Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


'X'ypKi тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет112/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

'X'ypKi тілді ислам философиясы
129
деп, ол табиғатпсн де тілдесе білген. Сондай-ақ Көк Тэңірі - аруаққа сыйыну туа 
бастайды. Бұл кезде тайпа көсемдерінің бэрі де аруақты адам болып саналған. 
Бұд бірте-бірте ата-баба аруақтарына сыйынуға, ата-баба рухына табынуға алып 
келген. Қазақ аңыздарында аруаққа сыйыну осы Қорқыттан басталады. Аталық 
қоғам салты, шамандық наным-сенім жырдан үлкен орын алған. Оларда діннен 
гөрі музыканы қастерлеу үстем болған. Оғыз батырлары жауға аттанарда қобыз 
байлап жүретін болған. Қобыз шаманизм нанымының басты рэмізі болса, көш- 
пенді елдерге тэн бұл әдет-ғұрып «Қорқыт ата кітабында» жиі кездеседі. Қорқыт 
ясырларында батырлық пен әсемдік, нэзіктік пен сұлулық қобыз сарынымен үн- 
десіп, үлкен бір философиялық ой-арнаға алып келеді. Табиғаттың тылсым күш- 
терін, адам жанының көңіл күйлерін, сезімін ¥л ы бабамыздың қобыз ішегімен 
аса бір нәзіктікпен жеткізе білгендігіне қайран қалып отырамыз. Қорқыт түркі 
халықтарына ортақ философ, музыкант ретінде Шығыс Ренессансы үшін де аса 
көрнекті тұлға болды. Қорқыт қайда барса да өзінің Желмаясына мініп, ел ке- 
зіп жүреді. Қайда барса да, алдынан екі адам кездесіп, көр қазып жатады. Қор- 
қыт оларға: «Бұл кімнің көрі?» - деп сауал қойса, олар: «Қорқыттың көрі», - деп 
жауап қатады. Ақыры, ол суда ажал жоқ дсп Сырдарияға кілем төсеп, қалған ғұ- 
мырын су үстінде өткізбек болады. Бірде Қорқыт қалғып кеткенде, оны жылан 
шағып өлтіріпті дейді. «Қайда барса да Қорқыттың көрі» дегенде, Қорқыттың өз 
басының ғана емес, сол өз заманындағы аталық қоғам арасындағы қайшылықтар, 
әділетсіздіктер Қорқытты осындай пессимизмге алып келді деп түсінуіміз керек. 
Яғни адам өмірін мэңгілік жасау аңсары өзекті идея іспетті. Бұл - ете бір фило- 
софиялық астары бар ұғым. Адам өлген соң қайта өмір сүреді деп ойлаған болса, 
бақсылар Қорқытты дүниеге өлмей, тірі кетті деген. «Өлі десем, өлі емес, тірі де- 
сем, тірі емес» деген сөз осыдан қалған. Бұл ұғымның ізі Шоқан келтіретін «Өлі 
мен тірінің достығы» деген ертегіде де бар.
Сонда ата-баба күшіне сыйынған Қорқыт «пендеге өлім парыз» дейтін ислам 
идеясымен келіспегендігін көрсетеді. Қорқыттың өлімге қарсы күресуі, одан кұ- 
тылудың жолдарын іздеп:
«Кокке ұшқан құс жылайды,
Кеп жасаған карт жылайды.
Аспандағы ай жылайды,
Алты жасар бала жылайды», -
деп айтуынан біз өлімге дауа іздеген Қорқыт философиясын танимыз.
Болмаса (Семетейдің түсі): «Ақсақ құлан» эңгімесіндегі мына жолдарға назар 
аударайық:
«Терек түптен тербелді,
Теңіз түптен шайқалды.
Терек түптен жығылса,
Кім тұргызар, уа, ханым?
Теңіз түптен бұлганса,
Кім тундырар, уа, ханым?..»
Бұл екеуінің де үлкен философиялық құпия мэні бар: екеуі де - қорқыныш- 
тың, үрейленудің ссзімін ақылмен жеңу туралы, соны әдемі тілмен айтып жеткізу.


Жалғыз-ақ қорқыныш (өлім) біреуіне түс болып кірсе, екіншісіне (ханға) атақтьі 
жыршының қобыз үнімен, жүйелі сөзбен жұмбақтап айтқан түрде кездеседі. Де- 
генмен Қорқыттың Тэңіріні мойындағанын мына нақыл сөздерінен байқауға 
болады: «Тэңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуын- 
сыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен 
жаның кетсе, ол қайтып келмейді».
Қорқыт ата шығармалары уақыт өте келе өзгеріске түсіп, ежелгі шамандық 
миф басқа жанрға ауысып, ескі идеяны жаңа тұрғыда, оған адам мен ажалдың, 
өмір мен өлімнің күресі деген терең философиялық мэн бере баяндайтьш көркем 
туынды болып шыққан.
¥лы жазушы Мұхтар Әуезов: «Қазақ музыкасының атасы Қорқыт туралы 
әпсананың философиялық мазмұны өте терең. Ажалды тоқтату мүмкін еместі- 
гін мойьшдағысы келмеген Қорқыт жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына ке- 
теді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады; 
содан қорқып, қарағайдан бірінші рет қобыз жасап, жер бетінде бірінші болып 
күй тартады. Сөйтіп, өлмеудің амалын өнерден табады»32, - деп жазды.
Міне, көріп отырсыздар, қазақ аңыздарындағы Қорқыт бейнесі - енді өлім- 
нен қашқан жан емес, керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай 
бір құдіретгі күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан рухани алып тұлға. 
«Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі түгел ұйып тыңдайды. Сарыарқа андары 
да Сырдарияның жағасына шұбырып келіп, Қорқыт күйін тыңдайды. Сырдария 
ағысын тоқтатыпты, үстіне төселген Қорқыттың кілемі суға не ағып, не батып 
кетпей, көп заман су ортасындағы кемедей қалқып түрып алып, Қорқытқа өлім 
келтірмейтін арал болыпты»33, - делінеді аңызда. Күй тартып отырған Қорқытқа 
ешқандай ажал жақындай алмайды, ажал күйден, күй тартушыдан өзін әлсіз сезі- 
неді. Қорқыттың әлсіреген шағын күтеді.
«Көп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып кете- 
ді. Қорқытты ізіне түсіп аңдыған ажал сол кезде қайрақ жылан күйінде жорғалап 
кілемге келіп шаққанда, Қорқыт осыдан ауырып өледі»,34 - дейді халық сөзі. Со- 
ның өзінде де ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлім- 
ге деген көзқарасын, «өлім айтып келмейді» деген философиялық түжырымның 
негізін көреміз. Аңыздың аяқталуы, жалпы мазмүны қайғылы болғанмен, оның 
идеясы, рухы жарқын эрі оптимистік. «Қорқыт өлгенмен, жеңілген жоқ», - дейді 
аңыз. Өйткені ол, біріншіден, ашық күресте мұқалған жоқ, екіншіден, оның күйі 
әлемге тарап, өлмес қасиетке ие болды. Демек, халық өзінің аңыздары арқылы 
«Дүниеде өлмейтін нәрсе - адам еңбегі, оның өмірі» деген философиялық ойды 
түжырымдайды35.
«Қазақ фольклорының қайсыбір туындыларын алмаңыз, адамның елі, же- 
pi үшін күресіп, оның талантын, қабілетін, ерлігін, көркемдігін, әділеттілігін, 
адалдығын негізгі өзек етіп ала отырып, жеке басының мүддесі үшін емес, ел 
мүддесі үшін жасалған үлкен іс қана адам өмірін ұзартады деген ой айтып, фи-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет