"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-тарау. "Француз тілі" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет20/61
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82866
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
Байланысты:
v1900018382.07-03-2019.kaz (1)

2-тарау. "Француз тілі" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. "Француз тілі" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сыныпта аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты;
2) 11-сыныпта аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес болады (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу бағдарламасы меңгеру деңгейіне сәйкес француз тілін оқыту кезеңдерін (сыныптарды), тілдік дағдылары мен сөйлеу қызметінің түрлері бойынша (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бағалау критерийлерін, оқудың барлық кезеңіне (10,11-сыныптар) арналған ұзақ мерзімді жоспарды қамтиды.
6. "Француз тілі" оқу пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың (Тыңдалым. Айтылым. Оқылым. Жазылым. Француз тілін қолдану) бөлімдері бойынша құрылған.
7. Әрбір бөлімде белгіленген оқытудың мақсаты мұғалімге барлық сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, француз тілін қолдану) дамыту бойынша жұмысын жүйелі жоспарлауға, білім алушылардың жетістіктерін бағалауға, оларды келесі оқудың кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.
8. Бағдарламаның базалық мазмұнында француз тілін оқытудың жалпы мақсаттары сынып бөлінісінде ұсынылған.
9. "Тыңдалым", "Айтылым", "Оқылым", "Жазылым" бөлімдерінде шетел тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес (10 сынып – В1.1, 11 сынып – В1.2) тіл қызметі түрлерінің оқыту мақсаттары жазылған, олар француз тілін оқытудың түпкі нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған.
10. "Француз тілін қолдану" бөлімінде білім алушы оқытудың деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес француз тілінің лексика-грамматикалық, синтаксистік құрылымдарымен танысады.
11. Базалық мазмұны (Contenu/Коңтөню):
12. 10-сынып (В1.1-деңгейі).
13. Мәдениетаралық-коммуникативтік аспект:
1) шет тілі мәдениетінің өкілдерімен әлеуметтік-мәдени деңгейде қарым қатынас жасау;
2) ұзақ талқылаудың негізгі мазмұнын түсіну, өз пікірін жеткізу немесе әңгіме кезінде сұхбат жүргізу, кез келген дерлік ойды білдіру үшін қарапайым тілдік құралдарды кең көлемде еркін пайдалану, өмірде туындайтын стандарттан тыс жағдайлардың шешімін табу;
3) таныс тақырыпқа байланысты әңгімеге дайындықсыз қатысу;
4) шағым беру;
5) интервью/кеңес берген кезде бастамашылық таныту;
6) таныс немесе қызықтыратын тақырыптарға байланысқан қарапайым мәтіндер жазу;
7) жеке сипаттағы хаттар жазу, оларда өзінің жеке ұайымы мен әсерлері туралы хабарлау;
8) елтану және мәдениеттану білімінің болуы, қарым-қатынас және стереотиптер нормаларын, француз тілі тасымалдауыштарының ұлттық сипаты мен ұлттық менталитетінің ерекшелігін білу, оларды нақты тілдік және мәдени ортада қолдану;
9) айтылатын ойды құрастыру, оларды мәтінге біріктіру ережелерін білу;
10) әр түрлі коммуникативтік функцияларды орындау үшін пікірлерді пайдалану;
11) өзара қарым-қатынас схемаларына сәйкес айтылатын ойды тізбектеп құру.
14. Тәрбиелік аспект:
1) француз тілі және мәдениетіне оң көзқарас қалыптастыру;
2) әр түрлі көзқарастарды құрметтеу, толеранттылық таныту, Отанға деген патриотизмдік сезімді қалыптастыру.
15. Жалпы білім беру аспектісі: француз тілі арқылы жалпы мәдениеттерін, ой-өрістерінің кеңеюін, оқылатын тілдің елі туралы білімдерін, қоршаған әлем туралы білімдерін арттыру.
16. Дамыту аспекті:
1) тілдік қабілеттер мен тілдік болжамдарды, тілдік мінез-құлық мәдениетін, француз тілін үйренуге қызығушылығын, тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту: ерік-жігер қасиеттері, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
2) тілдің тиімді меңгерілуін қамтамасыз ететін анықтамалық әдебиеттерді, оқытудың заманауи технологияларын белгіленген өлшемде қолдану;
3) өз ойын қисынды және жүйелі түрде баяндау, жалпыға ортақ тақырыптарға пікірталас, коммуникативтік сипаттағы стандарттан тыс жағдайларды шешу;
4) жалпы адамзат мәдениетінің дамуында ұлттық мәдениеттердің (өзінің және шетелдік) жетістіктері туралы және өзге мәдениет көзқарасында өзінің ана тілі мен мәдениетінің рөлі туралы кеңінен түсініктің болуы.
17. Стратегиялық аспект: шетел тілінде өздігінен қарым-қатынас жасауға қабілетті және оған дайын екінші тілді меңгерген тілдік тұлғаның негізгі қасиеттеріне ие болу.
18. 11-сынып (В1.2-деңгейі).
19. Мәдениаралық-коммуникативтік аспект:
1) өзге тілді мәдениет өкілдерімен барлық деңгейде табысты қарым-қатынас жасау;
2) ұзақ талқылаудың негізгі мазмұнын егжей-тегжейлі түсіну;
3) туындаған проблемалар туралы сауал- хабарлама қабылдау;
4) сұхбат/кеңес процесі барысында (мысалы, дәрігерге өз ауруы белгілерін сипаттау) қажетті ақпарат беру;
5) бұл жағдай неге проблема болып табылатындығын түсіндіру;
6) қысқа әңгіменің, мақаланың, әңгіменің мазмұнының, талқылаудың, документальды фильмді талқылаудың сюжетін мазмұндау;
7) бірқатар нақтылаушы сұрақтарға өз көзқарасын білдіру және жауап беру;
8) бар ақпараттарды тексере және растай отырып, алдын-ала дайындалған әңгімені өткізу, не қалай жасалатындығы туралы нақты нұсқаулық бере отырып, әңгіме құрастыру;
9) қызығушылық тудыратын тұрмыстық және тұрмыстық емес мәселелер жөнінде жинақталған нақты ақпараттармен еркін алмасу;
10) қызықтыратын тақырыптарға қарапайым қысқа эссе жазу;
11) елтану және мәдениеттану білімінің болуы, қарым-қатынас нормаларын және стереотиптерін, француз тілінде сөйлеушілердің ұлттық менталитетінің және ұлттың мінезінің ерекшеліктерін білу, оларды нақты тілдік және мәдени ортада еркін қолдану;
12) айтылатын ойды құрастыру және оларды мәтінге біріктіру ережелерін білу;
13) айтылатын ойды әртүрлі қарым-қатынас функцияларын орындау барысында еркін және бейсаналы түрде қолдану;
14) пікірлерді өзара іс-қимылсыз басына сәйкес дәйекті құру.
20. Тәрбиелік аспект:
1) француз тілі мен мәдениетіне оң көзқарас қалыптастыру;
2) әртүрлі көзқарастарды құрметтеу, толеранттылық және Отанға деген патриоттық сезім білдіру.
21. Жалпы білім беру аспектісі: француз тілі арқылы жалпы мәдениетті көтеру, ой-өрісті, оқытылатын тіл елі туралы, жалпы қоршаған әлем туралы білімді өрістету.
22. Дамыту аспектісі:
1) тілдік қабілеттер мен тілді сезіну қабілеттерін дамыту, тіл мәдениеті әдебін, француз тілін үйренуге деген қызығушылықты, тұлғаның ерік жігері, жады сияқты жағымды қасиеттерін дамыту;
2) тілдің тиімді меңгерілуін қамтамасыз ететін анықтамалық әдебиеттерді, оқытудың заманауи технологияларын белгіленген өлшемде қолдану;
3) өз ойын қисынды және жүйелі түрде баяндау, жалпыға ортақ тақырыптарға пікірталас, коммуникативтік сипаттағы стандарттан тыс жағдайларды шешу;
4) жалпы адамзат мәдениетінің дамуында ұлттық мәдениеттердің (өзінің және шетелдік) жетістіктері туралы және өзге мәдениет көзқарасында өзінің ана тілі мен мәдениетінің рөлі туралы кеңінен түсініктің болуы.
23. Стратегиялық аспект: шетел тілінде өздігінен қарым-қатынас жасауға қабілетті және оған дайын екінші тілді меңгерген тілдік тұлғаның негізгі қасиеттеріне ие болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет