Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 9 4 V III тарау. Крзак, философиясы



Pdf көрінісі
бет265/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

2 9 4
V III тарау. Крзак, философиясы
талмай еңбек етті. «Кел балалар оқылық», «Өнер білім бар жұрттар» сияқты 
өлеңдерінде жастарды өнерге, білімге шақырады. Ыбырай ағарту ісінің тек на- 
сихатшысы ғана емес, сонымен бірге аса көрнекті үйымдастырушысы болды. 
Қазақ даласында білім бұлағы болатын мектептермен қатар өндірістік кэсіпке 
кадрлар дайындайтын арнайы техникалық-кәсіптік оқу орындарын ашу жөнінде 
мәселе қояды. Бұдан Алтынсариннің өндірістің қоғам өміріндегі рөлін жоғары 
бағалағандыгы көрінеді. Кейбір зертгеулсрде ағартушылар сияқты Ыбырай да 
оқыту, ағарту ісі қоғам өмірінде шешуші фактор болатындығын мойындаған де­
ген біржақты тұжырымдар жасалады. Мұндай пікірді марксизм методологиясын 
сыңаржақтылық тұрғыдан дәріптеу деуге болады. Шыңдығында, сол кездегі қазақ 
елінде ағарту жэне сол арқылы өнеркосіпті дамыту ісінен басқа қандай жол бар 
еді? Айталық, қазақ журты көтеріліс жасап патша үкіметін құлатып, байларды 
жойды дейік. Сонда басым көпшілігі сауатсыз қалың кедеи өндіріс кэсібі жоқ 
елде жоғары дәрежелі, эділетті қоғам құра алады деп айта аламыз ба? Әрине, жоқ. 
Ендеше Ыбырай айтқан ағарту ісі, өндіріс кэсібінің өркендеуі сол замандағы қазақ 
халқы үшін бірден-бір дұрыс жол еді.
Ұлы ағартушының істеген ісінен, шығармаларынан өз халқына деген зор 
махаббаттың үлкен қамқорлығын көруге болады. Н.И. Ильмиискийге, В.В. Ката- 
ринскийге жазған хаттарында қазақ халқының көңілі ашық, қонақжай, мейірімді 
екенін, жаңаша талпынғыш білімге құштар жүрт екенін үлкен сүйіспеншілікпен 
айтады. Халқының өзіндік мэдениетінің дамуын аңсайды, тілінің бөтен тілмен 
шұбарланбай таза болғанын тілейді.
Н.И. Ильминскийге 1862 жылы жазған хатында: «Молдалар өздерінің 
адам басын қатыратын ерекше қасиеттерінің үстіне қазақтың табиғи тілін де 
бұзып жүр»113, — деп реніш білдіреді. Сонымен бірге Ыбырай қазақ халқы басқа 
халықтармен ынтымақтастықта болуын жэне олардың мәдениетінен үлгі алуы 
керектігін эр уақытта уағыздап отырды. Ыбырай толығымен ағартуды жақтады, 
мектепті діннің ықпалынан ажырату үшін күресті.
Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарына шынайы да терең демокра­
тизм, өз халқының мүддесін қорғауға деген ұмтылыс тэн. «Қырғыз қайғысы» 
деген жазбаларында ол 1868 жылғы колониалды қанауды күшейту мақсатында 
жасалған экімшілік реформасына наразылығын білдіреді. Халыққа пайдалы 
реформа қандай болу керек деген сүраққа берер жауабы Шоқан Уэлихановтың 
«Сот реформасы туралы» жазбаларындағы ойларына жақын. Тарих пен қоғамдық 
кұбылыстар, қоғамды өзгерту жолдары туралы мәселеде Алтынсарин ғылым мен 
ағартушылыққа, олардың түрленуші күшіне сенім бшдіреді.
Қазақ ағартушылыгында қазақ халқының бүкіл прогрессивті мэдениеті тари- 
хында үлкен орын алған - ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы 
(1845-1904) болды. Оның шығармашылық мүрасы өлең, поэма, философиялық 
проза мен аудармалардан тұрады. Абай — қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің 
негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық 
кесірді эділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық 
мэселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай өз заңдары бойынша
113 А лтынсарин Ы. Таза бұлақ. -А лм аты , 1988. - 195-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет