Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер


Б.Ердембеков «Абай өнегесін жалғастырушы - Әріп Тәңірберген»



бет25/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама

Б.Ердембеков «Абай өнегесін жалғастырушы - Әріп Тәңірберген». Абайдың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз. Соның бірі және бірегейі –Әріп Тәңірбергенов. Оны Б.Ерденбековтің төмендегі еңбектері
eb.arsu.kz › pdf › ktj_20457 «Әріп- қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі» Өскемен 2014 жылы, «Әріп-ақын» eb.arsu.kz › pdf › ktj_20459 Алматы. 2001. – 192 бет және Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың ақын шәкірттері» еңбегі негізінде оқытылады. (1 сағат)

IV бөлім. Абай еліне саяхат (8 сағат)


«Абай жолы» роман-эпопеясы «Жұтта» тарауы. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы «Жұтта» тарауында – Алтыбай мен Байтұяқ мал артында өліп кетеді. Мағаш, Базаралы мен Ерболдар өмірден озады. 1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнанайырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласыМағауияда қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісіОспанныңжанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті - Абай менШәкәрімгедеген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұрғызылды. (2 сағат)
С. Назарбекұлы «Абай кесенесі». «…Атақты сәулетші Сайын
Назарбекұлы бағзы жәдігерліктерге жан бітіп, көне дәуірлерден шежіре соқты.Сайын Назарбекұлы сәулетші - ақын, сәулетші - жазушы көкірегінен көрікті жырлар мен көп сезімді күмбірлеткен өлеңдер жазды. Осының бәріне ол соңғы жиырма бес жыл ішінде қол жеткізді. Өлімнен аман қалып,өзінше ізденіп, өз бетімен өмір сүрген, өзін бостан сезінген жылдардың жемісі. Әбіш Кекілбаевтың «Асқарларға шақырар асқақ мұрат» атты мақаласымен Сайын Назарбектің өмірін, Сайынның өмірін Абаймен байланыстыруға болады. Абай
Кесенесін Сайын Назарбекұлы – 1996 жылыШығысҚазақстаноблысы,Абайауданы, Жидебайқонысында ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған тойы
қарсаңында орнатты. (2 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет