Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер


А. Құнанбаев «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі



бет12/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама

А. Құнанбаев «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі. Өлеңді оқу, талдау. Ақынның ақындық мақсат-мұраты, поэзияның құдіреті мен қасиеті. Әуeзовтің бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек» пікірінің мәні. Өлеңнің көркемдігі мен ерекшелігі. Өнерді сүю, бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Өзгеге көңілің тоярсың» өлеңі. Өлеңді оқу, талдау. Ақынның өлең сөздің, поэзияның зор қоғамдық мәнін ашып көрсететін шығармаларының бірі екендігі. Ақындық өнердің, өлең жырлардың, ән мен күйдің халық өмірінде алатын орнына Абай өте жоғары баға беруі. Поэзиялық шығармадан, өлең-жырдан, әннен халықтың арман- тілек, қуаныш-қайғысы айқын көрініс беретініне айрықша мән берілуі. Ақындарға, өлеңді, әнді айтушыларға биік талап. Өлеңдегі ақын дерті, қара көңілі. Өлеңге иек артуы, мұң-зарын сол арқылы беруі. Арттағы сөз қалдыру – ақын мақсаты, ақындығының мұраты. Сөз өнері туралы басқа өлеңдеріннен осы басты айырмашылығы. Өнерді сүю, бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Адамның кейбір кездері». Өлеңді оқу, талдау. Өлеңдегі ақын мен ақындық туралы. Абайдың ақындық туралы эстетикалық көзқарасы. Шабыт туралы ақынның ойы. Ақын көңіл-күйі, шабытын бейнелейтін сөздердің мәні. Өлеңдегі «ызалы жүрек», «долы қол», «улы сия», «ащы тілден» тіркестерінің сипаты. Өлеңнің әлем әдебиетімен үндестігі. А.С. Пушкин, М. Ю.
Лермонтов шығармаларымен байланысы. Абайдың сөз өнері, ақын, ақындық туралы жаңа эстетикалық ұстанымы. Өлеңнің көркемдік сипаты. Өнерді сүю, бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Көзімнің қарасы» өлеңі. Өлеңді оқу, талдау. Көтерілген мәселе. Абайдың махаббаты жырлаудағы шеберлігі. Өлеңдегі көңіл-күй, сезім. Өлеңде ақын аз сөзге көп мағына сыйғызуы. М.Әуезовтің өлең туралы пікірі. Өлеңнің басқа өлеңдерден ерекшелігі. Ақыл-нақылға айналған сөз тіркестері.
Ән мен өлеңнің адам жанына әсері. Өлеңнің бүгінгі қоғамдағы орны. Өнерді сүю, бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет