Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер


А.Құнанбаев «Жиырма жетінші» қарасөзі



бет22/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама

А.Құнанбаев «Жиырма жетінші» қарасөзі. Абай: «...Адам баласы болмаса, бұл ғажайып ақылды және ғажайыппен жасаған денеге кіргізіп, мұнша салахият иесі қылғаны хиқметпенен өзге хайуанға сұлтан қылғандығына дәлел емес пе? Ол дәлел болса, адам баласын артық көріп, қамын әуелден алланың өзі ойлап жасағанына да дәлел емес пе?» Ендеше ерекше жан иесінің мүмкіндіктері мен мақсаттары туралы оқушының ойымен байланыстырылады.
Бүгінгі ғылым мен білім, техниканың жетістіктерімен оқушының ойы түйінделеді. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Отыз алтыншы», «Қырық төртінші» қарасөзі. Адам бойындағы қасиеттерге ерекше сипатталады. Абай: «Біреу мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп...» Адамның адамшылығы, жүректің нұрлы болуы, ойдың тазалығы жайлы өзіндік ой түйіндеулеріне мүмкіндік жасалады. (1 сағат)
Ш. Құдайбердіұлы «Ар ілімі». Ғарифолла Есімнің «Шәкәрімнің «Үш анығын»» талдауының соңғы талдауына назар аударылады, онда «Шәкәрім пайымдауынша, жанның екі өмірдегі азығы ұждан-совесть. Күрделі мәселе. Шәкәрімді тыңдалық, ол «Адамдығы нысап, әділет, мейірім үшеуін қосып айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть бар». Ұждан араб сөзі, ол мұсылмандық түсінік. Оның құрылымы ақын айтуынша нысап, әділет, мейірім. Негізінде бұл жердегі басты ұғым – әділет, қалған екеуі оны айқындаушалыр» Мырзагелді Кемел, экономика ғылымдары докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесінің «Шәкәрімнің ар ілімі» еңбегімен де байланыстыруға болады. Шәкәрімнің «Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?», «Ұждандыны мақтайды тамам адам» өлеңдерінің мәнін аштыртуға ықпал жасайды. (1 сағат) «Толық адам» түсінігі. Жуанмәрттілік ілімі Баласағұнның «Құтты білігінен» бастау алады. Негізі одан да әріде Алып Ер Тоғаны Парсылар у беріп өлтіреді, өлерінде халқына мені «Мәрт» деп атаңдар және еске алыңдар деген екен. Міне осы кезден негізі қаланған. ХІІ-ХІІІ ғасырда «Хал ілімі» дамыды Ахмет Яссауий. Халықтың прогресс пен мәдениет жолымен дамуына зор үлес қосқан ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров монолитті қазақтың Абайдан кейінгі кезеңдегі өзгерісі туралы сыни пікір білдірген. Абай «Толық адам» ілімінің негізін салса, Шәкәрім дамытып «ар ілімін», кемелдіктің нұрлы сәулесі Мағжанның да жүрегіне құйылып еді. Ол ерте солды. Міне осы байланыстармен тақырыпты ашуға болады. (1 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет