Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортагасырльщ философия



Pdf көрінісі
бет107/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

III тарау. Ортагасырльщ философия
шының атымен байланысы бар. Бірақ таста бұлар адамға қарағанда азырақ. Соң- 
дықтан бізге тас ештеңе білмейтіндей, ойлай алмайтындай көрінеді.
Әлемдегі заттар тек көрініс қана. Бұл шек қогоды біз заттың мэні, филосо- 
*■ 
фиялық көзқараспен «идея» немесе «архетиптер» дейміз. Құдайға қарағанда 
заттардың мэні - біздің санамызбен жасалған Құдайдың акциденггі көрінісі.
Абсолютті болмыс - метафизиканың басты объектісі. Ол барлық шек 
қоюлардан жоғары. Ол - барлық форманың формасы, барлық істің ісі. Құдай 
1
барлық заттың мэні, сондықтан барлық затта ол туралы білім бар.
Болмыс - адам санасындағы Құдайдың қызмет көрінісі. Осьщан шығатыны 
,5
аш-Ширазидың философиядағы басты тақырыбы - болмыстың бөлінуі. Соны- 
мен, осы бөлінудің бір нұсқасы екі категория болды: «байланыстырушы болмыс» 
’’ 
жэне «жеткілікті болмыс». Бірінші категория предикат объекгісімен байланыс- 
тырады. Мысалы, Аристотельдің белгілі сөзі: «Адам ойлайтын жануар». «Жет- 
і\
кілікті болмыс» жай түсініктен жогары. Осылайша, барлық затты үшке бөлуге 
болады: басқаның сапасы болмайтын түр, «жауһар» деген аты бар, бірақ абсолют- 
ті болмысы жоқ, басқаның сапасы болатьш түр жэне «акциденция» деген аты бар 
жэне соңгысы, басқа затты қажет етпейтін түр, яғни Абсолют немесе Құдай. Осы 
көзқараспен Құдайдан басқасы «байланыс болмысы», Жаратушы болса, Абсо­
лю та жэне Жетілген болмыс.
Болмысты «бөлудің» түрі, барлық ислам философиясына дәстүрлі «мүмкін», 
«міндетті» жэне «мүмкін емес» түр. Егер интеллект болмыстың зат мэні болып 
жэне сол болмысқа ешқандай эсер тигізу мүмкін еместігін байқаса, бұл - «мін- 
детті болмыс». Егер зат болмыс басқа затты қажет етсе, бұл - «мүмкін» болмыс. 
Одан артық, оның заты да мүмкін болып саналады. Кейде «заттылық» «міндетті» 
болып аталуы мүмкін; болмыстың мүмкіндігі «міндетті болмысқа» қатынасынан 
шығады, яғни Құдайға ол мүмкін. Кез келген обьектінің болмысы, Құдай мен 
білімнің болмысына тәуелді. Себебі «Мүмкін болмыстың» мэні белгісіз және 
заттың да міндеттілігі бізге белгісіз. Біз тек оның сипатын біле аламыз. Адамның 
санасы оларды «болмыс» пен «затгы» сипатқа бөледі, соңғысы адамның санасына 
затты танудың шегі. Бірақ «Мүмкін болмысқа» сараптама жасау мүмкін емес, се- 
бебі оның сипаты болмайды, одан артық, аш-Ширази айтқандай, ол оны қажет 
етпейді, себебі оның сипаты мен болмысы бір.
Осылайша, Акхун неміс философы М. Хайдеггердің айтқанынан асып тү- 
сетін, «болмыс» түсінігін бірінші айтатын ислам ойшылына айналады. Бол­
мыс - барлық түсінік арасында анық түсінік, себебі барлық зат «Болмыс мұхи- 
тында» жатыр. Бір уақытта оны түсіну мүмкін емес, себебі ол адам санасына 
қарағанда өте әмбебапты. Бірақ ол түсінік басқа заттарды іштей түсінгенде 
барып анықталады. Болмысты Құдайдың болмысы ретінде қарау керек, ол бір 
нәрсе эр жерде, эр адаммен эртүрлі түсініледі. Яғни Құдай бар деп, Құдайдың 
болмысы деп қарай алмаймыз, бір уақытта оны біз өзімізден ажырата алмаймыз; 
біздің болмысымыз Құдай болмысының бір шуағы шығар. Сондықтан болмыс 
пен эпистема Акхун көзінде жарықты көрсетеді. Осы жағынан заманауи еу- 
ропалық экзистенционализм философиясы С.Х. Насырдың ойынша, «онтология 
пародиясы». Экзистенционализм адам мен Құдай арасындағы қатынастың тү-


123
р[арсы тілді ислам философиясы
сінушілік мэселесін көрсеткен жоқ, оның онтологиясы мен метафизикасы өте
ағылмалы.
Уақытқа келетін болсақ, Молда Садыр адам болмысын екі жерде бір уақытта: 
көлденең жэне тігінен болтанын қарайды. Адам - мэңгіліктің бейнесі, тек осы 
дүниеде уақьггша болып, өлімге кетеді. Осы жақган Қүдай уақыттың көзі ретінде 
адам болмысын жатқызады. Бұл Хайдеггерден басқаша, ол уақыт дүниеде болмыс- 
пен қаралып, ешқандай мәні болмайды дейді. Акхун үшін уақыт - субстанциялық 
қозғалыстың өлшемі. Оны төменнен қараймыз.
Трансценденталдылық Хайдеггерде шекке бармайды, себебі неміс философы 
шынайылықтың мэніне көңіл бөлмейді. Ол метафизика туралы Құдайдың тылы- 
мы деп ештеңе айтпайды. Сонымен, Молда Садр үшін шынайылық Құдай болып 
саналады, шынайылықты түсіну - Құдайды түсіну; Құдайды түсіну - даналық. 
Метафизика Акхун үшін тармақ бола алмайды; ол Алла сияқты жоғарыда тұрады. 
С. Насыр айтқандай, «метафизикамен айтқанда, тек соңғы шынайылық және таза 
қажеттілік нақты болып саналады. Тек Құдай ғана ерікті және қажет, ал адам 
сальістырмалы түр. Сонда неміс ойшылының философиясында Құдайға орын 
жоқ.
Заттардыц құбылысы адаммен байланысты емес, тек олардың болмысымен 
байланысты. Дэл солай, себеп пен шьну болмыстың көрсетілімі, біреуінде себеп 
болса, екіншісінде нэтиже.
Аш-Ширази заттың бастапқы архетипін айтады. Физикалық түрін алады, 
архетип материясымен бір, бірақ сапасымен басқа. Яғни материалды заттар жэне 
архетипті көрсететін заттар бар, олар оған ұқсайды, бірақ шынайылығы аз.
Акхун философиясында маңызды принцип - «жақсының болуы». Оны ашы- 
ғырақ қарайық. Әр зат жаратылған соң төменнен жоғарыға жетіледі. Сол уақытта 
жетііімеген заттың дүниеде деңгейлері бар. Себебі барлық Жаратушыдан шығып, 
өзіне арналған деңгейлер қатарьш өтеді. Жерде жетілмеген адам екі дүниеде жүр- 
ген жан болады; соңғысы адам жанының инетеллектісі дүниеде барын көрсетеді. 
Яғни заттың сапасының бары оның формасының барын көрсетеді, олардьщ ин- 
теллигибельді субстанцияның метафизикалық элемінде бары түсініледі.
Аш-Ширазидің ойынша, материя физикалық элеммен шектелмейді. Бұл -
сипатына байланысты өзін эр жерде, әртүрлі көрсететін материя. Дене материясы , 
бар, жанның да материясы бар, бірақ ол өте сезімтал жэне рухани элем үпіін 
сипатты. Яғни бір дүниеде материя төменгі, екінші дүниеде жоғары сатьща болуы 
мүмкін. Осылай таза интеллектінің дүниесіне барынша жалғаса береді. Басқаша 
материяньщ құрамы жоғары затқа тартылуы мүмкін, мүны материяның формата 
махаббаты деп атасақ болады, себебі ол онымен қатынаста жоғарыта бару үшін 
форманы қажет етеді.
Аристотель мен ибн Сина заттың өзгерісіне сенбеген, себебі егер зат мате­
рия сияқгы өзгерсе де тұрақгы ештеңе қалмайды. Молда Садр үшін барлық зат 
қозғалыста болады, эр мезетте жаңа трансформациямен қақгығысады. Әлем мәң- 
гі қозғалыста болып, онда бэрі өзгереді, субстанция да қоса өзгереді. Акциденция 
оның болмысы мен сапасы тэуелді субстанцияны қажет етеді. Бірақ акциденция 
өзгергенде ақ субстанция да өзгеру керек, себебі Акхун үшін эффект себепке ұқсас. 
Сонымен, субстанция солай өзгереді және расьшда акцидентгі. Тек болмысы тана


124
III тарау. Ортағасырлык, философия
өзгермейді, сондықтан болмыс қана субстанция аталып, затгың моні бола алады. 
Осыдан басқа, өзінің жетіспеушіліктерінен өту үшін әлемде барлық заттар өзгерщ, 
қозғалып отыратыны белгілі. Құдайдың жаратылысы екі рет өздерін қайталатпайды, 
сондықтан Құдай затгардағы жетіспеушілікген арылу үшін, өзінің жаңа жаратылы- 
1
сын көрсету үшін жаңа болмыстың мезетін жаратады. Тек өте үлкен жылдамдық 
материяның қозғалысын байқатпай, нақгылықгы байқауға мүмкіндік береді.
Акхун әлемнің жаратылысының ештеңеден шыққаны туралы айтылымға 
қарсы. «Әлемнің жаратылысы уақыт пен аумақта пайда болды», - дейді ащ- 
Ширази, себебі қозғалысқа байланысты эр мезетте болмыс өзгеріп отырады. Бірақ 
ғылымдарға қарағанда «Калам» архетиптердің өзгермейтіндігін айтады.
Адамзатгың жэне білім сұрақгарында Молда Садр, эл-Фараби жэне ибн Сина 
секілді білгіш, мен білетін бір нәрсе жэне заттьщ болмысы Құдайдың ол туралы бі- 
лімімен бірдей деген көзқарастарын ұстанады. Яғни Құдай - барлық нэрсенің көзі; 
1
біздің көретініміз бен сезетініміз Құдайдың жарығының бөлшегі бар айна немесе 
түтікше; игеру үдерісі білуге себеп болатьш Күдайдьщ жарығынсыз мэнсіз.
Осы жақтан адамның ойлау объекгілерінің бэрінде болмыстың жоғын айту 
дұрыс емес, себебі олардың бәрі болмысты қажет етеді. Егер олар болмысты 
қажет етсе, бұл жоқ делінбейтін болмыс, бұл Алланың бір аты болып саналады.
Бірақ Молда Садрды пантеист деуге болмайды. Ол үшін Құдай барлық іс- 
тен жоғары жэне Қүдаймен бірдей епггеңе жоқ. Бірақ материя мен Құдайдың 
арасындағы байланыс анық. Тіпті, интеллигибельді дүниенің заттары өзі туралы 
біліммен бір болуы мүмкін емес, себебі олардың өзі туралы білімдері толық емес, 
осыдан басқа білімде тек Қүдайға белгілі болмыстық сипат болады.
Қүдайшыл мағынасы философ үшін айна секілді көрінеді, онда ол бүкіл 
заттың мағынасын көрсетіп түрғандай. Онымен қоймай осы көрсетілімге қарай 
архетип, заттар жэне форма заттардан Қүдай қалаған затын корсете алады. Басқа 
жағынан бүкіл затты оның бүкіл жаратылысынан коре алатын болғандықтан 
барлық заттың болмысын білетіндей.
Білімнің екі түрі бар - иемделген» («хүсүли») жэне «ішкі» («хүдүри»), «Іш- 
кі» білім үшке бөлінеді: заттардьщ өзін білу, эффект себебін білу, себептен пайда 
болтан. Заттарды тану ол үшін потенциалды болмыстан өзекті және аналогиялық 
теңдігінің жоғарылауынан көрінеді. Заттарды білетін адам өз өміріндегі теңдіктен 
жоғарылайды жэне жоғарғы заттарды түсіне біліп, бір арнада түйіседі.
Адамның басқа затты тануы немесе «қолда бар» нәрсе туралы айтсақ, бұлар 
адам жанында кескінделмейді. Адам микрокосмос болса, өзінде бүкіл болмысты 
сақтаса оның білімі Құдайды тануға жетсе, ал Құдайды білу объективті («әл-уд- 
жуд әл-‘айни») форманьщ бар екенін көрсетті. Ал бірақ адам жаны Құдайды еске 
түсіретін күшке ие; жанды түсіну де форманы көрсетеді, жанға онтологиялық тұр- 
ғыдан «сүйенеді», дэл осылай жан Құдайға сүйенеді.
Молда Садрдың ойы бойынша, жер жүзінің болмысы ең бірінші Қүдайды 
тану; теңцік формасы сонан соң космологияльщ жан, форма тереңдігі, материя, 
адамды тану аналогия деңгейінен басталады, кері тізбекте физикальщ сезім мү- 
шесі, метафизикалық формалар, олардың ішіндегі ең жоғарғысы - интеллектуал.
Жан мәселесіне де Молда көп көңіл бөлді. Ол үшін метафизика немесе 
Құдайды тану сияқты мәселе болатын, жан оның ойынша, бөліп қарауға болмай-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет