Жалға алынған негізгі құралдардың есебі


Негізгі құралдардың ағымдағы құны



бет11/25
Дата30.12.2021
өлшемі62,88 Kb.
#106950
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
Курстық Жұмыс Жұмағұлова Ақбота 4курс

Негізгі құралдардың ағымдағы құны — бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны — бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардың келісілген құны бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

а) негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

ә) Қазақстан Республикасы Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет