3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі 24. Бағдарламада "оқу мақсаттары" төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 1-бөлім. Тыңдалым (Comprehension orale/Компрэаңсьоң ораль):
Білім алушылар білуге тиісті:
10- сынып
11 - сынып
В1.1
В1.2
10.1.1 мектепте, демалыста және т.б. жерлерде қолданылатын белгілі тақырыптардағы әдебиеттік нормаларға сәйкес нақты айтылған пікірлердің негізгі ережелерін түсіну
11.1.1 кәсіптік салада қолданылатын белгілі тақырыптардағы әдебиеттік нормаларға сәйкес нақты айтылған пікірлердің негізгі ережелерін түсіну
10.1.2 оқумен байланысты күнделікті сұрақтар және тақырыптар туралы қарапайым ақпараттық хабарламалардың негізгі ойын және нақты бөлшектерін айқын және таныс айтылыммен жеткізгенде түсіну
11.1.2 оқуға және болашақ кәсіби қызметке байланысты күнделікті сұрақтар мен тақырыптар туралы егжей-тегжейлі қарапайым ақпараттық хабарламаларды түсіну
10.1.3 айқын әдеби тілде айтылған жағдайда жалпылама ұзақ жүргізілген пікірталастың негізгі сәттерін бақылап отыру
11.1.3 айқын әдеби тілде айтылған жағдайда жалпылама ұзақ жүргізілген пікірталастың негізгі сәттерін бақылап отыру
10.1.4 баяндама пәні таныс, ал баяндаманың өзі қарапайым және нақты құрылымды болған жағдайда оқу тақырыбына байланысты дәріс немесе әңгімені түсіну
11.1.4 баяндама пәні таныс, ал баяндаманың өзі қарапайым және нақты құрылымды болған жағдайда оқу және кәсіби тақырыпқа байланысты дәріс немесе әңгімені түсіну
10.1.5 баяу, нақты нормативті айтылғанжағдайда таныс тақырыптардағы қысқа қарапайым әңгімелерді жалпы түрде түсіну
11.1.5 баяу, нақты нормативті айтылғанжағдайда таныс тақырыптардағы қысқа қарапайым әңгімелерді егжей-тегжейлі түсіну
10.1.6 қарапайым техникалық ақпаратты түсіну, мысалы, күнделікті қолданылатын құрылғыларды пайдалану ережелері
11.1.6 техникалық сипаттағы нақты нұсқаулықтарды түсіну
10.1.7 радио арқылы берілген ақпарат мәліметтерінің негізгі ойын және таспаға жазылған таныс тақырыптардағы қарапайым мәтіндерді баяу және нақты айтылған жағдайда түсіну
11.1.7 радиодан берілген немесе таспаға жазылған қызықтыратын тақырыптағы ақпараттың басым бөлігін баяу және нақты нормативті айтылған жағдайда түсіну
10.1.8 қызықтыратын тақырыптардағы теледидар бағдарламаларының басым бөлігін, мысалы, сұхбаттарды, қысқа дәрістерді, репортаждарды баяу және нақты айтылған жағдайда түсіну
11.1.8 қызықтыратын тақырыптардағы телевидидар бағдарламаларының басым бөлігін, мысалы, сұхбаттарды, қысқа дәрістерді, репортаждарды баяу және нақты айтылған жағдайда түсіну
10.2.1 еркін, қарапайым тілмен бірқатар дәйекті тұжырымдар түрінде қызықты сұрақтардың бірін сипаттай білу;
11.2.1 еркін, қарапайым тілмен бірқатар дәйекті тұжырымдар түрінде қызықты сұрақтардың бірін сипаттай білу;
10.2.2 таныс, қызықтыратын тақырыптарды, өзінің тәжірибесін, сонымен қатар осы тәжірибеге байланысты өз реакциясын, сезімін қарапайым тілмен сипаттау
11.2.2 өте тез бір оқиғаны сипаттау немесе бірқатар дәйекті тұжырымдамалар ретінде кітап немесе кітаптың сюжетін айту және оған деген өз реакциясын сипаттау
10.2.3 дәлелдемелерді ойын қадағалауды қиынға соқпайтындай етіп құру
11.2.3 жалпы және оқу тақырыптарына байланысты өзінің көзқарасын түсіндіру, негіздеу және әңгімелесушінің көзқарасын бағалау
10.2.4 бір оқиғаның себептерін қысқаша сипаттау және бір мәселені, жоспар және әрекетті шешудің түрлі нұсқалары туралы түсіндірме беру
11.2.4 бір оқиғаның себептерін егжей-тегжейлі түсіндіру және бір мәселені, жоспар, әрекетті және бір істі шешудің түрлі нұсқалары туралы түсіндірме беру
10.2.5 тақырыпқа қатысты тұрмыстық және оқу салалары бойынша қысқаша, алдын-ала дайындалған екпін түсіруі мен интонациясына қарамай түсінуге болатын хабарландырулар жасау
11.2.5 тақырыпқа қатысты оқу және кәсіби салалар бойынша қысқаша, алдын-ала дайындалған екпін түсіруі мен интонациясына қарамай түсінуге болатын хабарландырулар жасау
10.2.6 басынан бастап ойын толық түсініп отыруға болатын және негізгі ережелері анық түсіндірілген, таныс тақырып бойынша алдын-ала дайындалған қарапайым баяндама әзірлеу
11.2.6 басынан бастап ойын толық түсініп отыруға болатын және негізгі ережелері анық түсіндірілген, таныс тақырып бойынша алдын-ала дайындалған кең көлемдегі баяндама әзірлеу
10.2.7 өзінің баяндамасы бойынша бірқатар сұрақтарға жауап беру, егер сұрақ жылдам айтылған болса, оны қайталап қоюды өтіну
11.2.7 өзінің баяндамасы бойынша бірқатар сұрақтарға жауап беру, егер сұрақ жылдам айтылған болса, оны қайталап қоюды өтіну
10.2.8 өз тәжірибесіне деген сезімі мен реакциясын қарапайым байланысқан мәтін ретінде құрастыра отырып өз тәжірибесін сипаттау
11.2.8 өз тәжірибесіне деген сезімі мен реакциясын күрделі байланысқан мәтін ретінде құрастыра отырып өз тәжірибесін сипаттау
10.3.1 қызықтыратын тақырыптағы нақты мәліметтері бар қарапайым мәтіндерді оқу және оны жеткілікті деңгейде түсіну
11.3.1 қызықтыратын тақырыптағы нақты мәліметтері бар қарапайым мәтіндерді жеткілікті деңгейде түсіну
10.3.2 бір-бірімен тұрақты жеке хат жазысу барысында мүмкіндік беру шегінде сипатталған оқиғалар, сезімдер мен тілектердің сипаттамасын түсіну
11.3.2 бір-бірімен тұрақты жеке хат жазысу барысында мүмкіндік беру шегінде сипатталған оқиғалар, сезімдер мен тілектердің сипаттамасын түсіну
10.3.3 қажетті ақпаратты табу үшін көлемді мәтінді қарастыру, сонымен қатар нақты тапсырманы орындау үшін мәтіннің әр бөлігінен ақпаратты жинау
11.3.3 қажетті ақпаратты табу үшін үлкен көлемді мәтінді қарастыру, сонымен қатар нақты тапсырманы орындау үшін мәтіннің әр бөлігінен немесе әртүрлі мәтіндерден ақпарат жинау
10.3.4 күнделікті жазбаша материалдан мысалы, хаттардан, брошюралардан және қысқаша ресми құжаттардан өзекті ақпаратты табу және түсіну
11.3.4 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша көркем және басқа да әдебиеттерден ұзақ мәтіндерді оқу
10.3.5 белгілі бір көзқарасты дәлелдеуге бағытталған мәтіндердегі негізгі қорытынды ойларды түсіну
10.4.1 жекелеген қысқа элементтерін біріктіріп, таныс және қызықтыратын мәселелердің кең шеңберінде қарапайым байланысқан мәтін жазу
11.4.1 жекелеген қысқа элементтерін біріктіріп, таныс және қызықтыратын сұрақтардың кең шеңберінде қарапайым байланысқан мәтін жазу
10.4.2 бірқатар таныс, қызықтыратын мәселелер бойынша жай, нақты сипаттама жасау
11.4.2 өзінің тәжірибесін сипаттай отырып, оған қатысты өз сезімдері мен әсері туралы байланысқан мәтін құрастыру
10.4.3 қызықтыратын тақырып бойынша қысқа эссе жазу
11.4.3 іс әрекет өрісі шеңберінде орналасқан таныс күнделікті және әлеуметтік мәселелер бойынша жинақталған нақты ақпарат туралы өз пікірін жүйелеу және хабарлау
10.4.4 жеке хат, жазбахат, нені негізгі санайтынын айтып, қажетті қарапайым ақпарат сұрап жеке хат және жазбалар жазу
10.4.5 өз сезімдері мен оған әсері туралы өз тәжірибесін егжей-тегжейлі сипаттайтын хаттар жазу
11.4.5 жаңалықтар және мәдениетке қатысты музыка, фильмдерге байланысты абстракті тақырыптар бойынша өз ойларын білдіріп, жеке хаттар жазу
10.4.6 проблеманы айқындап түсіндіретін, сұрақ қойылған хабарламаларды жазу
11.4.6 достарына, мұғаліміне, қызмет көрсетушілерге немесе күнделікті өмірде кездесетін тұлғаларға нені басты деп санайтынын анық білдіріп, маңызды ақпаратты қамтитын қысқа жазбахат жазу
10.4.7 қызықтыратын тақырып бойынша ауызша айтылғанды кейіннен қолдануға болатындай етіп, нақты жазба жазу
11.4.7 қарапайым дәрістер барысында таныс тақырыпқа қарапайым сөйлеу тілінде нормативтік диалектіде түсінікті етіп айтылғандардың негізгі кезеңдерін тізімдеп жазба ретінде жазу
10.4.8 берілген мәтіннің алғашқы редакциясы мен құрылымын пайдаланып, қысқаша жазба үзінділерін қарапайым тілмен қайта жазу
11.4.8 берілген мәтіннің алғашқы редакциясы мен құрылымын пайдаланып, әртүрлі көлемдегі қысқаша жазба үзінділерін қарапайым тілмен қайта жазу
10.4.9 оқиғаны жазбаша түрде айтып шығу
11.4.9 оқиғаны жазбаша түрде айтып шығу
5-бөлім. Француз тілін қолдану (Utilisation de la langue/Итилизасьоң дө ля льаңг):
Білім алушылар білуге тиісті:
10-сынып
11-сынып
В1.1
В1.2
10.5.1 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша абстрактілі құрамдас зат есімдерді және күрделі атаулы топтарды қолдану
11.5.1 таныс жалпы және оқу тақырыптары, сонымен қатар таныс емес тақырыптар бойынша абстрактілі құрамдас зат есімдерді және күрделі атаулы топтарды қолдану
10.5.2 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша саналатын және саналмайтын зат есімдер үшін түрлі есептік сын есімдерді қолдану
11.5.2 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша саналатын және саналмайтын зат есімдер және атаулы топтар үшін түрлі сандық сын есімдерді қолдану
10.5.3 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша есімшелер және шырайлар ретінде түрлі күрделі сын есімдерді және жай сын есімдерді қолдану
11.5.3 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша көмегімен салыстырмалы құрылым жасауға болатын есімшелер ретінде күрделі сын есімдерді және жай сын есімдерді қолдану
10.5.4 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша предетерминатив рөлінде синонимдерді, антонимдерді және басқа да қызметтік сөздерді қолдану
10.5.5 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша етістіктің түрлі шақ формаларын және модальды түрлерін қамтитын сұрақтарды қолдану
11.5.5 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша әр түрлі сұрақтарды қолдану
10.5.6 on белгісіз есімдігі мен сандық есімдіктерді қоса таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша есімдікті қолдану
11.5.6 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша қатысымдық, көрсетімдік, белгісіз және сандық есімдіктерді және рефлексивтік есімдіктердің көбін қолдану
10.5.7 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша жай аяқталған формалардың сан-алуан түрлілігін, мезгіл және мекен пысықтауыштарды, оның ішінде кейбір пассивті формаларды қолдану
11.5.7 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша жай аяқталған формалардың сан-алуан түрлілігін, мезгіл және мекен пысықтауыштарды, оның ішінде кейбір пассивті формаларды қолдану
10.5.8 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша келер шақ формаларының сан-алуан түрлілігін, оның ішінде ырықсыз етісті қолдану
11.5.8 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша келер шақ формаларын, оның ішінде пассив түрлерін қолдану
10.5.9 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша осы және өткен шақтардыңың дара актив және пассив формаларының сан-алуан түрлілігі мен соңғы аяқталған формаларын сипаттама және төлеу сөзде қолдану
11.5.9 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша осы және өткен шақтардыңың дара актив және пассив формаларының сан-алуан түрлілігі мен соңғы аяқталған формаларын көп мөлшерде хабарлы және төлеу сөзде қолдану
10.5.10 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша үздіксіз осы шақ және үздіксіз өткен шақ түрлерін, оның ішінде үздіксіз өсетін пассив форма түрлерін қолдану
11.5.10 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша үздіксіз осы шақ және үздіксіз өткен шақ түрлерін, оның ішінде үздіксіз өсетін пассив форма түрлерін қолдану
10.5.11 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша өтініш, сұрақтар мен команда үшін оның ішінде жанама және жапсарлас сұрақтарда ұсынылған тілдік формаларды артығымен түрлендіріп қолдану
11.5.11 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша өтініш білдіру, бұйрық беру және сұрақ қою, оның ішінде жанама сұрақтар қою үшін сөйлеу формаларын қолдану
10.5.12 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша салыстырмалы шырай үстеулерінің құрылымындағы дұрыс және дұрыс емес үстеулердің сан-алуан түрлілігін қолдану
11.5.12 таныс және таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша салыстырмалы шырай формасындағы үстеулердің сан-алуан түрлі құрылымын, әртүрлі вербалды үстеулерді қолдану
10.5.13 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша өкініш және сын білдіру мақсатында осы және өткен шақты белгілеу үшін әртүрлі модальды формаларды қолдану
11.5.13 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша өкініш және сын білдіру мақсатында өткен шақ модалді формасын қолдану
10.5.14 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша зат есім мен сын есімнің алдында және географиялық атаулардың алдында көмекші сөздерді қолдану
11.5.14 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша зат есім мен сын есімнің алдында көмекші сөздердің алуан түрлілігін қолдану
10.5.15 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша етістік пен сын есімдерден кейін инфинитив түрін қолдану, герундий формасын қолдану, шартты рай формасын қолдану және фразалық етістіктерді қолдана бастау
11.5.15 жалпы таныс және оқу тақырыптары бойынша етістіктіктің инфинитив түрін қолдану, герундий формасын қолдану, фразалық етістіктерді, мақсат, шартты, іс-әрекет бағыныңқылы құрмалас сөйлемдерді қолдану
10.5.16 таныс жалпы және оқу тақырыптарын түсіндіргенде әртүрлі жалғаулықтарды, SI (си) шартты бағыныңқылыларды қолдану
11.5.16 жалпы таныс және оқу тақырыптары бойынша сөйлемдерде SI (си) шартты бағыныңқылымен инфинитивті құрылымдарды (күрделі толықтауышты, күрделі бастауышты), есімшелі конструкцияларды, жақсыз конструкцияларды қолдану
10.5.17 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша қарым-қатынас процесінде етістіктің ашық райын және шартты райын белсендендіру
11.5.17 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша қатысымдық бағыныңқы сөйлемдерді, етістіктің ашық райы және шартты райы формаларын қолдану
25. Осы оқу бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған "Француз тілі" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасындағы Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 26. Тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылды.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған "Француз тілі" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасына қосымша