Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Дәсгүрлілік пен жандшылдьщ философиясы



Pdf көрінісі
бет258/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Дәсгүрлілік пен жандшылдьщ философиясы
2 8 7
Ащы суға тойдырьш,
Буза ма деп реңін,
Адыра қалғыр заманньщ 
Мен жаратпаймын сүреңін!100
Мұраттың бұл әлеуметтік ойлары бүгінгі заман тынысымен де үндесіп 
жатқандай. Ақынның қоғамдағы құбылыстардың даму барысын болжай білгенін 
пайымдаймыз. Түйіндеп айтар болсақ, зар заман ақындары, олардың әлеуметгік- 
философиялық дүниетанымы, ойлары, қазақ халқының, ұлтының, қоғамдық сана 
сезімінің қалыптасуына, қоғамдық ойдың дамуына, кейінгі ұрпақты гуманистік, 
ұлтжанды рухта тэрбиелеуге үлкен эсерін тигізді. Бұл ақындар заманыньщ адал 
перзенттері, халықтың тілеуін тілеген, ел іргесінің шайқалмай, бірлікке ұюын, ру- 
хани қазынасын көздің қарашығындай сақтауды үндеген, қарапайым бұқараның 
мұңын мұндаған, жоғын жоқтаған, көкірегі шерлі азаматтар еді.
«Рулық тартыстардан жоғары тұратын ұлттық, халықтық дэрежеге көтерілген 
ой толғауларымен, «қарағай басын шортан шалар» заманның көрсеткен құқай- 
ларын, келешекте кезіктірер кесапатьш көрегендікпен, асқан сезімталдықпен 
болжай алуымен, халық тағдыры, оның басына түсетін тауқыметін ойлап, қабыр- 
ғасы қайыса, көкірегінен жальш ата «аһ» ұрумен қымбат»101. Олар ел басьша күн 
туған тар заманда отты жырларымен ой тастап, өз үнін танытқандығымен, қазақ 
елінің жау жүрек қайраткер ұлдары болғандығымен қымбат.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Дулат ақынның әлеумеггік философиясының мәні неде?
2. Шортанбай ақьшның заман туралы ойларын қалай сараптайсыз?
3. Мурат ақынның әлеуметтік философиясыньщ мэні неде?
4. Зар заман ақындарьша ортақ дүниетанымдық негізді айқындап беріңіз.
Дәстүрлілік пен жаңашылдық философиясы
Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық 
ағарту ісін ұйымдастыру жэне басқаруда ілгерілеу байқалды. Аймақтың халық- 
тары тағдырында осы тарихи бетбұрысты байыптап ұғынуға деген қоғамдық 
қажеттілік туды. Ол қажеттілік XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болған 
жэне қоғамдық сананың дамуында жетекші рөл атқарған ағартушьшық-демо- 
кратиялық ой түрінде көрініс береді.
Қазақ еліндегі ағартушылық-демократиялық ойдың мэнін түсіну үшін мына- 
дай методологиялық жэне теориялық қағидаларды ескеруіміз қажет, біріншіден, 
қарастырылып отырған ағартушьшық идеология нақгы-тарихи шындық бо- 
лып табылады. Ресейге қосылу, оның мэдениетімен кең танысу жэне сол арқы- 
лы еуропалық өркениеттен сусындау Ресейге бодан кезеңінің нәтижесі болып 
табьшғанымен, қазақ ағартушылығы дүниежүзілік ағартушылық ойдан оқшау- 
ланбай, керісінше, онымен ортақтастыққа XIX ғасырдың екінші жартысы мен
100 Досмұхамедұлы X. Аламан. - Алматы, 1991. - 110-6.
101 Бсйсенов Қ. Қазақ тарихында қалыптасқан ғаклиятты ой кешу үрдістері. - Алматы, 1994. - 156-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет