3.4.12. Спектрлі қос жұлдыздар
Кейбір жұлдыздардың спектрлерінде периодтық қосарлану байқалады. Егер бұл жұлдыздар тұтылған айнымалылар болса, онда сызықтардың тербеліс периодтары бірдей болады. Бұл жағдайда, яғни бірігу мезеттерінде спектрлік сызықтардың ортаңғы орнынан ауытқуы нөлге тең. Ал, басқа мезеттерде спектрлік сызықтардың қосарлануы байқалады. Компоненттердің сәулелік шамасы неғұрлым жоғары мәнде болса, қосарлану мәні де соғұрлым жоғары болады. Егер алынған спектр бір ғана жұлдызға тән болса (екіншісінің спектрі оның әлсіздігі салдарынан көрінбейді), онда сызықтардың қосарлануының орнына олардың спектрлерінің бірде қызыл, ал бірде көк бөлігіне ығысуы байқалады. Сәулелік жылдамдықтар қисығы тек екі параметр арқылы анықталады: орбита эксцентреритеті е және периастр бойлығы w. Қосарлығы тек спектрлік бақылаулар нәтижесінде ғана анықталатын жұлдыздар спектрлік-қос жұлдыздар деп аталады. Тұтылған айнымалыларға қарағанда бұл жұлдыздарды ί бұрышы 90°-тан қатты ауытқыған жағдайда да бақылауға болады.
Қазіргі кезде шамамен 2500-дей спектрлік-қос жұлдыздар бар екені белгілі. Олардың 750-нің ғана сәулелік жылдамдықтар қисығы белгілі. Ал сәулелік жылдамдықтар қисығының көмегімен бұл жұлдыздардың айналу периодтары мен орбиталарының пішіндерін анықтауға болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |