Жалға алынған негізгі құралдардың есебі


а) жер учаскесінің бастапқы құнына



бет10/25
Дата30.12.2021
өлшемі62,88 Kb.
#106950
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Курстық Жұмыс Жұмағұлова Ақбота 4курс
«География» п нінен 4-то сан а арнал ан жиынты ба алауды тапсы, 10.03, Презентация
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:

Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісімшартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі.



ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына: Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі).

Мысалы: кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үйді 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында төленген шығыңдары 25000 (жиырма-бес мың) теңге (салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің төлемдері сомасы). Үйді бұзуға кеткен шығын 40000 (қырық мың) теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 20000 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, сатып алынған жердің бастапқы құны 560000 (бес жүз алпыс мың) теңгені құрады (500000+25000+40000-20000+15000=560000 теңге). Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:

  • үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлес ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;

  • ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;

  • ұйымдар негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдап-тапсыру актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет