Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 5 2 V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия



Pdf көрінісі
бет223/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

2 5 2
V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
Екінші топтама - әл-Афгани, Мұхаммад Абдо сияқты ойшылдардың филосо- 
фиялық-діни жэне діни-реформаторлық іс-әрекеттерімен байланысты мәселе- 
лерді қарастыруға арналған. Үшінші топтамада әл-Афгани, М. Абдо есімдерімен 
қатар, Мұстафа Абдел Разекке де назар аударылып, діни модернизм мен тради- 
ционализмнің (дэстүршіліктің) арақатысы туралы сөз қозғалады. Төртінщі 
топтама қазіргі Египет идеологиясына қатысты (Гамаль Абдель Наср).
«Мұсылман философиясы» кітабында негізінде үш идея бар: 1) мұсылман фи- 
лософиясының түпнұсқалығы, оның өзінің грек жэне христиан философиясынан 
айырмашылығьш көрсететін ерекшеліктерінің болуы; 2) ресми философ болып 
табылмайтын эл-Афгани жэне М. Абдо сияқты ойшылдардың XX ғасырдағы фи- 
лософияға қосқан мұсылмандық уағыз үлестері; 3) Египеттің (50-жылдардың 
соңынан кейінгі) өзінің рухани мүрасына негізделген, бірақ та қазіргі Египетте 
қогамдық қозғалыстарға сай шығыстық және батыстық идеяларды пайдалануға 
қабілетті жеке идеологиясының болуы.
О. Амин мұсылман философиясын былайша анықгайды: «Мұсьшман фило­
софиясы деген сөздің астарынан Х-ХІІ ғасырлардағы әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн 
Рушд сияқты классикалық философтар жэне де Мұхаммад Абдо мен Мұхаммад 
Икбал сияқты қазіргі кездегі философтар ұстанған Құдай, адам, универсум туралы 
жалпы доктриналарды түсінемін».
Ол мұсылман философиясын, ең алдымен, Аристотельді жэне жаңа платон- 
шьшарды түсіндіру деп қарастыратын мұсылман философиясына деген еуро- 
центристік көзқарасқа ашық және өткір қарсы шығады. «Мұны негіздеу» ретін- 
де ол христиан философиялық түпнүсқалығы да таласқа түскен деген неотомист 
Жильсон сөзіне сілтеме жасайды. Мұсьшман дүниетанымындагы грек филосо- 
фиясының маңызды элементтерін жинақтағаны тарихтан белгілі, сондықтан 
да бүл жагдайды есепке алу мұсылман философиясын түсіну үшін өте маңыз- 
ды. Өйткені Аристотель, Платон, Стоик жэне Плотин - адам ойының коптеген 
шьшайы шеберлері.
О. Аминнің пікірінше, орта ғасырда кез келген грек философтарының еңбегін 
тауып алу жэне олардың шығармаларының кез келген аудармалары мүсылмандар, 
христиандар мен еврейлер көз алдында «жаңа әлемді ашу» болып табьшады. Бірақ 
та осы арада О. Амин принципті ескертпе жасайды: «Мұсылман философиясы -
бұл бір басқа да, ал грек философиясын жай ғана ассимиляциялау бір басқа».
О. Амин, толықтай алғанда, мынадай екі кезеңге жинақталатын мұсылман 
философтарының сіңірген еңбектерін қарасгырады: 1) олардың «ал-таухидты» 
(болмыстың бірліктігін) жэне оның жаратудың үстіндегі Қүдайдың трансцен- 
дентті доктриналарын негіздеуі; 2) дін мен философияны келістіруге әрекеттену 
(ибн Рутттд үлгісі). Ол араб философтарының бидуализмі, олардың мұсылман тео- 
логтар, сонымен қатар Платон, Стоик пен Плотин көзқарастарынан айырмашы- 
лығы мәселесіне келіп тірелетінін атап көрсетеді. О. Амин пікірінше, барльщ мә- 
селе Декарт, Паскаль, И. Абдо түсінігіндегі «адам болуда» екен. Араб-мұсылман 
философтарының стоиктерді, Зенонды жэне басқа да Батые философтарын қалай 
қабылдағаны туралы ол қызық пікірлер айтады. Мұсылман философиясының 
Батые ойына кері эсерін сипаттауда ол бірталай философтарға сілтеме жасайды. 
Исламдағы рационализм туралы мэселеге келгенде, О. Амин эл-Афгани аузымен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет