8-сынып
Елордамыз – Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан. Нұр-Сұлтан – тез өсіп, дамып келе жатқан қала. Ол – Қазақстанның бас қаласы, астанасы. Қалада тоқсаннан аса мектеп, колледждер мен жоғары оқу орындары бар. Медициналық академия, аграрлық университет, Е. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, «Назарбаев Университеті», Бірінші Президент кітапханасы, Горький, Сейфуллин атындағы кітапханалар, қазақ және орыс драма театрлары, мәдениет сарайлары, өлкетану және өнер мұражайлары бар.
Менің әпкем мектепті жақсы аяқтап, Нұр-Сұлтандағы «Назарбаев Университетіне» түсті. Біздің отбасымыз әпкемнің осы оқу орнында оқитынына қуанышты. Әпкем де әлемдік білім кеңістігінде өзіндік орны бар жоғары оқу орнында тегін оқитынына мақтанады. (89 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |