2-тарау. "Орыс тілі" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
8. "Орыс тілі" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағатты;
2) 11- сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
9. "Орыс тілі" оқу пәнінің мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
10. Әрбір бөлімшеде көрсетілген оқытудың мақсаты мұғалімге сөйлеу әрекетінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жоспарлауға, сондай-ақ оқушылардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
11. Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімнен тұрады:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) сөйлеу нормаларын сақтау.
12. "Тыңдалым және айтылым" бөлімінде:
1) хабардың / ақпараттың мазмұнын түсіну;
2) негізгі идеяны анықтау;
3) оқиғаны болжау;
4) диалогқа қатысу;
5) монологтық сөйлемдер құрастыру;
6) тыңдалған материалды бағалауды қамтитын бөлімшелер бар.
13. "Оқылым" бөлімінде:
1) ақпаратты түсінуді;
2) мәтіннің құрылымдық бөліктерін және негізгі ойды анықтауды;
3) оқылған мәтінде лексикалық және синтаксистік бірліктердің қолданылуын түсінуді;
4) мәтіннің түрлері мен стильдерін анықтауды;
5) сұрақтарды құрастыруды және бағалауды;
6) оқылым түрін;
7) әртүрлі дереккөздерден ақпарат алуды;
8) мәтіндерді салыстырмалы талдауды;
9) мәтінді интерпретациялауды қамтитын бөлімшелер бар.
14. "Жазылым" бөлімінде:
1) тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалдардың мазмұнын жаза білуді;
2) ақпаратты әртүрлі формаларды ұсынуды;
3) түрлі типтер мен стильдердегі мәтіндер құруды;
4) эссе жазуды;
5) шығармашылық жазба жұмыстарын;
6) мәтіндерді түзетуді және редакциялауды қамтитын бөлімшелер бар.
15. "Сөйлеу нормаларын сақтау" бөлімінде:
1) орфографиялық нормаларды сақтауды;
2) лексикалық нормаларды сақтауды;
3) грамматикалық нормаларды сақтауды;
4) пунктуациялық нормаларды сақтауды қамтитын бөлімшелер бар.
16. Базалық мазмұны
17. 10-сыныпта:
1) тыңдалым және айтылым: мәтіндегі негізгі және толық ақпаратты түсіну, факт және пікірдің айырмашылығы, бейвербалды қарым-қатынас құралдарының қолданылуын ескере отырып, негізгі идеяны анықтау, мәтінде көтерілген мәселе бойынша мазмұнды болжау, пікірсайыстарға қатысып, өз позициясын дәлелдеу, проблеманы шешудің әртүрлі жолдарын ұсыну, кемiнде 3 микротақырыпты қамтитын қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-мәдени, оқу және ғылым салаларында кешендi монолог құру (белгіленген тақырып бойынша ойлау, өз ойына сенiмдiлiкті білдіру), ақпараттың өзектілігіне, шынайылығына байланысты өз пікірін білдіру тұрғысынан тыңдаған материалдарды бағалау;
2) оқылым: мәтіндегі ақпаратты басқа дереккөздерден алынған/ жеке тәжірибедегі ақпаратпен салыстырып, әртүрлі мәтіндердегі негізгі, детальді, жасырын ақпаратты түсіну, мәтіннің негізгі идеясын беруде ескертпе жазбалардың, иллюстрациялардың, тақырыпшалардың рөлін анықтау, мәтіндегі арнайы лексика, аббревиатуралар, перифразалар, аллюзия, эвфемизмдер және басқа өрнектердің қолданылуын түсіну, әр түрлі жанрдағы мәтіндердің типтерін, белгілерін және тілдік ерекшеліктерін анықтау, көпшілікке арналған ғылыми стильдегі (очерк, эссе, мақала) мәтіндердің, публицистикалық стильдегі мәтіндердің (жазба, баспасөз хабарламасы, саяхат очеркі) ерекшеліктері, оқылған мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, зерттеу идеяларын қалыптастыру, оқу, сканерлеу және детальді оқу әдістерін қолдану, түрлі дереккөздерден ақпарат алу және синтездеу, түрлі көзқарастарды салыстыру, тақырыпты, негізгі ойды, проблеманы, мақсатты, мәтіннің кімге арналғанын, авторлық ұстанымын ескере отырып, мәтіндердің стильдік (композициялық, тілдік және жанрлық) ерекшеліктерін салыстыру, сөйлемнің, абзацтың мазмұнын тақырыпқа, негізгі идеяға, авторлық ұстанымға қатысты түсіндіру;
3) жазылым: тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалдың мазмұнын жазу, бастапқы материалдағы негізгі ойды сақтай отырып, мазмұнын беру, графиктер, кестелер, диаграммалар, диаграммалар, сызбалар, инфографика, соның ішінде АКТ пайдалана отырып, ақпарат ұсыну, көпшілікке арналған ғылыми стильдегі (очерк, эссе, мақала) мәтіндер, публицистикалық стильдегі мәтіндер (жазба, баспасөз хабарламасы, саяхат очеркі) құрастыру, әртүрлі эсселер, оның ішінде сыни эсселер жазу, ғылыми және публицистикалық әдебиеттерді талдау, автормен келісу / келіспеушілікті білдіру және негіздеу, оқырманға әсер ету құралдарын қолданып, түрлі жанрлардағы сипаттама мәтіндер мен әңгімелеу мәтіндер жазу, мәтіннің мақсатын, кімге арналғанын, қатынас жағдайын және оқырманға әсер етуін ескере отырып, мәтіндегі барлық кемшіліктерді түзету және редакциялау, мәтіннің белгілі композициялық элементтері болып табылатын фрагменттер/ мәтіннің үзінділерін, шығармашылық жұмыстар жазу;
4) сөйлеу нормаларын сақтау: орфографиялық нормаларды сақтау, қатынас мақсаты мен жағдайына сәйкес ресми іс қағаздар стилінің, публицистикалық және ғылыми стиль лексикасын, стилистикалық фигураларды қолдану, сөзжасам және морфологиялық нормаларды (дерексіз мағыналы етістіктерді, осы шақ формасындағы етістіктерді қолдану) сақтау, жай сөйлемдерде, күрделенген жай сөйлемдерде және құрмалас сөйлемдерде тыныс белгілерінің қолданылуы.
18. 11-сыныпта:
1) тыңдалым және айтылым: мәтіндегі негізгі және детальді ақпаратты түсіну, автордың позициясына сыни көзқарас білдіру, мәтін авторының мақсаты мен позициясына негізделген негізгі ойды анықтау, мәтіннің мазмұнын кестелер мен сұлбалар бойынша болжау, іскерлік әңгімеге қатысу, мәселені шешу және келісімге қол жеткізу, қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-мәдени, әлеуметтiк-экономикалық және бiлiм мен ғылым салалары шеңберiнде көпшiлiк алдында сөйлеу үшiн кешендi монолог құру, тыңдалған материалды дәлелді сендіру тұрғысынан бағалау, оған сыни баға беру;
2) оқылым: әртүрлі мәтіндердегі негізгі, детальді, жасырын ақпаратты түсіну, авторлық ұстанымды сыни бағалау, мәтіннің негізгі ойын беруде түс, реңктің, дыбыстық және графикалық бейнелердің, гиперсілтемелердің ролін анықтау, мәтіндегі суреттердің, стилистикалық фигуралардың және басқа да әдістердің қолданылуын түсіну, ғылыми және публицистикалық стильдердегі мәтіндердің (аннотация, тезистер, репортаж, көпшілік алдында сөйлеу) типтерін, сипаттамаларын және тілдік ерекшеліктерін анықтау, оқылған мәтін бойынша зерттеу сұрақтарын құрастырып, гипотезаларды қалыптастыру, оқырманның өзі белгілеген коммуникативтік міндеттеріне байланысты оқылымның әртүрлі түрлерін қолдану, әртүрлі дереккөздерден ақпарат алу, өзара қатынасын анықтап, негізделген тұжырымдар жасау, тақырыпты, негізгі ойды, проблеманы, мақсатты, мәтіннің кімге арналғанын, автор ұстанымын, оқырманға әсер етуін ескере отырып, мәтіндердің стильдік (композициялық, тілдік және жанрлық) ерекшеліктерін салыстыру, мәтіннің фрагментінің мазмұнын түсіндіру, оның тақырыпқа, негізгі идеяға, авторлық ұстанымға қатысын анықтау;
3) жазылым: тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалдың мазмұнын жазу, бастапқы материалдағы негізгі ойды сақтай отырып, мазмұнын қысқарту және өңдеп жазу, кесте, диаграмма, графиктер, диаграммалар, аудио файлдарды, фотосуреттерді, жылжымалы иллюстрацияларды пайдаланып, презентация түрінде ақпаратты ұсыну, мәтіннің мақсатын, кімге арналғанын, қатынас жағдайын ескере отырып, ғылыми және публицистикалық стильде (аннотация, тезистер, репортаж, көпшілік алдында сөйлеу), әр түрлі эссе жазу, оның ішінде дәлдер келтірілген және пікірталас тудыратын эсселер, ғылыми, публицистикалық әдебиеттерде ұсынылған мәселені қарау және талдау, осы мәселені шешудің жолдарын ұсыну және негіздеу, автордың сенімдерін, көзқарастарын және сезімдерін көрсететін тәсілдерді қолдана отырып, түрлі жанрдағы сипаттау мәтіндер және хабарлы мәтіндер жазу, мәтіннің мақсатын, кімге арналғанын, қатынас жағдайын және оқырманға әсер етуін ескере отырып, мәтіндегі барлық кемшіліктерді түзету және редакциялау, шығармашылық жұмыстар жазу (хабарлы мәтіндер мен аралас түрдегі мәтіндер);
4) сөйлеу нормаларын сақтау: орфографиялық нормаларды сақтау, қатынас мақсаты мен жағдайына сәйкес ресми іс қағаздар стилінің, публицистикалық және ғылыми стиль лексикасын, стилистикалық фигураларды қолдану, сөзжасам және морфологиялық нормаларды (дерексіз мағыналы етістіктерді, осы шақ формасындағы етістіктерді қолдану), синтаксистік нормаларды (жақсыз сөйлемдердегі қысқарған формадағы есімшелер және ырықсыз етіс формасындағы етістік қатысқан пассивті конструкциялар) және стилистикалық нормаларды сақтау, жай сөйлемдерде, күрделенген жай сөйлемдерде және байланыстың әр түрлі түріндегі құрмалас сөйлемдерде тыныс белгілерінің қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |