Жалға алынған негізгі құралдардың есебі


Сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісі (куммулятивтік әдіс)



бет21/25
Дата30.12.2021
өлшемі62,88 Kb.
#106950
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Курстық Жұмыс Жұмағұлова Ақбота 4курс

Сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісі (куммулятивтік әдіс)

Бұл әдістің куммулятивтік, яғни сандардың қосынды жиынтық сомасы деп айтылуының (аталуының) себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының косындысына тең болуына байланысты,



Қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі

Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды бір қалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.

Осыған дейінгі әдістерде мысалға алынған станоктың амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі бес (5) жыл, сондықтан бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша жалдың амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал қалдық құнының кему әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 40% болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің пайызы (проценті) негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнына көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп, өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет