IV бөлім. Абай өнегесі-ұлт мұрасы (8 сағат)
Б. Ерденбеков «Абай мектебіндегі айтыс жанры». Абайтанудағы Б.Ердембековтің үлесі. Зерттеушінің Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы, Абайдың ақындық мектебінің ақындары туралы талдауы. Абайдың өзінен бастау алған айтыс жанрының қалыптасуы, дамуы. Айтыс жанрын көркем шығармаларына арқау еткен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Әріп Тәңірбергенұлының, Тұрағұл Абайұлының, Әубәкір Ақылбайұлының жанрлық жағынан мысал айтысқа жататын өлеңдері, Әріп ақынның «Тәуке мен Ұрқия», Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмалары. Әріп ақынның «Біржан-Сара», Әсет ақынның Ырысжанмен айтысы. Ауыз әдебиетінің озық үлгісін жазба шығармаларында аса шеберлікпен пайдалана білген Абайдың ақындық мектебінің ақындары.
(1 сағат.)
А. Құнанбаев «Жиырма екінші» қарасөзі Қарасөзді оқу, талдау. Қарасөздегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы.
Қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымы туралы пікірі. Бай, мырза, би, болыс, есті кісі, ғаріп-қасар, қу мен сұм ұғымтүсініктері хақындағы философиялық
пайымдаулары. Қарасөздің танымдық, тәрбиелік мәні.
(1 сағат.)
А. Құнанбаев «Жол көрмек, жоба білмек, жихан кезбек».
А.Құнанбаев «Жол көрмек, жоба білмек, жихан кезбек». Абайдың кейін табылған өлеңі. Өлеңді оқу, талдау. Көтерілген мәселе. Өлеңде Абайдың ой- қиялы шарықтап, әбден асқар биігіне жеткен шағындағы байсалды да байыпты, байырғы ойларын түйіндеуі. Адам жан-жақты есейіп, қабілет-күші марқайып, ақыл-ойы толығып, өмірді, салт-дәстүрді, жол-жобаны біліп толысады, шындық іздеп шыңдалатындығы . Жастық шақ, жігіттіктің аласұрған екпінді қызуы енді бойды жеңіп, ақылға, иман-салауаттылыққа ауыспақ. Ерінбейтін еңбекшіл, таусылмайтын талапкер, жалықпайтын жанкешті еңбек қана жігіттің абырой- беделін асырмақ, елінің ері атандырмақ. (1 сағат.)
А.Құнанбаев «Мен боламын демеңдер». Өлеңнің тақырыптық-идеялық сипаты. Көтерілген мәселе. Абайдың өмірлік тағылымының қорытынды тұжырымы. Ұлы мақсат, зілді нұсқау, қара қылды қақ жарған үкімі.
Менмендікке, жетесіз асқақтыққа, керкөкірек надандыққа қарсылығы.
Ақынның халыққа табыстаймын деген асыл ойлардың түпкі бір қорытындысы.
Өлеңнің тәрбиелік мәні. (1 сағат.)
Достарыңызбен бөлісу: |