А. Құнанбаев. «Білімдіден шыққан сөз». Өлеңнің тақырыптық- мазмұндық сипаты. Өлеңдегі айтушы мен тыңдаушы, ақыл мен ақылсыздық, жақсы мен жаман білімді мен білімсіз арасындағы айырмашылықтың көркем суреттелуі. (1 сағат.)
А. Құнанбаев. «Жүректе қайрат болмаса».Өлеңнің тақырыптық- мазмұндық сипаты. Адамның адамдық, ғұламалық, кісілік қасиеттері. Өлеңдегі жан мен тән. Екеуінің азығы екі бөлек екендігі. Адамдық парыз. Надандықпен күрес. Өлеңнің тәрбиелік мәні, бүгінгі өмірмен байланысы. (1 сағат.)
А.Құнанбаев «Ата-анаға көз қуаныш».Абайдың Ақылбайға арнап жазған өлеңі. Баланың жақсы және келеңсіз қасиеттері. Ата-ананың балаға артқан үміті. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол» даналығының мәні. Бала тәрбиелеудегі өлеңнің маңызы. (1 сағат.) Абайдың «Алтыншы, он бірінші қарасөздері».Қарасөздердің тақырыптық-идеялық сипаты. «Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік» мақаланың мәні.Қарасөздегі еңбекқорлық, адалдық, білім мәселелерінің көтерілуі. Ар-намыс, ожданды сатуды сынауы. Жақсы өмір сүрудің жолы. Қарасөздің салауатты өмір салтын ұстанудағы орны. (2 сағат.)
А. Құнанбаев «Интернатта оқып жүр».Өлеңнің тақырыптық- мазмұндық сипаты. Ақынның ағартушылық көзқарасы. Жас шәкірттерге аманаты. Өлеңдегі жастарды оқуға тарту, адамгершілік, рухани қазынаны байыту мәселелері. (1 сағат.)
А. Құнанбаев «Көлеңке басын ұзартып».Өлеңде ақынның адам көңіл- күйін суреттеу шеберлігі. Ақынның тыңдаушысын таппай, қапаланған
шағындағы сезім-толғанысы, философиялық ой түйіні. Өлеңнің бала
тәрбиесіндегі маңызы, бүгінгі күндегі өзектілігі. (1 сағат.)
А. Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам, әркім барар».Ақынның өмір және оның мәні туралы қысқа толғанысы. Базар деп отырғаны – өмір. Өмір- үлкен базар. Мағынасыз өмір, ғылым, білімше ұмтылу, саналылыққа шақыру.
Өлеңдегі жасырын ой. Бүгінгі өмірмен байланыстыру. (1 сағат.)
Өнер туындыларындағы – Абай. Әр өнер саласындағы Абай бейнесі.
Абай туралы шыққан фильмдер, музыка әлеміндегі Абай, ақынға арналған арнау жырлар, мұражайлардағы Абай көрмесі, ақын жайлы сахналық
қойылымдар. Абай бейнесінің жан-жақты сомдалуы. (1 сағат.)