"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ереже



бет15/61
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82866
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Байланысты:
v1900018382.07-03-2019.kaz (1)

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ереже
1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).
2. Оқу пәнінің маңыздылығы, оның коммуникация, ғылым, бизнес, туризм және спорттық тілі болып табылатынымен белгіленеді. Неміс тілін білу:
1) білім алушылар әртүрлі тіршілік ету жағдаяттарындағы қарым-қатынаста сенімділіктерін арттырады;
2) Қазақстанда ғана емес, шет елде де жоғары білім алуға мүмкіндік береді;
3) Қазақстанда және шет елде кәсіптік білім алуды жалғастыруға мүмкіндік береді;
4) білім алушылар неміс тілінде таратылатын жаңалықтар мен ақпарат алуға мүмкіндігін кеңейтеді;
5) білім алушылар неміс тіліндегі әдеби туындылардың тұпнұсқалық мәтіндерімен танысуға мүмкіндік алады;
6) білім алушыларға Қазақстанды өз елінде және шет елдерінде танытуға мүмкіндік алады;
7) мектепте қалыптасқан дағдыға, оқыту және білім стратегиясына сүйеніп өмір бойы оқуға мүмкіндік алады.
3. "Неміс тілі" пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушылардың сөйлеу қызметі бойынша төрт тілдік дағдыны дамытуға бағытталған (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым). Жалпы орта білім беру мектепті бітіргеннен кейін, білім алушылар (10-11 сынып) Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілікке сәйкес (Common European Framework of Reference, CEFR/Коммон Ойропеан Фрамеворк оф Референце, ЦЕФР) В1(орта – В1.2) тіл деңгейіне дейін жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет