7-сынып
Тәуелсіздік құрдастары
Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Тәуелсіздік құндылығы жадына берік орнығып, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек. Біздің ата-аналарымызтәуелсіздікке өз үлестерін қосты. Біз сол жетістіктерді еселеуіміз қажет. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуі тиіс.
Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен мақтанамыз.(79 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |