Жалға алынған негізгі құралдардың есебі


Заттық құрамына қарай негізгі құралдар



бет7/25
Дата30.12.2021
өлшемі62,88 Kb.
#106950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
Курстық Жұмыс Жұмағұлова Ақбота 4курс
«География» п нінен 4-то сан а арнал ан жиынты ба алауды тапсы, 10.03, Презентация
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі каржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер, үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық), күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-оайман; өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:

жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;

үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге ағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

ғимараттар — еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет