Түркі тілді исламфилософиясы 133 Жүсіптің қазақ жэне қырғыз халықтарына жақын скені білінеді. Түрік жұртының
ерлік, батырлық рухын көтеру тұрғысынан «Манас» пен «Құтты білік» арасында
айқын ұқсастықтар бар.
Зерттеушілер, әсіресе Баласағұн поэмасындағы «Шығыс Ренессансы» идея-
ларымен байытылған өткір, өзекті эрі эмоционалды айқын өмір философиясына
назар аударады. Жеке халықтың тілі мен мэдениетін жалпы адамзат мэдениетінің
күрделі тұтастығынан, шетсіз-шексіз диалог жүріп жатқан үлкен тарихи уақыттан
тьіс түсінуге болмайды; Мәдениетгің үлы туындыларының өзі де осындай үлкен
уақытқа ғана сияды емес пе?
Үлкен уақыт деңгейінде жекелеген мэдениет құбылыстарына халықтар
мен ұлыстардың, жекелеген мэдениеггердің ғасырлар мен мыңжылдықтардағы
өзара түсінісуіне адамзат мәдениетінің күрделі бірлігіне көшу айдыны ашылды.
Орта Азия халықтары әдебиетіне іттттей жэне сыртгай эсер еткен сансыз байла-
ныстарды ескере отырып, Н. Конрад: «Орта Азия халықтарының мәдениеті, оның
ішінде эдебиеті де орта ғасырлардағы иран жэне түркі халықтары мәдениетімен
олардың өз заманында жалпы әлемдік әдебиет атаулының шыңы болып саналған
бай эдебиетімен тарихи түрғыдан байланысты болса, өз кезегінде бүл халықтардың
мәдениеті жэне араб, үнді мәдениетімен тығыз байланыста болған»38, - деп жазды.
«Құтты біліктің» Еуропа әлеміне эйгілі болуы австралиялық шығыстанушы
Фон Хаммер Пургшталь есімімен тікелей байланысты. Ол 1796 жылы Ыстамбұл
қаласында аталмыш қолжазбаны қолға түсіріп, Вена кітапханасына сыйға тартқан
болатын. Еңбекті алғаш рет неміс тілінде жарыққа шығарған белгілі шығыстанушы
Г. Вамбери 1891-1910 жылдары дастанның түпнұсқасымен қоса, оның немісше
аудармасын жариялаған. В.В. Радлов еңбегінен кейін ғана поэма шын мэнінде
ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады. Дастанның үзінділерін алғаш рет орыс
тіліне аударған С.Е. Малов, 1971 жылы Н. Гребнев «Бақытты болу ғылымы» де
ген атпен дастанның еркін аудармасын жасады. .1971 жылы К. Керимов «Қүтты
білікті» өзбек тіліне аударды. Ал дастанды 1986 жылы қазақ тіліне Асқар Егеубаев
тэржімалады. Үш қолжазбаның (Вена, Каир, Наманган) мәтіндерін сын елегінен
өткізіп, елеулі еңбек еткен Р.Р. Арат 1947 жылы дастанның ғылыми тұрғыдан бір
ізге түсірілген желісін жасап шықты. «Құтты біліктің» толық мэтінін «Рақатқа
жетелейтін ілім» деген атпен 1983 жылы орыс тіліне аударған - С.Н. Иванов.
Дастанның академиялық деңгейдегі басылымы академик А.К. Кононовтың ре-
дакциясымен жекелеген жайттар туралы мақаласы С.Н. Иванов редакциясымен
бірігіп жарық көрді. 1970 жылы қазіргі Санкт-Петербург қаласында «Қүтты
білікке» арнайы өткізілген IV түркологиялық конференцияда осы ескерткішті
жүйелі түрде жан-жақты терең зерттеу қажеттігін атап көрсетті.
Баласағұн шығармашылығын жэне оның еңбегі жазылған дэуірді зерттеуді ісі
аса көрнекті орыс шыгыстанушылары В.В. Бартольд, С.Е. Малов, белгілі тарих-
шылар эрі әдебиет танушылар Е.Э. Бертельс, А.Н. Самойлович, А.Н. Кононов
жэне т.б. галымдар арқьшы ойдағыдай жалғасын тапты.
А.Н. Кононов «Қүтты білікті» философиялық шығарма деп айтады. С.Н. Ива
нов: «Дастанның философиялық негіздері зерттеуді қажет етеді», - деп ескертеді.
“ Конрад Н. Октябрь и филологические науки // Новый мир. -1 9 7 1 . - № 1.