Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Дәстурлілік пен жандшылдьп$ фнлософиясы



Pdf көрінісі
бет262/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Дәстурлілік пен жандшылдьп$ фнлософиясы
2 9 1
Ды. Қазақ жүртына бұл молдалардың айтып жүрген уағыздары «ой мен сезімнің 
дамуын тежейтін өлі схоластикадан басқа ештеңе экелмейді»104, - деп көрсетеді. 
Кейбір ислам дінін жақтаушьшардың Мухаммед ілімін тазартуға болады деген 
пікірлеріне қарсы шығып, онда ешқандай реформа болуы мүмкін емес дейді105.
Шоқанның прогресті халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақса- 
руының тікелей байланыстыруы106 қоғамды дұрыс философиялық тұрғыдан 
түсінудің бірден-бір белгісі деуімізге болады. Сонымен бірге III. Уэлиханов қоғам- 
ның топқа, жікке бөлінетіндігін, үстем топтың мүддесі қалың бұқараның мұң- 
мұқтажына қайшы келетіндігін атап көрсетеді107. Сонымен бірге Шоқан халық 
өзімен ғана тұйықталып, жекеленіп өмір сүруі керек деген ойдан аулақ. Керісінше, 
еуропалық, жалпы адамзаттық мэдениетгі меңгеру қай елдің болмасын алдына 
қоятын мақсаты болу керек деген ойды қолдайды. Әрине, еуропалық мәдениетті 
меңгеру үшін қазақ халқы ағарту мэселесін іске асыруы қажет. Бұл регге қазақ 
жұрты үшін орыс мэдениетінің маңызын Шоқан ерекше жоғары бағалады. Осы 
себептен де көптеген мақалаларында қазақ даласында орыс мектептерін ашу- 
ды, басқа да білім ошақтарын көбейтуді кеңес етеді. Қазақ жерінде дәрігерлік 
жағдай мен жэрдемнің төзімсіз екендігіне қинала көңіл аударады. Алғашқы кез- 
Де осы қиыншылықтардың бэрін патша үкіметі шеше алады деп сенді. Ресейдің 
мэдениеггі көтермелемек тэсіліне үлкен үміт артады. Шоқан Ресейдің оқу орнын 
бітіріп, Еуропадағы ғылыми жетістіктерді жақын меңгерсе де ез халқынан ажы- 
рамады, халқының мұңын, әсіресе қальщ бұқараньщ жоғын жоқтады. Г.Н. Пота­
нин Еуропаға кұштарлық Шоқанды өз халқынан ажырата алмады, керісінше, ол 
тәрбиеленген еуропалық рух өз елінің қызметшісі болуын міндеттеді деп жазды108.
Ресей үкіметінен нэтижелі істер күткен Шоқан бірте-бірте үмітін үзе 
бастайды. Әсіресе генерал Черняевтің жорығына қатысқан ол орыс әскерлерінің 
отаршылдық озбыр істеріне наразылық білдіріп, қызметтен отставкаға шыгып, 
ел ішіне кетеді. Н.М. Дцринский Шоқан туралы естелігіндс: бұратана халықтың 
өкілі цивилизация нэрін татып, білім алса да, бөтен мэдениет халқының ырқын 
ығыстырғанын көзімен көргенде, біржақты ықпалдьщ болашағьша сенбей, өз 
жұртына оралуды жөн көрді дейді109.
Қоғамды ұйымдастырудьщ жолдары мен әдістерінде Ш. Уэлиханов экімшілік 
жолымен жасалатьга реформаға шешуші мәселе деп қарады. Сондықган огаршьш 
өкімет орындарына бірнеше рет өз ұсынңстарымен барып та жүрді. Н.Е. Чер- 
нышевскийдің «Философиядагы антропологиялық принцип» атты Батыс Еуропа 
экономистерінің, оның ішінде С. Милльдің идеяларын қарастыратын еңбегін- 
Дегі автордың реформа мәселелеріне көзқарастарын қолдауы көңіл аударарлық. 
Уәлиханов соңғысының жұмыстарымен де жақсы таныс болтан. Чернышевский- 
дің ойьш дамыта отырып, реформа қарастырылып отырған әлеуметгік қауымдас- 
тықтың түрмыстық, үлттық, тектік-топтық, психологиялық жэне салт-дәстүр 
ерекшеліктерін ескеруге тиіс деді.
т
Валиханов Ч.Ч. О мусульманстве в степи. - Алматы, 1985. - T. 4. - С. 71.
105 Валиханов Ч.Ч. Записи о судебной реформе. - Алматы, 1985. - С. 102
106 Там ж е .- С . 87.
107 Там ж е .- С . 77-78.
108 Там же. - С. 102.
109 Ядринцсв Н.М. Воспоминания о Чокане Валиханове. - Алматы, 1985. - С. 98.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет