Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Kfi3ag философиясы кдлыптасуыныц тарихи ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет232/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Kfi3ag философиясы кдлыптасуыныц тарихи ерекшеліктері
261
Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуының көп 
сатыларында экономикалық мүдцслер мен саяси қызметке қарағанда филосо- 
фиялық, этикалық, діни жэне т.б. проблемалар алдыңғы орынға шығады. Олар 
- азаттық жэне адам еркіндігі, діни сенім жоне ақыл-ой, өмір сүру жэне адамгер- 
шілік қасиеті, бостандық керек болса, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» 
«алтын ғасыр», «ақыр заман» туралы жэне басқа мәселелер.
Қоғамдық ойдың көптеген мәселелері өзінің ауқымы жағынан ұлттық шең- 
берден асып жатады. Мэселен, ағартушылық бағыты таза ұлттық қасиетке 
ғана ие емес. Сондай-ақ оның түрлі үлттық ерекшеліктері әлемдік жалпылық- 
пен астарланып жатады. Қазақ ағартушысы - жалпы ағартушылықтың бір тү- 
рі, оның ерекшеліктері - ұлттық мәселені басты проблема етіп қоюы, қоғамдық 
практикамен тығыз байланысы; атеизмге үласпаған антиклерикалдық бағыты.
Соңғысы жалпы ағартушылықтың әлеуметтік табиғатына сай. Жаңадан 
қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының ой-өрісін көрсете отырып, бұл 
ағартушылық халықтың ұлггық сана-сезімін оятуға, оның бостандыққа, руха- 
ни азаттыққа жетуіне жәрдемдесті. Оның Қазақстанда қалыптасып, дамуына 
негіз болтан демократиялық элементтері, халықтың ауыз әдебиеті мен фоль- 
клоры феодализмнен капитализмге өту барысында шыққан. Жалпы әлемге тән 
ағартушьшыққа келетін болсақ, ол алдымен кейбір заманның әлеуметтік-саяси 
жэне идеологиялық сүранысына сойкес белгілі бір аймақта пайда болып, басқа 
аймақтарға тарай береді.
Қоғамдық ойдың үлттық және әлемдік қарым-қатынасы қазіргі заманда, әлеу- 
меттік қақтығыстар мен мемлекетаралық қайшылықтар бүкіл адамзатты қамтып 
отырған кезде, ең маңызды мэнге ие болып отыр. Оның әлеуметгік жэне мәде- 
ни-психологиялық алғышарттары ретінде қоғамдастықтың қалыптасуын атауға 
болады. Қоғамдастық - бұл өзінше бір тарихи институт, оның пайда болуы арқы- 
лы қоғам өз мэніне ие болуға қабілетті деп қарау керек. Осы үғым - қоғамды 
қүрупіы күштердің әлеуметтік белсенділігін, өзін-өзі көрсете білуінің бейнелері.
Біздің ойымызша, қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. 
Олар - қоғам, қоғамдастық жэне қоғамдық пікір.
Осы мәселе жеке бір зерттеуге тұрарлық. Қоғамдық ой білімді, сананы жэ­
не өзіндік сананы қамтиды. Сана мен өзіндік сана білімге үзеңгілес, сонымен 
бірге оның түрлері болып та келеді. Білім - сананың өмір сүру тәсілі, ал өзіндік 
сананың қасиетті кезеңі жэне оның даму барысының эр кезеңіндегі ең жоғарғы 
шыңы.
Қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде осы аталтан үшеуінің бірі алға пгы- 
ғып, жетекші рөл атқарады.
Қоғамдық ойдың бір бөлігі ретінде халықтық философияны жэне халықтық 
саяси көзқарастарды айту керек. Алдыңғы қатардағы идеяларының эсерімен ой- 
шыл күнделікті көрген-білгенінен терең де ауқымды ой жүйесін қүрайды. Нэти- 
жесінде жоғары деңгейдегі ойлау шеңберіне көтеріледі, сөйтіп, оқиғаларға фило- 
софиялық, логикалық жэне ғылыми көзқарас қалыптасады.
Қазір философия мен қоғамдық ойды бөліп қарамау белең алып кетті. Әсі- 
ресе қазақ философиясы тарихына арналған 50-80 жылдардағы зерттеулерде осы 
көрініс орын алды. Философия тарихы өзінің сапалық өзгешелігінен айырылып, 
саяси идеялар тарихы және сол сияктылар төңірегінде қалып қойды. Бұған себеп




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет