Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер



бет23/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама

Шығармашылық жұмыс. Абайдың «Толық адам» ілімі ақыл, әділет, рақым деген үш компоненттен құралады. Мұның бәрі - тұнып тұрған адамгершілік пен ізгіліктің моделі. Ұлы Абай қазаққа ғана емес, бүкіл әлемге баға жетпес рухани қазына қалдырды. Бүгінгі өз өмірлерімен, қоғаммен байланыстыра отырып, «Ақыл, Әділет, Рақым» ұғымымен жұмыс жүргізуге
болады. (1 сағат)

ІІІ бөлім Абай биігі-ұлт биігі (10 сағат)


Абайтанушы ғалым - М. Әуезов. М.Әуезовтің «Абай Құнанбайұлы» монографиясы мен Ұлы «Абай жолы» роман-эпопеясы арасындағы Абай бейнесі, шығармашылығы арасындағы үндестік. (2 сағат)
Қ. Мұхамедханұлы «Абай». Қайым Мұхамедханұлы «Абай» және
«абайтану» ұғымдарын бір-бірінен ажырамас тұтастықта үнемі біздің құлағымызға құйды, жадымызға сіңірді. Қ. Мұхамедханов 1951 жылы «Абайдың ақындық мектебі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
«Абайдың ақын шәкірттері» төрт томдық еңбегімен байланыстырылады.
(2 сағат)
З. Ахметов «Абайдың ақындық әлемі». Ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты қыруар деректер, құнды ой-пікірлер жинақталып, жүйелі түрге түсірілген-Зәки Ахметов. Абай шығармаларының ғылыми толық жинағы басылып шықты. Р.Сыздықова, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ж.Ысмағұлов, З.Қабдолов, Ғ.Есім, Т.Қожакеев,
Ғ.Мұқанов және басқа да ғалымдардың зерттеулері Абайтану ғылымына елеулі үлес болып қосылды. Абай шығармаларын жариялау, зерттеу ісіне шет елдерде айрықша мән берілді. Басшылыққа З.Ахметовтың «Абайдың ақындық әлемі» еңбегі басшылыққа алынады. https://abaialemi.kz › post › view...: Абай (Ибраһим)
Құнанбайұлының өмірі. (1 сағат)
Қ. Бітібаева «Абай шығармашылығы». Абайды оқытудағы Қ.Бітібаева әдістемелік еңбектерінің маңызы. Даңқты мұғалім. КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.Қазақстанныңеңбексіңіргенқайраткері.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор.ҚазақстанБілім БеруісініңҚұрметтіқызметкеріөмірі шығармашылығы жайында айтылады. Абай және Әуезов шығармаларын оқыту жолындағы еңбектері. Артындағы мұралары мен шәкірттері жайлы қосымша ақпараттар. (2 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет