А. Құнанбаев «Жиырма бесінші» қарасөзі. Қарасөзді оқу, талдау. Қазақты алға бастайтын жол – оқу. Балаңды аясаң, оны орысша оқыт, көкірегі ашылады, тынысы кеңейеді, ел қатарлы, өзгеге қор болмай, нәсіп қылады, - дейді гуманист Абай. Орысша оқу дегенде оны дүниенің тілін білу құралы ретінде ұсынуы. Қазіргі заман талабына тоқталу, жан-жақты талқыға салу.
(1 сағат)
А. Құнанбаев «Әуелде бір суық, мұз – ақыл зерек» өлеңі. Адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделген. Ақын шын мәнінде жақсы адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстауды ұсынады. Егер адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда ғана қалаптаспақ дегенін жеткізу. Ақынның айтпақ ойын, бермек тәлімін тану. Он жетінші қарасөзімен байланыстыра ашу. (1 сағат)
М. Әуезов. Абай жолы роман-эпопеясы «Қайтқанда». Абай өзін қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, күнәсіз бала көзімен қарайды. Семей қаласынан Шыңғыс баурайындағы аулына қайтып келе жатып, өзі туған өлкені жан жүректен «жабыса, сағына сүйеді!». Бұл кең жазирада мейірбандық пен туысқандықтан басқа, елдік пен ерліктен өзге оғаш мінез бар деп білмейді, қанішер қаталдық, жауыз жендеттік болады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмейді. «Есенбай жырасында ұры жатады» дегенге сенбейді де мән бермейді, қайта қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі «ұры» боп қорқытады. Жас
Абайдың туған дала туралы осынау уыз ұғымын сезіну. (2 сағат)
А. Құнанбаев «Отыз екінші» қарасөзі. Отыз бірінші қарасөздің жалғасы іспеттес. Ғылымға шын құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала болатынына көз жеткізуі. Сондай-ақ адал еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеру керектігін, ғылыммен ақылды сақтайтын сауат мінез екенін баса көрсетуі. Білімді адам бір қызық үшін, не пайда табу үшін емес екендігін жеткізу, бүгінгі күннің өзекті
мәселелерімен байланыстыра жеткізу. (2 сағат)
IV бөлім. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» (10 сағат)
А. Құнанбаев «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңі. Өлеңді оқу, талдау. Абайдың сөз өнері, ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы өлеңдері. Ақын өлеңге берген бағасы, өлеңге қойылатын талаптары. Абайдың өзінен бұрынғы ақындар туралы көзқарасы. Ақынның «сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деген сөзінің мәні. Абайдын ақындық мұраты, поэзияны ғана емес, жалпы сөз өнерін, көркем әдебиетті мәселелері. Сөз өнері, ақындық туралы көркемдік шарт. Абай түңғыш әдебиет сыншысы дәрежесіне көтерілуі.
Өнерді сүю, бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |