Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер



бет5/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама

Абай және шығыс әдебиеті. Абай шығармаларындағы шығыстық сарын.Тұрандық ғұламалар Йасауи, Фараби, Баласағұндардың мол мұрасы.
Араб, Иран, Түркі классиктері, Шығыс даналары. (1 сағат.)
Абай және орыс әдебиеті. Абайдың орыстың ұлы классиктері мен демократ ағартушыларының еңбектерімен танысуы, қазақ тіліне аударуы. Ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы. (1 сағат.)
М.Ю.Лермонтов «Теректің сыйы». Абайдың орыс ақындарынан
ерекше көңіл бөлген Лермонтов шығармаларын Абайдың үлкен шеберлікпен, анық ірі шабытпен аударуы; Абай-Лермонтов сияқты ұлы ақындардағы ой ұқсастығы, идея ұқсастығы. Абай аударма – өлеңінің мақсаты; өлеңде кейіпкер бейнесін ашуда кейіптеу тәсілінің шебер қолданылуы. (1 сағат.)
И.А.Крылов «Есек пен бұлбұл». Абай аудармаларының ерекшеліктері. «Есек пен бұлбұл», «Піл мен қанден», «Қарға мен бүркіт» мысалдарын аударудағы ақын шеберлігі. (1 сағат.)
Абай және батыс әдебиеті. Әлемдік пәлсапа, әлемдік даналық, ғылым, ой дүниесінде мәңгілік орын тепкен Аристотель, Сократ, т.б. ғұламалардың, данышпандардың ғажайып мұрасы. Әлемдік сөз өнерінің жаһұттары болып есептелінетін Батыс, орыс әдебиетінің өкілдері: Гете, Байрон, Пушкин, Лермонтов, Толстой, Дюма, Крылов, Мицкевич, т.б. (1 сағат.)
Ф. Шиллер «Бесіктегі бөбек» өлеңі. Шиллерден Лермонтов аударған
«Бесіктегі бөбек» шағын өлеңін мазмұны мен жол сатылығын сақтай отырып,
Абай аудармасындағы қазақша нұсқасын таныту. (1 сағат.)
Шығармашылық жұмыс. Тарау бойынша оқушылардың алған білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру. Абайдың аудармалары, мысалдары негізінде сахналық қойылымдар. Оқушыларды өлең жазуға баулу.
(1 сағат)

ІІІ бөлім. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! (10 сағат)


А.Құнанбаев.«Талаптың мініп тұлпарын». Өлеңнің тақырыптық- мазмұндық сипаты. Өлең ақынның сүйікті ұлы Әбдірахман өліміне арнап шығарған жан тебіреністі жырларының бірі. (1 сағат.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет