Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер


А. Құнанбаев «Болыс болдым мінеки»



бет16/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама

А. Құнанбаев «Болыс болдым мінеки». Абай өлеңдеріндегі сатира, ащы шындық. Өлеңдегі малын шашып, болыс болған пенденің әлеуметтік- психологиялық кескіні. Болыс, ояз, ел тұлғалары. Басты тұлға - болыс. Жаңадан болыс болған адамның болыстық мансапқа жету жолы мен көңіл-күйі. Болыс болған кісінің өз атынан баяндау тәсілі. Өлеңнің поэтикалық тілі.
(1 сағат.)
А. Құнанбаев «Мәз болады болысың». Абай заманындағы ел билеу ісі. Өлеңнің «Болыс болдым мінекей...» шығармасымен үндестігі, сарыны. Болыс болған қазақтың мінез-құлқының үшінші жақтан суреттелуі. Абайдың адам мінезін ашудағы шеберлігі. (1 сағат.)
А. Құнанбаев «Екінші» қарасөзі. Қарасөздегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары. Халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынап, арылудың жолдарын көрсетуі. Еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы. Бала тәрбиесіндегі қарасөздердің маңызы, өміршеңдігі. (1 сағат.)
А. Құнанбаев «Байлар жүр жиған малын қорғалатып». Өлеңіндегі пысықтардың, қу мен сұмдардың елге салған лаңы, адал еңбекті, тыныштықты сақтау жайындағы пайымы, заман келбетін, әлеуметтік қайшылықты
сипаттауы, адал еңбек еткен малды байларды жем етіп жүрген атқамінер әкімсымақ, қу пысықтарды шенеуі. (1 сағат.)
А. Құнанбаев Өлсем орным қара жер сыз болмай ма? Өлеңнің тақырыптық-идеялық сипаты. Ақынның ішкі жан айқайы, ұрпақпен сырласуы, жас ұрпаққа аманаты. Өмір қысқа, «алдамшы» байлауы жоқ, бәрі де уақытша нәрсе дегендей ұғымдардан ойшыл ақынның жасайтын түйіні. Адамгершілікті жоғары ұстау, татулық, жақынды сыйлау, кішіпейіл болу, қулық, арамдыққа бой ұрмау жайлы пайымы. (2 сағат.)
А. Құнанбаев «Күлембайға». Өлеңді оқу, талдау.Абай өлеңдеріндегі сатира, типтік бейне. Ақын өлеңдерінде заман ағымы, болыстық жүйе, ел басқару ісіндегі келеңсіз жағдайлар. Абай заманындағы болыс билердің әлеуметтік-психологиялық кескіні. (1 сағат.)
А. Құнанбаев «Сегізінші» қарасөзі. Қарасөздің тақырыптық-идеялық мазмұны. Қарасөздегі ақыл, насихат. Ғылым, білім, ар, ұят жайлы мәселелері. Ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы. Қарасөздің бүгінгі күндегі
маңыздылығы, тәрбиелік мәні. (1 сағат.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет