2-тарау. "Ағылшын тілі" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 4. "Ағылшын тілі" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 1) 10-сыныпта - аптасына 3 сағат, оқу жылына 102 сағат; 2) 11-сыныпта - аптасына 3 сағат, оқу жылына 102 сағат. Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген). 5. Ағылшын тілі бағдарламасының мазмұны. 10-сынып: 1) Мазмұны. Топ ішінде мәселелерді креативті және бірлесе отырып шешу үшін айтылым және тыңдалым дағдыларын пайдалану, сыныптастарына орынды кері байланыс жасау. Өзгелердің ой-пікірін сыйлау, есепке алу. Өзгелердің кері байланысын бағалау және сындарлы жауап беру, жеке бас оқу мақсаттарын белгілеу үшін кері байланысты қолдану. Ақпаратты басқаларға түсінікті болатындай етіп ұйымдастыру және таныстыру. Айтылым немесе жазылым кезінде дәйекті дәлел келтіру. Оқылым мен талдау арқылы мәдениаралық хабардарлықты дамыту. Ойды, идеяларды, тәжірибелер мен сезімдерді білдіру үшін қиялды қолдану. Сөйлеу және жазылымды бірқатар әлем басымдықтары бойынша рефлексия жасау және оларды тану құралдары ретінде қолдану; 2) Тыңдалым. Көмексіз берілген қосымша сөйлесудегі негізгі идеяларды түсіну, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарға қатысты көмексіз берілген қосымша сөйлесудегі дәлелдің арнайы ақпаратын және бөліктерін, оның ішінде саны шектеулі таныс емес тақырыптар бойынша сөйлесуді түсіну. Жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарға қатысты қолдаусыз қосымша сөйлесудегі сөйлеушінің(лердің) қатынасы мен ойын, оның ішінде саны шектеулі білім алушыларға бейтаныс тақырыптағы сөйлесуді түсіну. Еркін сөйлесудегі мәнмәтіннен мағынаны анықтау. Жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген бірқатар тақырыптарға қатысты сөйлеушілердің арасындағы көзқарастар мен нақты келісім деңгейін. Жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген бірқатар тақырыптар аясындағы қосымша сөйлесудегі дәлелдің қарамақайшылықтарын анықтау; 3) Айтылым. Ресми және бейресми тілдік тіркеулерді қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарына қатысты ақпаратты алу үшін күрделі сұрақтар қою және оларға жауап беру. Өзіңіздің және өзгелердің көзқарастарын түсіндіру және нақтылау, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарға қатысты саны өсіп келе жатқан саналуан сөйлеу мәнмәтіндерінде өзгелердің көзқарасын бағалау және түсініктеме беру. Жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарына қатысты болжам жасау үшін сыныптастарымен өзара қарым-қатынасқа түсу. Өз сөзімен айту және сөйлесуге түзетулер енгізу арқылы сөйлесуді басқару және тілді өзгерту. Жалпы тақырыптар және оқу бағдарламасында көрсетілген алуан түрлі тақырыптар туралы сөйлесу үшін тиісті пәнге қатысты лексиканы және синтаксисті пайдалану; 4) Оқылым. Қосымша мәтіндердегі негізгі ойларды түсіну, білім алушыларға таныс жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптардағы және кейбір таныс емес тақырыптардағы қосымша мәтіндердегі арнайы ақпаратты түсіну және толық түсіну. Едәуір мұқият оқуды талап ететін. Оқу бағдарламасындағы тақырыптар мен жалпы тақырыптар мәтіннің мазмұнын анықтау үшін ұзақ мәтіндерді шолып оқу. Көркем және ғылыми әдебиеттердегі, сондай-ақ, оқу бағдарламасындағы таныс және таныс емес әртүрлі мәтіндерді оқу. Оқу бағдарламаларынан әртүрлі кейбір таныс және таныс емес мәтіндердің мазмұнынан шығатын шешімдер. Әртүрлі таныс тақырыптар мен оқу бағдарламалардағы көлемді мәтіндердің қатынасы мен автордың ойын анықтау. Әртүрлі жалпы тақырыптар мен оқу бағдарламасындағы тақырыптардың ұзақ мәтіндер моделін дамыту (абзацтар аралығындағы интервал). Мағынаны тексеру және түсінігін тереңдету мақсатында өзіне таныс және кейбір бейтаныс сандық немесе баспадан шыққан ресурстардың алуан түрі. Жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген бірқатар тақырыптар аясындағы қосымша мәтіндерде дәлелдің сәйкессіздіктері. Таныс және таныс емес мәтіндердің мағынасын анықтау және терең түсіну үшін қағазға түскен және цифрлы ақпарат ресурстарын жан-жақты пайдалану. Әртүрлі жалпы тақырыптар мен оқу бағдарламасындағы үкен көлемдегі мәтін көлеміндегі аргументтердің сәйкес келмеуі; 5) Жазылым. Мәтін деңгейінде тақырып пен жанрға сәйкес келетін саны өсіп келе жатқан және сан алуан жазбаша жанрларда дұрыс жазылған лексиканы тәуелсіз қолдана отырып, жоспарлау, жазу, редакциялау және оқу. Жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген бірқатар тақырыптар аясындағы саны өсіп келе жатқан жазбаша жанрлардағы сәйкес ресмилілік деңгейіне қол жеткізу үшін грамматикалық тұрғыдан дұрыс жазу, стильді қолдану. Қолдауымен жалпы таныс және оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарына қатысты бірқатар жазбаша жанрларына қатысты логикалық дәлелдер қажет болғанда мысалдар мен себептерді келтіре отырып дамыту. Жалпы таныс және оқу бағдарламасында көрсетілген бірқатар тақырыптарға бағыт беруші жалғаулықтардың бірнеше түрін пайдалана отырып мәтін ретінде дәлел келтіріп жазу. Бірқатар жалпы және оқу бағдарламасында көрсетліген тақырыптарға қатысты мәтінді жазған кезде қажетті құрылымды өз бетімен жазу. Әртүрлі функциялар арқылы хат-хабарлардағы жаңалықтар мен сезімдерге қатысты қарым-қатынас жасау және жауап беру. Жазбаша жұмыстардағы мәтіндік деңгейдегі дұрыс дәлдікпен келтірілген пунктуация; 6) Ағылшын тілін қолдану. Түрлі дерексіз күрделі зат есімдерді және күрделі есім фразаларын қолдану, саналатын және саналмайтын зат есімдерге қажетті көптік есімдер және әртүрлі есім фразалар қолдану, әртүрлі күрделі сын есімдер, сын есімдерді есімше ретінде, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетліген тақырыптарға қатысты сын есімдердің деңгейін анықтауда және күшейтудегі салыстырмалы құрылымдар қолдану, анықтаушы сөздердің, сонымен қатар сөз алдында келетін анықтаушы құрылымдардың кең қатарын қолдану, сұрақтардың кең қатары, қатыстық, сілтеу, белгісіз, есептік есімдіктерді (relative, demonstrative, indefinite, quantitative of pronouns pronouns/релатив, демонстратив, индефинит, куантатив оф пронаунс), сонымен қатар өздік есімдік құрылымдарының (reflexive pronoun structures/рефлексив пронаун стракчес) кең қатарын қолдану. Рerfect continuous/пөрфект континиус формасын, сонымен қатар қарапайым ырықсыз және өздік етістерін (simple perfect active and passive forms/симпл перфект актив энд пассив формс), оның ішінде time adverbials so far, lately, all my life/тайм әдвербиалс сөу фар, лейтли, ол май лайф деген мезгілді білдіретін сөздерді (time adverbials/тайм әдвербиалс) қолдану, төл және төлеу сөздерде өздік және ырықсыз етіс түрінде берілген осы шақ, өткен шақ және past perfect/паст пөрфект шақтың саналуан түрін орынды қолдану, нақ осы шақты (present continuous/презент континиус) және past continuous/паст континиустің өздік және ырықсыз етістерін қолдану. Білім алушыларға таныс, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарға қатысты айтылған мәлімдемелер мен сұрақтардың кең қатарын пайдалану, салыстыру деңгейін білдіретін бірқатар үстеу құрылымдарын дара және күрделі үстеулермен қолдану, етістіктің алдында, етістіктің артында және етістіктің соңында келетін үстеулердің алуан түрін қолдану, өткен шақтағы модальды формалардың алуан түрін, оның ішінде must have, can’t have, might have/маст хәв, кәнт хәв, майт хәвты өткен оқиға бойынша қорытындыны білдіру үшін қолдану, зат есімдер мен сын есімдердің алдында келетін әртүрлі көмекші сөздерден құралған фразалар қолдану, зат есім мен сын есімнен соң келетін бірқатар тәуелді көмекші сөздерді және етістіктерден соң келетін алуан түрлі көмекші сөздерді қолдану. Етістіктер мен сын есімдерге инфинитив формаларын қолдану, бірнеше етістіктер мен көмекші сөздерден кейін герундий формасында қолдану, кейбір көмекші сөздердің формалары мен сөз тіркесінен тұратын етістікті қолдану. Білім алушыларға таныс жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген сан түрлі тақырыптарға жалғаулықтардың бірнеше түрін қолдану. Білім алушыларға таныс жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарға қатысты if/if only/иф/иф онли үшінші шартты құрылымда (third conditional structures/сөрд кәндишнәл стракчес) қолдану, which/уич сөзін қоса алғанда бірнеше анықтаушы шартты сөйлемдер (relative clauses/реләтив клозес) қолдану. 11-сынып: 1) Мазмұны. Топ ішінде мәселелерді креативті және бірлесе отырып шешу үшін айтылым және тыңдалым дағдыларын пайдалану, сыныптастарына орынды кері байланыс жасау. Өзгелердің ой-пікірін сыйлау, есепке алу. Өзгелердің кері байланысын бағалау және сындарлы жауап беру, жеке тұлғаға қатысты оқу мақсаттарын белгілеу үшін кері байланысты қолдану. Айтылым немесе жазылым кезінде дәйекті дәлел келтіру. Оқылым мен талдау арқылы мәдениаралық хабардарлықты дамыту. Ойды, идеяларды, тәжірибелер мен сезімдерді білдіру үшін қиялды қолдану. Сөйлеу және жазылымды бірқатар әлем басымдықтары бойынша рефлексия жасау және оларды тану құралдары ретінде қолдану; 2) Тыңдалым. Дәлел келтірілген мағынаның негізгі ойларын, арнайы ақпаратты, егжей-тегжейлі түсіндіру, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарға қатысты көмексіз берілген қосымша сөйлесудегі сөйлеушінің(лердің) қатынасы мен ойын, оның ішінде саны өсіп келе жатқан білім алушыларға бейтаныс тақырыптағы сөйлесуді түсіну. Білім алушыларға таныс жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптардағы қосымша мәтіндердегі (оның ішінде кейбір қосымша мәтіндер де бар) мәнмәтіннен мағынаны шығару, сөйлеушінің көзқарасын түсіндіру және сөйлеушілердің арасындағы дәлелдердің сәйкес келуін кеңейту, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген бірқатар тақырыптар аясындағы қосымша мәтіндердегі дәлелдің сәйкессіздіктерін түсіну; 3) Айтылым. Сөйлесуде ресми және бейресми тілді пайдалану. Ашық жоғары дәрежелі сұрақтарды қоюда және сондай сұрақтарға жауап беруде сәйкес синтаксис пен лексиканы қолдану. Өзіңіздің және өзгелердің көзқарастарын түсіндіру және нақтылау, саны өсіп келе жатқан сөйлеу мәнмәтіндерінде өзгелердің көзқарасын бағалау, түсініктеме беру, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарына қатысты болжам жасау үшін сыныптастарымен өзара қарым-қатынасқа түсу, жалпы тақырыптар мен оқу бағдарламасында көрсетілген алуан түрлі тақырыптарға қатысыты өз сөзімен айту, сөйлесуде түзетулер енгізу арқылы сөйлеуді басқару және тілді өзгерту. Жалпы тақырыптар және оқу бағдарламасында көрсетілген алуан түрлі тақырыптар туралы әңгімелерде пәнге қатысты лексиканы және синтаксисті пайдалану; 4) Оқылым. Қосымша мәтіндердің күрделі және дерексіз идеясын түсіну, қосымша мәтіндердегі арнайы ақпарат пен дәйекті ақпарат. Білім алушыларға күрделірек және деректі емес, таныс жалпы тақырыптар, сондай-ақ оқу бағдарламасында көрсетілген бірқатар тақырыптар аясында толық оқуды қажет ететін мазмұнды анықтау үшін жылдамдықпен ұзақ мәтіндерді жылдам қарап шығыңыз. Білім алушыларға күрделірек және дерексіз, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптардағы көркем және ғылыми жанрдағы қосымша мәтіндердің алуан түрін оқу. Қосымша мәтіндердегі мәнмәтіннен мағынаны шығару, қосымша мәтіндерде күрделірек және дерексіз жалпы тақырыптар, сондай-ақ оқу бағдарламасында көрсетілген бірқатар тақырыптар бойынша автордың пікірін немесе көзқарасын және ұзақ мәтіндерді (параграф аралық деңгей) дамыту заңдылықтарын анықтау. Мағынаны тексеру және түсінігін тереңдету мақсатында сандық немесе баспадан шыққан ресурстарды таңдау және бағалау. Күрделірек және дерексіз жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген бірқатар тақырыптар аясындағы қосымша мәтіндерде дәлелдегі сәйкессіздіктерді түсіну; 5) Жазылым. Мәтін деңгейінде тақырып пен жанрға сәйкес келетін саналуан дұрыс жазылған лексиканы қолдана отырып, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша тәуелсіз жоспарлау, жазу, редакциялау және оқу, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша саналуан жазбаша жанрлардың сәйкес ресми деңгейіне жету үшін стильді пайдалана отырып, жалпы және оқу бағдарламаларының кең ауқымына грамматикалық дәлдікпен жазу. Жалпы таныс және оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарына қатысты саналуан жазбаша жанрларында қатысты логикалық дәлелдер қажет болғанда мысалдар мен себептерді келтіре отырып дамытатын мұғалім. Шамалы көмек ұсынылған. Жалпы таныс және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарға бағыт беруші жалғаулықтардың бірнеше түрін пайдалана отырып мәтін ретінде дәлел келтіріп жазу. Саналуан жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарға қатысты мәтінді жазған кезде қажетті құрылымды өз бетімен жазу. Жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарға қатысты көптеген функциялар арқылы хат-қатынастағы жаңалықтар мен сезімдерге байланысты қарым-қатынас орнату және жауап беру. Жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарға қатысты жазбаша түрде берілген мәтінге тыныс белгілерін бар назарын салып қойып шығу; 6) Ағылшын тілін қолдану. Тиісті функцияларды білдіру үшін әртүрлі өткен шақтағы модальды формаларды қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарына қатысты бірқатар модальды құрылымдар, соның ішінде supposed to, bound to, due, willing to/саппозед ту, баунд ту, дию, уиллиң ту қолдану, жалпы есім, сын есім және етістіктен соң келетін бірқатар тәуелді көмекші сөздерді қолдану, концессия мен құрметке жататын күрделі көмекші сөз тіркестерді қоса алғанда алуан түрін қолдану, білім алушыларға таныс жалпы тақырыптар, сондай-ақ оқу бағдарламасында көрсетілген бірқатар тақырыптар аясында әртүрлі синтаксистік типтердегі бірнеше сөзден тұратын етістіктердің алуан түрін қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген біршама тақырыптар аясында концессия мен контрастты білдіру үшін күрделірек жалғаулықтың өсіп келе жатқан түрін қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген алуан түрлі тақырыптарға қатысты pre-/пре- және post- modifying/пост модифайң зат есім құрылымын қолдану, білім алушыларға таныс, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген алуан түрлі тақырыптарға қатысты анықтаушы сөздердің, сонымен қатар сөз алдында келетін анықтаушы құрылымдардың және мәтіндік сілтемелердің кең қатарын қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптар аясында that/зәт, инфинитив және wh- clauses/х- клозес толықтырылған сын есімді қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген алуан түрлі тақырыптарға қатысты ауыспалы және сабақты етістіктерді толықтыратын үлгілерді, жақсыз және cleft-/клефт- сөйлемдерді қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптар аясында simple perfect active/симпл пөрфект әктив және passive forms/пәссив формс пен future continuous/фюче континиус формасын қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптар аясында келер шақ және future perfect/фюче пөрфект формасын қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарға қатысты төл және төлеу сөздерде өздік және ырықсыз етіс түрінде берілген осы шақ, өткен шақ және past perfect/паст пөрфект шақтың саналуан түрін орынды қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарға қатысты айтылған мәлімдемелер мен сұрақтардың кең қатарын қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген білім алушыға таныс бірқатар тақырыптарға қатысты етістіктің алдында, етістіктің артында және етістіктің соңында келетін үстеулердің/үстеулік фазалардың алуан түрін қолдану, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптар аясында that/зәт, инфинитив және wh- clauses/х- клозес толықтырылған сын есімді қолдану Бұл бағдарламаның мазмұндық білімі болып табылады және біз бұл пән бойынша не білетінімізді және осы білімді қалай алғанымызды қамтиды. Бұл пән бойынша білім оқыту бағыттары бойынша ұйымдастырылған. Бағыттар одан әрі қарай бағытшаларға бөлінеді, яғни дағды немесе тақырып, білім немесе түсінік деңгейінде. Бағдаршалар, сыныпқа байланысты күтулер ретінде, пән бойынша оқу мақсаттарын қалыптастырады. 6. Оқу мақсаттары әрбір бағдаршалар бойынша ілгерілеу деңгейін көрсетеді және мұғалімдерге білім алушылармен келесі қадамдармен бөлісе отырып, жоспарлауға және бағалауға мүмкіндік береді. 7. 1-бағыт: Мазмұны. Білім алушылар проблемаларды шешу үшін айтылым мен тыңдалым, басқа адамдар үшін нақты ақпаратты ұйымдастыру және оқылым және талдау арқылы мәдениетаралық хабардарлықты дамыту секілді дағдыларды қолдана отырып бірқатар академиялық пәндер бойынша жақсы болу үшін дағдыларды дамытады. 8. 2-бағыт: Тыңдалым. Білім алушы бірқатар жанрлардың түпнұсқалық мәтіндерінің негізгі идеяларын, таныс және ішінара таныс тақырыптар бойынша әңгімелесулерді түсінеді, функционалды маңызды мәндерді, соның ішінде мәліметтерді, кестелерді, схемаларды толтыру үшін қажетті егжей-тегжейлі және арнайы ақпаратты түсінеді, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарына қатысты терминдердің мәнін және мәтіннің негізгі бірліктерін түсінеді, факті мен пікір арасындағы айырмашылықты біледі, жалпы және оқу бағдарламасында көрсетілген саналуан тақырыптарына қатысты түрлі жанрлар мен стильдерде берілген орта көлемді мәтіндердегі сәйкессіздіктерді біледі және салыстырады, мәнмәтінді пайдала отырып, бейтаныс сөздердің мағынасын анықтайды. 9. 3-бағыт: Айтылым. Білім алушы ресми және бейресми күнделікті қарым-қатынастарда сөйлесуге қатысады, тілдің лексикалық және грамматикалық ресурстарын пайдалана отырып сөйлеу мәнерін дұрыс тұжырымдайды, осының алдында ұсынылған ауызша қарым-қатынас стратегиясын қолдана отырып, шындыққа эмоционалды және бағалайтын көзқарасты білдіреді, өздерінің пікірлерін қолдау үшін қажетті дәләлдерді қамтамасыз ету үшін мәтіндерді салыстырады және талдайды, оқиғаларды, пікірлерді және проблемаларды бағалау себептері, берілген мәселенің шешу жолдарын ұсынады және қорытындылар жасайды. 10. 4-бағыт: Оқылым. Білім алушы гуманитарлық ғылымдарға арналған жанрлар мен стильдердің бірқатар әдеби және ғылыми мәтіндерінің негізгі идеяларын түсінеді, оқылымның түрлі стратегияларын түсінеді, оқиғалар мен құбылыстардың уақыт бойынша және себеп-салдарлық байланыстарын анықтайды, қағаз және сандық ресурстарды пайдалан отырып, сөздердің мағынасын талдайды және салыстырады, бірқатар жанрлар мен стильдердегі мәтіндерінің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды. 11. 5-бағыт: Жазылым. Білім алушы жазбаша мәтіннің қысқаша сипаттамасын жоспарлайды және жасайды, бірқатар жанрлар мен стильдердегі мәтіндерді түзетеді және редакциялайды, емле және грамматика ережелерін қадағалайды, медиа ақпаратқа негізделген жазбаша мәтінде дәлелдер ұсынады, іскери хаттар мен басқа да құжаттар жазады, бірқатар тақырыптарға қатысты, оның ішінде әлеуметтік зерттеулер мен гуманитарлық ғылымдармен байланысты тақырыптарға қатысты пікірді білдіретін дискурстық мәтіндерді жазады. 12. 6-бағыт: білім алушы өзін жақсы лексикалық диапазонды және жоғары дәрежелі дәлдіктегі әртүрлі тілдің қолданушысы ретінде сипаттайды. Білім алушы өткен, осы және келер шақ формаларын, модальдарды, етістіктің актив және пассивті формаларын, төл және төлеу сөз үлгілерін қолдану қабілеттерін дамытады.