылымын қалыптастыра, дамудың эртүрлі сатылары туралы айта



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет