Жалға алынған негізгі құралдардың есебі


Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі



бет13/25
Дата30.12.2021
өлшемі62,88 Kb.
#106950
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Курстық Жұмыс Жұмағұлова Ақбота 4курс

2.2 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі

Кәсіпорындар өздеріне керекті, яғни уақытша қажет болған негізгі құралдарды басқа ұйымдардан жалға алуларына болады. Сондай-ақ кәсіпорындар өзінің балансында тұрған, бірақ уақытша пайдаланбай немесе қажет болмай тоқтатылып тұрған негізгі құралдарын басқа ұйымдарға уақытша жалға берулеріне де болады. Ол үшін екі кәсіпорынның, яғни негізгі құралдарды жалға алушы және жалға берушілердің арасында келісімшарт жасалуы тиіс. Бұл келісімшартта жалға алынатын немесе жалға берілетін негізгі құралдардың аталуы, техникалық жағдайы, бастапқы құны, тозу құны, жалға берілетін немесе жалға алынатын мерзімі, жылдық төлем ақысының мөлшері, егер осы жалға алынған немесе берілген уақытта бұл негізгі құралға жөндеу жүргізілуі қажет болған жағдайда кім жөндейтіндігі (бұзылып қалған жағдайда) және қайсы кәсіпорынның есебінен жүргізілетіндігі тағы да басқа мәліметтер көрсетілуі қажет. Жалға алынған немесе жалға берілген негізгі құралдар өздерінің жалға алынуы немесе берілуі мерзімінің ұзақтығына қарай үш түрге бөлінеді:



Кәсіпорындарда негізгі құралдарды қысқа мерзімге жалға алу немесе қысқа мерзімге жалға беру деп, бір жылға дейінгі уақытқа жалға алынған немесе жалға берілген негізгі құралдарды айтады. Халықаралық стандартта бұны "Рейтинг" немесе "Чартер" деп те атайды. Негізгі құралдардың бір жыл мен үш жыл мерзімі аралығында жалға алынуы немесе жалға берілуі орта мерзімді жал түріне жатқызылады. Халықаралық стандартта жалдың бұл түрін "Хайринг" деп атайды, Жалдың бұл түрлері бойынша негізгі құралдарды жалға алғанда немесе бергенде жалға алушы ұйым сол негізгі құралдарды жалдық мерзімі аяқталғаннан кейін олардың иесіне қайтарып береді. Кәсіпорындарда орта және қысқа мерзімдерге жалға алынған негізгі құралдар "Жалға алынған негізгі құралдар" деп аталатын баланс сыртындағы шоттың дебетінде есептеледі. Ал бұл негізгі құралдар өз иесіне, яғни жалға берушіге қайтарылған уақытында бұл жоғарыда аталған "Жалға алынған негізгі құралдар" деп аталатын баланс сыртындағы шоты кредиттелінеді. Кәсіпорын қысқа мерзімге жалға алынған негізгі құралдар үшін төлейтін жал төлеміне "Жал төлемі" деп аталатын шотты дебеттеп, "Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер" деп аталатын шотты кредиттейді. Ал ұйым бұл есептелген жал төлемін төлеген жағдайда "Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер" шотын дебеттеп, "Ақшалар" — деп аталатын бөлім шоттарының тиістісілерін кредиттейді.

Кәсіпорындарда негізгі құралдарды үш жылдан артық уақытқа жалға алу немесе жалға беру ұзақ мерзімді жал түріне жатады. Жалдың бұл түрі халықаралық стандартта "Лизинг" деп те аталады. Негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алудың немесе жалға берудің өзі жай және қаржыландырылған болып екіге бөлінеді. Егер жалға алынған немесе жалға берілген негізгі құралдар өзінің жал туралы келісімшарттарында көрсетілген мерзімі аяқталғаннан соң міндетті түрде иесіне қайтарылатын болса, онда бұл ұзақ мерзімді жалдың жай түріне жатқызылады. Ал ұзақ мерзімге жалға алу немесе жалға берудің қаржыландырылған түрі бойынша келісімшартта көрсетілген мерзім аяқталған соң негізгі құралдарды жалға алушының сатып алуына құқығы бар болып табылады.

Ұйымдар негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алғанда "Негізгі құралдар" деп аталатын шоттардың тиістісі дебеттелініп, "Жалдық міндеттеме" шоты кредиттелінеді. Осы ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар үшін ұйым жал төлемін төлегенде "Жалдық міндеттеме" шоты дебеттеліп, "Ақшалар" бөлімі шоттарының тиістілері кредиттеледі.

Негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға бергенде "Негізгі құралдарды есептен шығару бойынша шығындар" деп аталатын шот дебеттеліп, "Негізгі құралдар" деп аталатын шоттардың тиістісі кредиттелінеді. Ал бұл ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдардан алынатын табыс "Басқадай дебеторлық борыш" деп аталатын шотының дебетіне, "Жылдық қызметтен алынатын табыс" (негізгі қызметі лизинг болып саналатын ұйымдарда) немесе "Негізгі емес қызметтен алатын басқадай табыстар" (негізгі қызметі лизинг болып саналмайтын ұйымдарда) деп аталатын шоттардың тиістісінің кредитіне жазылады.

Кәсіпорындар негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алғанда оларға есептелетін тозу сомасы "Аяқталмаған құрылыс", "Тауарларды (жұмысты, қызметті) сату жөніндегі шығындар", "Жалпы және әкімшілік шығындары" деп аталатын шоттардың дебетіне, "Негізгі құралдардың тозуы" — деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.

Ал бұрын пайдаланылған негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға бергенде оларға бұрын есептелген тозу сомасына "Негізгі құралдардың тозуы" деп аталатын шоттың тиістілері дебеттеліп, "Негізгі құралдар" — деп аталатын шоттардың тиістісі кредиттелінеді.

Ұйымдардың ұзақ мерзімге жалға алған негізгі құралдарына жасалған келісімшарттағы көрсетілген уақыт аяқталып, ол құрал ұйымның өз меншігіне айналған уақытта, "Негізгі құралдар" деп аталатын шоттардың тиістісі дебеттелініп, "Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар" деп аталатын шоттардың тиісті аралық шоттары кредиттелінеді.

Кәсіпорындарда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың аналитикалық (таңдамалық) есебі олардың түрлері бойынша және әрбір түгендеме объектілері бойынша бөлек жүргізіледі. Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың жалға алынған мерзімдерінен бұрын иесіне қайтарылуы бухгалтерлік есепте былайша көрсетіледі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет