2-тарау. "Орыс әдебиеті" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 4. "Орыс әдебиеті" пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты; 2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына – 68 сағатты құрайды. Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген). 5. "Орыс әдебиеті" оқу пәні бойынша бағдарламаның мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер күтілетін нәтижелер түріндегі сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады: дағды немесе білік, білім немесе түсінік. 6. Әрбір бөлімше ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары, мұғалімдерге өз жұмыстарын жоспарлауға және білім алушылардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді. 7. Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады: "Түсіну және мәтін бойынша жауаптар", "Мәтінді талдау және интерпретациялау", "Бағалау және салыстырмалы талдау". 8. "Түсіну және мәтін бойынша жауаптар" келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) терминдерді түсіну; 2) көркемдік шығарманы түсіну; 3) жатқа оқу және цитата келтіру; 4) жоспар құру; 5) мазмұндау; 6) сұрақтарға жауаптар. 9. "Мәтінді талдау және интерпретациялау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) жанр; 2) тақырып және идея; 3) композиция; 4) эпизодттарды талдау; 5) кейіпкерлерге мінездеме; 6) түрлі түсінік формасындағы шығарманың көркемдік әлемі; 7) автордың қатынасы; 8) әдебиеттік тәсілдер және бейнелеу құралдары; 9) шығармашылық хат. 10. "Бағалау және салыстырмалы талдау" келесі бөлімшелерден тұрады: 1) көркемдік туындыны бағалау; 2) көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру; 3) әдебиет туындыларын салғастыру; 4) пікірді бағалау.