3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі 24. Бағдарламада оқу мақсаттары кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлімді, үшінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 1-бөлім. Тыңдалым (Horen/ХҰрен):
Білім алушы:
10-сынып
11-сынып
В1.1
В1.2
10.1.1 мектепте, демалыста жерлерде қолданылатын белгілі тақырыптардағы әдебиеттік нормаларға сәйкес нақты айтылған пікірлердің негізгі түйінін түсіну
11.1.1 кәсіптік салада қолданылатын белгілі тақырыптардағы әдебиеттік нормаларға сәйкес нақты айтылған пікірлердің негізгі түйінін түсіну
10.1.2 оқумен байланысты күнделікті сұрақтар және тақырыптар туралы қарапайым ақпараттық хабарламалардың негізгі ойын егжей-тегжейлі және таныс айтылыммен жеткізгенде түсіну
11.1.2 оқуға және болашақ кәсіби қызметке байланысты күнделікті сұрақтар мен тақырыптар туралы егжей-тегжейлі қарапайым ақпараттық хабарламаларды түсіну
10.1.3 айқын әдеби тілде айтылған жағдайда жалпылама ұзақ жүргізілген пікірталастың негізгі сәттерін бақылап отыру
11.1.3 айқын әдеби тілде айтылған жағдайда жалпылама ұзақ жүргізілген пікірталастың негізгі сәттерін бақылап отыру
10.1.4 баяндама нысаны таныс, ал баяндаманың өзі қарапайым және нақты құрылымды болған жағдайда оқу тақырыбына байланысты дәріс немесе әңгімені түсіну
11.1.4 баяндама нысаны таныс, ал баяндаманың өзі қарапайым және нақты құрылымды болған жағдайда оқу және кәсіби тақырыпқа байланысты дәріс немесе әңгімені түсіну
10.1.5 баяу, нақты нормативке сәйкес айтылған жағдайда таныс тақырыптардағы қысқа қарапайым әңгімелерді жалпы түрде түсіну
11.1.5 баяу, нақты нормативтке сәйкес айтылған жағдайда таныс тақырыптардағы қысқа қарапайым әңгімелерді егжей-тегжейлі түсіну
10.1.6 қарапайым техникалық ақпаратты түсіну, мысалы, күнделікті қолданылатын құрылғыларды пайдалану ережелері
11.1.6 техникалық сипаттағы нақты нұсқаулықтарды түсіну
10.1.7 радио арқылы берілген ақпарат мәліметтерінің негізгі ойын және таспаға жазылған таныс тақырыптардағы қарапайым мәтіндерді баяу және нақты айтылған жағдайда түсіну
11.1.7 радиодан берілген немесе таспаға жазылған қызықтыратын тақырыптағы ақпараттың басым бөлігін баяу және нақты нормативті айтылған жағдайда түсіну
10.1.8 қызықтыратын тақырыптардағы теледидар бағдарламаларының басым бөлігін, мысалы, сұхбаттарды, қысқа дәрістерді, репортаждарды баяу және нақты айтылған жағдайда түсіну
11.1.8 қызықтыратын тақырыптардағы телевидидар бағдарламаларының басым бөлігін, мысалы, сұхбаттарды, қысқа дәрістерді, репортаждарды баяу және нақты айтылған жағдайда түсіну
2-бөлім. Айтылым (Sprechen/Шпрехен):
Білім алушы:
10-сынып
11-сынып
В1.1
В1.2
10.2.1 өте тез, қарапайым тілмен өзін қызықтыратын сұрақтардың бірін бір қатар дәйекті тұжырымдамалар түрінде сипаттай білу
11.2.1 өте тез, қарапайым тілмен өзін қызықтыратын сұрақтардың бірін бір қатар дәйекті тұжырымдамалар түрінде сипаттай білу
10.2.2 таныс, қызықтыратын тақырыптарды, өзінің тәжірибесін, сонымен қатар осы тәжірибеге байланысты өз реакциясын, сезімін қарапайым тілмен сипаттау
11.2.2 өте тезбір оқиғаны сипаттау немесе бірқатар дәйекті тұжырымдамалар ретінде кітап немесе кітаптың сюжетін айту және оған деген өз реакциясын сипаттау
10.2.3 дәлелдемелерді ойын қадағалауды қиынға соқпайтындай етіп құру
11.2.3 жалпы және оқу тақырыптарына байланысты өзінің көзқарасын түсіндіру, негіздеу және әңгімелесушінің көзқарасын бағалау
10.2.4 бір оқиғаның себептерін қысқаша сипаттау және бір мәселені, жоспар және әрекетті шешудің түрлі нұсқалары туралы түсіндірме беру
11.2.4 бір оқиғаның себептерін егжей-тегжейлі түсіндіру және бір мәселені, жоспар, әрекетті және бір істі шешудің түрлі нұсқалары туралы түсіндірме беру
10.2.5 тақырыпқа қатысты тұрмыстық және оқу салалары бойынша қысқаша, алдын-ала дайындалған екпін түсіруі мен интонациясына қарамай түсінуге болатын хабарландырулар жасау
11.2.5 тақырыпқа қатысты оқу және кәсіби салалар бойынша қысқаша, алдын-ала дайындалған екпін түсіруі мен интонациясына қарамай түсінуге болатын хабарландырулар жасау
10.2.6 басынан бастап ойын толық түсініп отыруға болатын және негізгі ережелері анық түсіндірілген, таныс тақырып бойынша алдын-ала дайындалған қарапайым баяндама әзірлеу
11.2.6 басынан бастап ойын толық түсініп отыруға болатын және негізгі ережелері анық түсіндірілген, таныс тақырып бойынша алдын-ала дайындалған кең көлемдегі баяндама әзірлеу
10.2.7 өзінің сөйлеген сөзі бойынша бірқатар сұрақтарға жауап беру, егер сұрақ жылдам айтылған болса, оны қайталап қоюды өтіну
11.2.7 өзінің сөйлеген сөзі бойынша бірқатар сұрақтарға жауап беру, егер сұрақ жылдам айтылған болса, оны қайталап қоюды өтіну
10.2.8 өз тәжірибесіне деген сезімі мен реакциясын қарапайым байланысқан мәтін ретінде құрастыра отырып өз тәжірибесін сипаттау
11.2.8 өз тәжірибесіне деген сезімі мен реакциясын күрделі байланысқан мәтін ретінде құрастыра отырып өз тәжірибесін сипаттау
3-бөлім. Оқылым (Leseverstehen/Лезеферстеен):
Білім алушы:
10-сынып
11-сынып
В1.1
В1.2
10.3.1 қызықтыратын тақырыптағы нақты мәліметтері бар қарапайым мәтіндерді оқу және оны жеткілікті деңгейде түсіну
11.3.1 қызықтыратын тақырыптағы нақты мәліметтері бар қарапайым мәтіндерді жеткілікті деңгейде түсіну
10.3.2 хат алмасу бойынша досымен үнемі қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін шектерде жеке хаттардағы оқиғалардың, сезімдердің және тілектердің сипаттамасын түсіну
11.3.2 хат алмасу бойынша досымен үнемі қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін шектерде жеке хаттардағы оқиғалардың, сезімдердің және тілектердің сипаттамасын түсіну
10.3.3 қажетті ақпаратты табу үшін өте үлкен мәтінді қарап, сондай-ақ нақты тапсырманы орындау үшін мәтіннің әр түрлі бөліктерінен немесе әр түрлі мәтіндерден ақпаратты жинау
11.3.3 қажетті ақпаратты табу үшін үлкен көлемді мәтінді қарастыру, сонымен қатар нақты тапсырманы орындау үшін мәтіннің әр бөлігінен немесе әртүрлі мәтіндерден ақпарат жинау
10.3.4 күнделікті жазбаша материалда, мысалы, хаттарда, брошюраларда және қысқа ресми құжаттарда өзекті ақпаратты табу және түсіну
11.3.4 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша көркем және басқа да әдебиеттердегі ұзақ мәтіндерді оқу
10.3.5 белгілі бір көзқарасты дәлелдеуге бағытталған мәтіндердегі негізгі қорытынды ойларды түсіну
11.4.2 қарапайым мәтінге өз сезімдері мен реакциясын тұжырымдай отырып, өз тәжірибесін сипаттау
10.4.3 қызықтыратын тақырып бойынша қысқа эссе жазу
11.4.3 қызмет өрісі шеңберінде орналасқан таныс күнделікті және әлеуметтік мәселелер бойынша жинақталған нақты ақпарат туралы өз ойын жинақтау және хабарлау
10.4.4 жеке хат, жазбахат, нені негізгі санайтынын айтып, қажетті қарапайым ақпарат сұрап жеке хат және жазбалар жазу
11.4.4 кез келген қажетті ақпаратты сұрата отырып, маңызды деп есептейтін нәрсені нақты баяндай отырып жеке хаттар мен жазбаларды жазу
10.4.5 өз сезімдері мен оған әсері туралы өз тәжірибесін егжей-тегжейлі сипаттайтын хаттар жазу
11.4.5 жаңалықтар және мәдениетке қатысты музыка, фильмдерге байланысты абстракті тақырыптар бойынша өз ойларын білдіріп, жеке хаттар жазу
11.4.6 достарына, мұғаліміне, қызмет көрсетушілерге немесе күнделікті өмірде кездесетін тұлғаларға нені басты деп санайтынын анық білдіріп, маңызды ақпаратты қамтитын қысқа жазбахат жазу
10.4.7 қызықтыратын тақырып бойынша ауызша айтылғанды кейіннен қолдануға болатындай етіп, нақты жазба жазу
11.4.7 қарапайым дәрістер барысында таныс тақырыпқа қарапайым сөйлеу тілінде нормативтік диалектіде түсінікті етіп айтылғандардың негізгі кезеңдерін тізімдеп жазба ретінде жазу
10.4.8 берілген мәтіннің алғашқы редакциясы мен құрылымын пайдаланып, қысқаша жазба үзінділерін қарапайым тілмен қайта жазу
11.4.8 берілген мәтіннің алғашқы редакциясы мен құрылымын пайдаланып, әртүрлі көлемдегі қысқаша жазба үзінділерін қарапайым тілмен қайта жазу
10.4.9 оқиғаны жазбаша түрде айтып шығу
11.4.9 оқиғаны жазбаша түрде айтып шығу
5-бөлім. Неміс тілінің қолданысы (Spracheverwendung/Шпрахефервендунг):
Білім алушы:
10-сынып
11-сынып
В1.1
В1.2
10.5.1 таныс жалпы тақырыптар бойынша абстрактілі құрамдас зат есімдер мен күрделі атаулы топтарды қолдану
11.5.1 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша абстрактілі құрамдас зат есімдерді және күрделі атаулы топтарды қолдану
10.5.2 сөйлеу барысында шектеусіз көлемде сілтеу, қатыстық, белгісіздік есімдіктерін, сонымен қатар, сын есім мен үстеулерді, олардың салыстырмалы шырайларын қолдану
11.5.2 сөйлеу барысында шектеусіз көлемде сілтеу, қатыстық, белгісіздік есімдіктерін, сонымен қатар, сын есім мен үстеулерді, олардың салыстырмалы шырайларын қолдану
10.5.3 зат есім мен сын есімдердің септелуі, көпше түрдегі зат есімдердің жасалуы туралы білімдерді жүйелеу, аталған білімдерді таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша ой құрастыруға қолдану
11.5.3 зат есім мен сын есімдердің септелуі, көпше түрдегі зат есімдердің жасалуы туралы білімдерді жүйелеу, аталған білімдерді таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша ой құрастыруға қолдану
10.5.4 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша ой құрастыру үшін сөзжасамның негізгі тәсілдерін (аффиксация, сөздерді біріктіру, конверсия), сөйлеу әдебінің негізгі нормаларын (реплика-клише, көп таралған бағалау лексикасы), синонимдер, антонимдер және өзге де көмекші сөздерді шектеусіз қолдану
11.5.4 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша ой құрастыру үшін сөзжасамның продуктивті тәсілдерін (аффиксация, сөздерді біріктіру, конверсия), сөйлеу әдебінің негізгі нормаларын (реплика-клише, көп таралған бағалау лексикасы), синонимдер, антонимдер және өзге де көмекші сөздерді шектеусіз қолдану
10.5.5 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша етістіктің түрлі шақ формаларын және модальды түрлерін қамтитын сұрақтарды қолдану
11.5.5 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша етістіктің түрлі мезгілдік және модальді формаларын қамтитын түрлі типтегі сұрақтарды қолдану
10.5.6 таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде Partizip I және Partizip II (der lesende Schuler; das gelesene Buch/Партицип I және Партицип II (дер лезенде Шюлер; дас гелезене Бух) таралған анықтамаларды қолдану
11.5.6 жартылай таныс емес жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде Partizip I және Partizip II (der lesende Schuler; das gelesene Buch/Партицип I және Партицип II (дер лезенде Шүйлер; дас гелезене Бух) таралған анықтамаларды қолдану
10.5.7 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша етістіктің түрлі мезгілдік формаларын, модальді етістіктерді және олардың эквиваленттерін, кейбір пассивті формаларды қолдану
11.5.7 таныс, жартылай таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша етістіктің түрлі мезгілдік формаларын, модальді етістіктерді және олардың эквиваленттерін, оның ішінде пассивті формалардың үздіксіз артушы әртүрлілігін қолдану
10.5.8 міндеттілікті, мүмкіндікті білдіру үшін haben/sein + zu + Infinitiv / хабен/зайн + цу + Инфинитиф құрылымын қолдану, модальділіктің түрлі тәсілдері туралы білімді жүйелеу
11.5.8 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша модальді құрылымдардың әртүрлілігін, салалас құрмалас және бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді қолдану
10.5.9 таныс жалпы және оқу тақырыптарының қатары бойынша ob/об жалғаулығымен жанама сұрақтарды, ынтаны, сыпайы өтінішті білдіру үшін haben, sein, werden, konnen, mogen/хабен, зайн, верден, кҰнен, мҰген етістіктерінен шығатын Konjunktiv/Коньюнктиф формаларын қолдану
11.5.9 жалпы және оқу тақырыптарының шеңберінде субстантивті қатысуларды, сілтемелік көңіл-күйдің түрлерін қолдану:: wurde + Infinitiv/вюрде + Инфинитиф тіркестерін, Prateritum Konjunktiv/Претеритум Коньюнктиф
10.5.10 таныс, жартылай таныс емес жалпы және оқу тақырыптарының қатары бойынша басқарумен жиі қолданылатын етістіктерді beginnen, vorhaben/бегиннен, форабен етістіктерінен кейін den Wunsch haben/ден Вунш хабен + Infinitiv-тегі мағыналық етістіктерді zu мен (Ich habe vor, eine Reise zu machen/Инфинитиф цу мен (Их хабе фор, айне Райзе цу махен) тіркестерін қолдану
11.5.10 таныс, жартылай таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша aufhoren mit D., gratulieren zu D., bedanken sich bei D./ fur A., Angst haben vorD/ауфхҰрен мит Д., гратулирен цу Д., беданкен зих бай Д./ фюр А., Ангст хабен форД түріндегі неғұрлым күрделі басқарумен етістіктер және тұрақты етістік тіркестерін қолдану
10.5.11 таныс, таныс емес жалпы және оқу тақырыптарының қатары бойынша жалғаулықтар мен жалғаулық сөздерді пайдалана отырып, салалас құрмалас және бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді қолдану
11.5.11 таныс, жартылай таныс емес жалпы және оқу тақырыптарының қатары бойынша (obwohl / obgleich / обволь / обглайх) жалғаулықтарымен бағыныңқы құрмалас – қарсылықты бағыныңқы сөйлемдерді қолдану
10.5.12 сөйлеу барысында көмекші сөздердің қызметтік маңыздылығы, мәтін тұтастығын, байланыстылығын қамтамасыз ету үшін (мысалы, zuerst, dann, naсhher, zuletzt / цюрст, данн, насгер, цулецт) үстеулерінің көмегімен ондағы түрлі байланыс құралдары туралы білімдерін қолдану
11.5.12 сөйлеу барысында көмекші сөздердің қызметтік маңыздылығы, мәтін тұтастығын, байланыстылығын қамтамасыз ету үшін (мысалы, zuerst, dann, naсhher, zuletzt / цюрст, данн, насгер, цулецт) үстеулерінің көмегімен ондағы түрлі байланыс құралдары туралы білімдерін қолдану
10.5.13 таныс жалпы және оқу тақырыптарының қатары бойынша төл және төлеу сөздерді айту тәсілдерін қолдану
11.5.13 таныс, жартылай таныс емес жалпы және оқу тақырыптарының қатары бойынша төл және төлеу сөздерді айту тәсілдерін қолдану
25. Осы оқу бағдарлама осы бұйрыққа қосымшаға сәкес жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасындағы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асады. 26. Тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылды.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына қосымша