Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер


Е. Мұқашев «Уәйіс Шондыбайдың әндері»



бет21/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама

Е. Мұқашев «Уәйіс Шондыбайдың әндері». Қайым ағаның 1994 жылы жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» атты екінші кітабынан, Еркебұлан Мұқашев «Уәйіс Шондыбай» монографиясын, Мәуітқазы Зүкенов «Уәйіс Шондыбайұлын ұмытып кеткен жоқпыз ба?» мақаласын пайдалана отырып өлеңдеріне тоқталады. Дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалидың репертуарындағы «Перуайым», «Боз қараған» әнін, Ардақ Исатаеваның репертуарынан әндері.
https://youtu.be/r04t9dwHlig. https://youtu.be/w_xvcINlODA (1 сағат)

ІІ бөлім Пайда ойлама, ар ойла (8 сағат)


А. Құнанбаев «Пайда ойлама, ар ойла», «Жастық шақта өмір гүл». Өлеңнің негізгі идеясы ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу - әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді» Елбасымыздың Жолдауымен байланыстыра отырып, Ойы сергек, қаламы жүрдек сыншы Сағат Әшiмбаев 1988 жылы жазған «Абай тағылымы - азаматтық тағылым» атты мақаласымен байланыстыру. Онда «…Абай тағылымын тұту дегенiмiз - Абай тағылымынан шындап үлгi-өнеге алу, тәлiм- тәрбие көру» деп Абайсыз өмiр сүру - рухани бейшаралық пен адамдық ақыл- ой мешеулiгiнен, сезiм жұтаңдығынан, жазылмас жан жарасының қасiретi екенін көрсетеді. «Пайда ойлама, ар ойла», «Жастық шақта өмір гул» шығармаларын ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Алланың өзі де рас, сөзі де рас». Ұлы ақын мұрасы. Өлең идеясы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымын таныту, адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету. Абай тағылымы негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау. (1 сағат)
А.Құнанбаев «Он бесінші» қара сөзі. «Он бесінші» қара сөзінің түйініде «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»-дейді. Есті адамға көрсеқызарлық дүние мен әр нәрсеге жалаң қызығушылық танытудан бойды аулақ ұстау. (1 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет