Жалға алынған негізгі құралдардың есебі



бет3/25
Дата30.12.2021
өлшемі62,88 Kb.
#106950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Курстық Жұмыс Жұмағұлова Ақбота 4курс
«География» п нінен 4-то сан а арнал ан жиынты ба алауды тапсы, 10.03, Презентация
"Негізгі құралдарды" халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, оңда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласыңдағы топқа жатады.

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы 001 "Жалға алынған негізгі құралдар" деп аталатын шотта есептейді.

Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекге, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:

а) негізгі құралдар;

ә) тауарлық-материалдық қорлар немесе

б) қаржылық инвестициялар.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 (№6) БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет