"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет28/61
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82866
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61
Байланысты:
v1900018382.07-03-2019.kaz (1)

3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
13. Бағдарламада "оқыту мақсаттары" төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында "10"-сынып, "2.1" – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, "4" - оқыту мақсатының реттік саны.
1. Заттардың бөлшектері:

Білім алушылар жасай алады






10-сынып

11-сынып

1.1 Атомдар, молекулалар және иондар

10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;

10.1.1.2 "салыстырмалы атомдық масса", "салыстырмалы молекулалық масса" және "молярлық масса" ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;


10.1.1.3 зат мөлшері шамасын және стехиометриялық заңдарды қолданып есептеулер жүргізу







1.2 Атомның құрамы мен құрылысы

10.1.2.1 "нуклидтер" мен "нуклондар" ұғымының мағынасын түсіндіру;

10.1.2.2 қоспадағы химиялық элементтің табиғи изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу;


10.1.2.3 радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндіру;


10.1.2.4 изотоптардың ядросы тұрақтылығын анықтау үшін химиялық элементтердің атом ядроларындағы протон/нейтрон қатынасы қисығын қолдану;


10.1.2.6 ядролық реакциялар теңдеулерін құрастыру







1.3 Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы

10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін атау;

10.1.3.2 электрон орбитальдарын толтыру үшін минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану;


10.1.3.3 - s-, p-, d-, f- орбитальдарының пішінін ажырату;


10.1.3.4 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу







1.4 Химиялық байланыстың түрлері

10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;

10.1.4.2 қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру;


10.1.4.3 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау;


10.1.4.4 әртүрлі гибридтену түрлерін түсіндіру;


10.1.4.5 заттың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру;


10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;


10.1.4.7 ковалентті байланысты қосылыстар үшін "нүктелер мен айқыштар" диаграммасын құрастыру;


10.1.4.8 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;


10.1.4.9 ионды байланысты қосылыстар үшін "нүктелер мен айқыштар" диаграммасын құрастыра алу;


10.1.4.10 молекулалардың және иондардың кеңістіктік пішінін жорамалдау үшін электрон жұптарының тебісу теориясын қолдану;


10.1.4.11 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;


10.1.4.12 сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;


10.1.4.13 кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау











2. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары:

Білім алушылар білуі тиіс:






10-сынып

11-сынып

2.1 Периодтық заң және периодтық жүйе

10.2.1.1 химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;

10.2.1.2 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;


10.2.1.3 периодтар және топтарда бойынша химиялық элементтердің қосылыстарының тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылығын болжау;


10.2.1.4 периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау;


10.2.1.5 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;


10.2.1.6 галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыр;


10.2.1.7 галогенид-иондарды тәжірибе жүзінде анықтауды жоспарлау және анықтау;


10.2.1.8 хлордың суды залалсыздандыруда қолдануын түсіндіру және осы процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;


10.2.1.9 галогендер және олардың қосылыстарының физиологиялық ролін анықтау;


10.2.1.10 -2 (ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;


10.2.1.11 2 (ІІ) топэлементтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;


10.2.1.12 сілтілік-жер металдардың маңызды қосылыстарының қолданылу аясын атау;


10.2.1.13 - 2 (ІІ) топ металдары катиондарын сапалық анықтауды жоспарлау және оны тәжірибе жүзінде жасау;


10.2.1.14 - табиғаттағы карбонаттар айналымының схемасын құру және олардың қолданылу аймағын атау


11.2.1.1 14 (ІV) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;

11.2.1.2 14 (ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;


11.2.1.3 14 (ІV) топэлементтерінің +2 және +4 тотығу дәрежелі оксидтерінің қасиеттерін түсіндіре алу;


11.2.1.4 14 (ІV) топ элементтерінің сулы ерітіндідегі +2 және +4 тотығу дәрежелі қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылығын болжау;


11.2.1.5 14 (ІV) топ элементтерінің жай заттары және химиялық қосылыстарының алыну әдістерін сипаттау;


11.2.1.6 14 (ІV) топ элементтерінің және оның қосылыстарының таралуы және қолданылуы туралы мәліметтерді талдау;


11.2.1.7 азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін түсіндіру;


11.2.1.8 аммоний ионындағы байланыстардың түзілу механизмін түсіндіру;


11.2.1.9 газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;


11.2.1.10 аммиакты өнеркәсіпте өндірудің (Габер процесі) ғылыми принциптерін түсіндіру;


11.2.1.11 азот тыңайтқыштары өндірісі үдерісін түсіндіру;


11.2.1.12 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;


11.2.1.13 азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну;


11.2.1.14 - күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру;


11.2.1.15 - сульфид-ионының сапалық реакциясын білу;


11.2.1.16 - атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін атау;


11.2.1.17 - тағам өнеркәсібінде күкірт (IV) оксидін қолданылу аймағын атау;


11.2.1.18 - күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру;


11.2.1.19 - күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің ғылыми принциптерін түсіндіру;


11.2.1.20 - күкірт қышқылының қолдану аймағын атау;


11.2.1.21 - Ti –Сu атомдарының электрондық құрылысы негізінде қандай металдар ауыспалы болатындығын түсіндіру;


11.2.1.22 - ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу;


11.2.1.23 атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру;


11.2.1.24 кешенді қосылыстың құрылымын сипаттау;


11.2.1.25 ауыспалы металдардың кешен түзу реакцияларын, оның ішінде мыс (+2) кешендерінің, темір (+2, +3) кешендерінің сумен және аммиакпен реакцияларын сипаттау және олардың түсін білу;


11.2.1.26 - ауыспалы металдардың кешенді қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттау;


11.2.1.27 гемоглобин құрамында темір (+2) кешенінің болатынын түсіндіру және оттегін тасымалдаудағы оның ролін түсіну;


11.2.1.28 иіс газымен улану қалай жүретіндігін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдісін сипаттау


2.2 Заттар массасының сақталу заңы

10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда "молярлық концентрация", "молярлық көлем" шамаларын қолданып есептеулер жүргізу;

10.2.2.2 бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу;


10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу;


10.2.2.4 элементтердің белгілі массалық үлестері және олардың буларының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым және молекулалық формуласын шығару


11.2.2.1 параллель жүретін реакциялар теңдеулері бойынша есептер шығару;

11.2.2.2 тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;


11.2.2.3 олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару;


11.2.2.4 орынбасу реакциялары теңдеулері бойынша есептер шығару


2.3 Стандартты электрондық потенциалдар

10.2.3.1 электронды баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастыру;

10.2.3.2 жартылай иондық реакция әдісімен тотығу – тотықсыздану реакцияларының электрондық-иондық теңдеулерін құрастыру;


10.2.3.3 "стандартты электродтық потенциал" ұғымын түсіндіру;


10.2.3.4 сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау үшін стандартты электродтық потенциалдар кестесін қолдану;


10.2.3.5 гальваникалық элементті химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғы есебінде түсіну;


10.2.3.6 гальваникалық элементтің жұмыс принципін түсіндіру;


10.2.3.7 аккумуляторларды зарядтау және разрядтау процесін сипаттау;


10.2.3.8 электролиз процесінің мәнін сипаттау;


10.2.3.9 электродтардағы электролиз өнімдерін болжау үшін эмпирикалық ережелерді қолдану


11.2.3.1 металдарды алудың маңызды әдістерін талдау: гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;

11.2.3.2 ғылымда, техникада және тұрмыста қолданылатын маңызды құймалардың құрамын білу: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;


11.2.3.3 шойын және болатты алу әдістерін және қасиеттерін сипаттау;


11.2.3.4 металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру;


11.2.3.5 гальваностегия, гальванопластика процестерін ажырату;


11.2.3.6 коррозиядан қорғау және декоративті мақсаттар үшін гальваникалық жабындарды қолдану принциптерін зерделеу;


11.2.3.7 химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптерін атау;


11.2.3.8 материалдарды екіншілік қайта өңдеудің қажеттілігін негіздеу;


11.2.3.9 металлургия өнеркәсібінің экологиялық проблемаларын түсіндіру


3. Химиялық реакциялар энергетикасы:

Білім алушылар жасай алады






10-сынып

11-сынып

3.1 Экзотермиялық және эндотермия-лық реакциялар

10.3.1.1 ішкі энергия және энтальпия өзгерістер жылу эффектісі болып табылатындығын түсіну

10.3.1.2 химиялық реакциялар - байланыстардың үзілуі мен жаңа байланыстардың түзілу процесін қамтитындығын түсіну;


10.3.1.3 реакцияның энтальпия өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтау және оны анықтамалық деректер негізінде есептеу;


10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіру және оны химиялық реакцияның энтальпия өзгерісін есептеу үшін қолдана алу;


10.3.1.5 энтропияны жүйенің ретсіздік өлшемі ретінде түсіндіру және оны анықтамалық деректер бойынша есептеу;


10.3.1.6 Гиббстің бос энергия өзгерісін түсіндіру және анықтамалық деректер арқылы есептеу;


10.3.1.7 термодинамикалық мәндер бойынша реакцияның өздігінен жүру бағытын болжау







3.2 Химиялық реакциялардың жылдамдығы

10.3.2.1 гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу;

10.3.2.2 қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу;


10.3.2.3 реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының қолданылатындығын түсіндіру;


10.3.2.4 әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізу;


10.3.2.5 химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсерін түсіндіру;


10.3.2.6 химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;


10.3.2.7 химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;


10.3.2.8 - Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер жүргізу;


10.3.2.9 "белсендіру энергиясы" ұғымының физикалық түсіндіру;


10.3.2.10 катализ процесінің мәнін түсіндіру;


10.3.2.11 гомогенді және гетерогенді катализді ажырату;


10.3.2.12 катализаторлардың әсер ету механизмін түсіндіру;


10.3.2.13 сутек пероксидінің айырылу жылдамдығына әртүрлі катализаторлардың әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу







3.3 Химиялық тепе-теңдік

10.3.3.1 химиялық тепе-теңдіктің динамикалық сипатын түсіндіру;

10.3.3.2 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау;


10.3.3.3 не себепті катализатор тепе-теңдіктің тез орнауына әсер ететінін, бірақ ығысуына әсер етпейтіндігін түсіндіру;


10.3.3.4 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу;


10.3.3.5 реакция үшін тепе-теңдік константасының өрнегін құру;


10.3.3.6 тепе-теңдік константасына әр түрлі факторлардың әсерін болжау;


10.3.3.7 тепе-теңдік константасына қатысты есептерді шығару;


10.3.3.8 Габер процесі мысалында химиялық өнеркәсіптегі өнімнің шығымын арттыруда химиялық тепе-теңдіктің ығысу ролін және күкірт оксиді мен азот оксидінің тотығу процесін түсіндіру







3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер






11.3.4.1 Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау және түсіну;

11.3.4.2 судың иондық көбейтіндісін білу;


11.3.4.3 сутектік көрсеткішті lg[H+] ретінде түсіну және ерітіндінің рН ін концентрацияға [Н+] және кері түрлендіру;


11.3.4.4 күшті қышқыл және күшті негіздің pH ін есептеу;


11.3.4.5 буферлі ерітінділердің әсер ету принципін түсіндіру;


11.3.4.6 буферлі ерітінділердің қолдану аймағын атау;


11.3.4.7 қышқыл-негіздік титрлеудің мәнін түсіну;


11.3.4.8 күшті негізді күшті қышқылмен титрлеуді жүргіз;


11.3.4.9 титрлеу нәтижесі бойынша есептеулер жүргізу


4. Химия және қоршаған орта:

Білім алушылар жасай алады






10-сынып

11-сынып

4.1 Жер химиясы






11.4.1.1 "Жасыл химияның" 12 принципін атау және оны түсіндіру;

11.4.1.2 атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану масштабын түсіндіру;


11.4.1.3 озон қабатының бұзылу себептерін зерделеу;


11.4.1.4 "парникті эффектінің" салдарларын болжау;


11.4.1.5 "парникті эффектінің" және озон қабатының бұзылу мәселелерін ажырату;


11.4.1.6 ғаламдық мәселелерді шешудің жолдарын бағалау


4.2 Көміртек және оның қосылыстары

10.4.2.1 - органикалық химия - бұл көмірсутектер және олардың туындыларының химиясы деп түсіну;

10.4.2.2 - көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырату;


10.4.2.3 - функционалдық топтар бойынша органикалық қосылыстардың негізгі кластарын ажырату;


10.4.2.4 - гомологтық қатардың қалыптасуын және оның өкілдері қасиеттерінің ұқсастығын түсіндіру;


10.4.2.5 - қосылыстардың құрылымдық формуласын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау;


10.4.2.6 - изомерия түрлерін атау және изомерлер формулаларын құрастыру: құрылымдық, байланыстың орны бойынша, функционалдық топтар және классаралық изомерлер;


10.4.2.7 - әр түрлі алкандардың жану процесін зерттеу және олардың отын ретінде қолдануын түсіндіру;


10.4.2.8 - алкандардың жану өнімдерін және қоршаған ортаға экологиялық салдарын бағалау;


10.4.2.9 - берілген жану өнімдері бойынша заттың гомологтық қатары бойынша молекулалық формуласын анықтау;


10.4.2.10 - алкандардың галогендену реакциясы мысалында орынбасу реакциясының бос радикалды механизмін түсіндіру;


10.4.2.11 - алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құру;


10.4.2.12 Циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, химиялық, физикалық қасиеттерін білу;


10.4.2.13 - "қанықпағандық" терминін және оның қосылыстың қасиеттеріне әсерін түсіндіру;


10.4.2.14 - алкендердің қанықпағандығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу;


10.4.2.15 - цис- және транс- изомерлер молекулаларының модельдерін құру және оны стереоизомерияның бір түрі ретінде түсіну;


10.4.2.16 - электрофильді және нуклеофильді бөлшектерді ажырату;


10.4.2.17 - алкендер үшін электрофильді қосылу реакциясы механизмін түсіндіру;


10.4.2.18 - асимметриялы алкендерге қосылу реакциясының өнімдерін болжау;


10.4.2.19 - қосылу реакциялары теңдеулерін құру: галогендеу, гидратациялау, гидрогалогендеу;


10.4.2.20 - полимерлеу реакциясының мәнін түсіндіру;


10.4.2.21 - химиялық реагенттерге қатысы бойынша пластиктердің салыстырмалы инерттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу;


10.4.2.22 полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құру;


10.4.2.23 полиалкендердің қолдану аймағын атау және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалау;


10.4.2.24 алкадиендердің құрылысы негізінде олардың қасиеттерін түсіндіру


10.4.2.25 каучук пен резинаның табиғатта таралуын, алыну жолдарын оқу


10.4.2.26 алкиндердің құрылымдық формулаларын құрастыру, химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын оқу


10.4.2.27 мұнайды айдау үдерісінің маңызын түсіну және қолданылу аясын сипаттау;


10.4.2.28 термиялық және катализдік крекинг процесін түсіндіру;


10.4.2.29 мұнайға серік газдардан маңызды өнімдер алу жолдарын білу


10.4.2.30 спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеу;


10.4.2.31 - молекуладағы атомдардың өзара әсері негізінде спирттердің химиялық қасиеттерін түсіндіру;


10.4.2.32- біратомды және көпатомды спиртттерге сапалық реакция жүргізу;


10.4.2.33 - этанолды этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы алу реакциясының теңдеулерін құрастыру;


10.4.2.34 - этанолды алу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;


10.4.2.35 спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу;


10.4.2.36 галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіру;


10.4.2.37 галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындау;


10.4.2.38 нуклеофильді реагенттермен галогеналкандардың реакция теңдеулерін құрастыру;


10.4.2.39 галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциясының механизмін түсіндіру;


10.4.2.40 элиминирлеу реакциясының механизмін түсіндіру


10.4.2.41 фенолдың құрамы мен құрылысын, пластмасса өндіруде фенолдың қолданылуын білу


11.4.2.1 альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының функциональды топтарының құрылысын сипаттау;

11.4.2.2 альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды IUPAC бойынша атау;


11.4.2.3 альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру;


11.4.2.4 альдегидтер және кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау;


11.4.2.5 альдегидтер және кетондардың тотығу және тотықсыздану өнімдерін атау;


11.4.2.6 альдегидтер және кетондардың нуклеофильді қосылу реакциясына мысалдар келтіру;


11.4.2.7 карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін және алыну жолдарын түсіндіру;


11.4.2.8 карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;


11.4.2.9 этерификация реакциясының механизмін сипаттау;


11.4.2.10 карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттар және биодизельді отындардың қолданылу аймағын атау;


11.4.2.11 Майлардың құрамы мен құрылысын білу


11.4.2.12 бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;


11.4.2.13 бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру;


11.4.2.14 электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласындағы байланыстардың түзілу энергиясын түсіндіру;


11.4.2.15- бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;


11.4.2.16 бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін түсіндіру;


11.4.2.17 органикалық қосылыстар синтезі үшін бензол реакциясының маңыздылығын түсіндіру;


11.4.2.18 толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру;


11.4.2.19 "мономер", "құрылымдық буын", "олигомер", "полимер", "полимерлену дәрежесі" негізгі ұғымдарын ажырату;


11.4.2.20 полимерлену реакциясының теңдеуін құрастыру;


11.4.2.21 поликонденсация реакциясының теңдеуін құру;


11.4.2.22 поликонденсация реакциясы негізінде алынатын полимерлер гидролизденетінін және биологиялық ыдырай алатынын түсіну;


11.4.2.23 полиэтилен, полипропилен, полистирол, тефлон, поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полиэфир, фенолформальдегид шайыры полимерлерінің негізінде алынған пластмассалардың қасиеттерін, қолдану аймағын атау;


11.4.2.24 пластмасса және талшықтарды тәжірибе жүзінде анықтау;


11.4.2.25 қоршаған ортаға пластиктер өндірісінің және қолданысының әсерін талдау;


11.4.2.26 полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау;


11.4.2.27 жаңа материалдарды жасаумен және өндірумен айналысатын ғылымдар саласын атау;


11.4.2.28 аспиринді, таксолды физиологиялық белсендігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдері ретінде атау;


11.4.2.29 физиологиялық белсенділік үшін хиральділік және молекулалық қабаттың маңыздылығын түсіндіру;


11.4.2.30 синтетикалық дәрілік препарат үлгісі ретінде аспиринді алу процесін сипаттау;


11.4.2.31 дәрілік заттарды өндіру проблемаларын атау;


11.4.2.32 "нанобөлшек", "нанохимия" және "нанотехнология" ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;


11.4.2.33 нанобөлшектерді синтездеу және зерттеу әдістерін сипаттау;


11.4.2.34 нанобөлшектердің қолдану аймағын атау;


11.4.2.35 наноматериалдардың ерекшеліктерін сипаттау;


11.4.2.36 -көміртекті нанобөлшектер құрылымын сипаттау: фуллерен С60, графен, нанотүтік, наножіп, наноталшықтар;


11.4.2.37 кристалдарды өсіру және полимеризациялау жолымен наноматериалдардың алынуын сипаттау;


11.4.2.38 жаңа полимерлер және композициялық материалдар өндірудің маңыздылығын түсіндіру;


11.4.2.39 адамзаттың әр түрлі бағыттағы іс-әрекетін дамыту үшін жаңа материалдардың практикалық маңызын бағалау;


11.4.2.40 сапалық реакциялар көмегімен функционалды топтарды анықтау;


11.4.2.41 физикалық және химиялық сынақ көмегімен қосылыстарды анықтау


11.4.2.42 физикалық және химиялық қасиеттері бойынша заттарды анықтауға арналған есептер шығару;


11.4.2.43 органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысын сипаттау;


11.4.2.44 қарапайым органикалық синтезді жүргізе алу және түзілген өнімнің шығымын бағалау;


11.4.2.45 органикалық заттардың генетикалық байланысы негізінде өзгерістер тізбегін құрастыру және есептерді шешу


5. Химия және өмір:

Білім алушылар жасай алады






10-сынып

11-сынып

5.1 Биохимия






11.5.1.1 аминдердің жіктелуін және номенклатурасын білу;

11.5.1.2 аммиак және аминдер құрылымын салыстыру;


11.5.1.3 аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру;


11.5.1.4 аммиак, аминдер және анилиннің негіздік қасиеттерін салыстыру;


11.5.1.5 нитрилдерді тотықсыздандыру арқылы және галогеналкандардан нуклеофильді орынбасу реакциялары арқылы аминдердің түзілу механизмін сипаттау;


11.5.1.6 нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастыру;


11.5.1.7 аминқышқылдардың жүйелі және тривиальді аталуынбілу;


11.5.1.8 аминқышқылдар молекулаларының құрамын, құрылысын сипаттау;


11.5.1.9 алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдардың биологиялық ролін түсіндіру;


11.5.1.10 аминқышқылдардың биполярлы иондар түзу қабілетін түсіндіру;


11.5.1.11 аминқышқылдардың екідайлылығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу;


11.5.1.12 a-аминқышқылдардан ақуыздар алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіну;


11.5.1.13 ақуыздар гидролизнің реакция теңдеуін құрастыру;


11.5.1.14 глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлозаның молекулаларының сызықты және циклді формасын құрастыру;


11.5.1.15 глюкозаның функционалдық топтарын тәжірибе жүзінде анықтай алу;


11.5.1.16 глюкозаның спирттік, сүт қышқылды, май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;


11.5.1.17 крахмалға сапалық реакция жүргізе алу;


11.5.1.18 сахароза, крахмал, целлюлозаның гидролиз өнімдерін атау;


11.5.1.19 крахмал және целлюлозаның құрылысын, қасиеттерін салыстыру;


11.5.1.20 ақуыздардың өмір үшін ролін сипаттау;


11.5.1.21 ақуыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату;


11.5.1.22 ақуыздың әр түрлі құрылымдарының пішінін анықтайтын факторларды атау;


11.5.1.23 ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдардың сапалық және сандық құрамына тәуелділігін сипаттау;


11.5.1.24 гидролиз реакциясы бойынша берілген деректер негізінде полипептидтің құрамын анықтау;


11.5.1.25 ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау;


11.5.1.26 ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау;


11.5.1.27 "құлып және кілт" моделі тұрғысынан ферменттердің әрекетін және ферментативті катализ процесін түсіндіру;


11.5.1.28 ингибирлі бәсекелестікті түсіндіру;


11.5.1.29 ДНҚ құрылымының моделін сипаттау;


11.5.1.30 ДНҚ молекуласындағы ақуыздың біріншілік құрылымын кодтау жүйесін түсіндіру;


11.5.1.31 АТФ гидролизі құрылымын және сызбасын құрастыру;


11.5.1.32 биологиялық маңызды металдардың: темір, магний, кальций, калий, натрийдің ролін бағалау;


11.5.1.33 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау;


11.5.1.34 ауыр металдардың тірі ағзаға уытты әсерін түсіндіру


14. Осы оқу бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған "Химия" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.






Жалпы орта білім беру

деңгейінің жаратылыстану-


математикалық бағыттағы


10-11-сыныптарға арналған


"Химия" пәнінен жаңартылған


мазмұндағы үлгілік оқу


бағдарламасына


қосымша


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған "Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
1) 10-сынып:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырыбы/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

10.1 А Атом құрылысы

Атом – күрделі бөлшек.

"Орташа салыстармалы атомдық массаны есептеу" тақырыбына есептер шығару


10.1.2.1 "нуклидтер" мен "нуклондар" ұғымының физикалық мәнін түсіндіру;

10.1.2.2 табиғи қоспадағы химиялық элемент изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу


Радиоактивтілік

10.1.2.3 радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндіру;

10.1.2.4 изотоптардың ядросы тұрақтылығын анықтау үшін химиялық элементтердің протон/нейтрон қисығын қолдану;


10.1.2.5 ядролық реакциялар теңдеулерін құрастыру


Энергетикалық деңгейлер. Кванттық сандар және орбитальдар

10.1.3.1 Квант сандарының мәні мен сипаттамасын атаау;

10.1.3.2 электрон орбитальдарын толтыру ережесін: минимальді энергия принципін, Паули принципін, Хунд ережесін қолдану;


10.1.3.3 s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату;


10.1.3.4 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу


10.1 B Элементтер мен олардың қосылыстарының периодты өзгеруі

Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

10.2.1.1 химиялық элемент атомдарының физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;

10.2.1.2 период және топ бойынша химиялық элементтердің оттекті және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру


Периодтар және топтарда қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

10.2.1.3 периодтар және топтарда бойынша химиялық элементтердің қосылыстарының тотығу - тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылығын болжау;

10.2.1.4 периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау


10.1 C Химиялық байланыс

Ковалентті байланыс.

Ковалентті байланыс қасиеттері


10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;

10.1.4.2 қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру;


10.1.4.3 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау


Гибридтену түрлері: sp, sp2, sp3.

№1 зертханалық тәжірибе


"Ковалентті байланысты заттардың (N2, О2, алмаз) моделін құрастыру"


10.1.4.4 гибридтелу түрінің әртүрлілігінің физикалық мәнін түсіндіру;

10.1.4.5 заттың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру


Электртерістілік және байланыс полярлығы

10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;

10.1.4.7 ковалентті байланысты қосылыстар үшін "нүктелер мен айқыштар" диаграммасын құрастыру


Иондық байланыс

10.1.4.8 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;

10.1.4.9 ионды байланысты қосылыстар үшін "нүктелер мен айқыштар" диаграммасын құрастыру


Валентті электрон жұбы бұлттарының тебісу теориясы

10.1.4.10 молекулалардың және иондардың кеңістіктік пішінін жорамалдау үшін валентті электрон жұбы бұлттарының тебісу теориясын қолдану

Металдық байланыс

10.1.4.11 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру

Сутектік байланыс

10.1.4.12 сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру

Кристалдық торлар.

10.1.4.13 кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау

10.1 D Стехио-метрия

Химияның негізгі стехиометриялық заңдары

10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы

Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса

10.1.1.2 "салыстырмалы атомдық масса", "салыстырмалы молекулалық масса" және "молярлық масса" ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру

Зат мөлшері. Стехиометриялық заңдар

10.1.1.3 зат мөлшері ұғымын және стехиометриялық заңдарды қолданып есептеулер жүргізу

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер. "Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің проценттік шығымын есептеу"

10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда "молярлық концентрация", "молярлық көлем" ұғымдарын қолданып есептеулер жүргізу;

10.2.2.2 бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу;


10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын процентпен есептеу


2 тоқсан

10.2 A Термо-динамикаға кіріспе

Ішкі энергия және энтальпия.

Практикалық жұмыс №1 "Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау"


10.3.1.1 ішкі энергия және энтальпия өзгерістер жылу эффектісі болып табылатындығын түсіну;

10.3.1.2 химиялық реакциялар - байланыстардың үзілуі мен жаңа байланыстардың түзілу процесін қамтитындығын түсіну;


10.3.1.3 реакцияның энтальпия өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтау және оны анықтамалық деректер негізінде есептеу


Гесс заңы және оның салдары.

Есеп шығару


"Гесс заңы және оның салдарын қолдану"


10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіру және оны химиялық реакцияның энтальпия өзгерісін есептеу үшін қолдана алу

Энтропия

10.3.1.5 энтропияны жүйенің ретсіздік өлшемі ретінде түсіндіру және оны анықтамалық деректер арқылы есептеу

Гиббстің бос энергиясы

10.3.1.6 Гиббстің бос энергия өзгерісін түсіндіру және анықтамалық деректер арқылы есептеу;

10.3.1.7 термодинамикалық мәндер бойынша реакцияның өздігінен жүру бағытын болжау


10.2 B Кинетика

Химиялық реакция жылдамдығы

10.3.2.1 гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу;

10.3.2.2 - қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу


Концентрацияның реакция жылдамдығына әсері.

Қысымның реакция жылдамдығына әсері.


Есеп шығару


"Әрекеттесуші массалар заңы"


10.3.2.3 реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының қолданылатындығын түсіндіру;

10.3.2.4 әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізу;


10.3.2.5 химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсерін түсіндіру


Температураның реакция жылдамдығына әсері.

Практикалық жұмыс №2 "Химиялық реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсерін зерттеу".


Есеп шығару


"Вант -Гофф ережесі"


Химиялық реакциялардың жылдамдығы


10.3.2.6 химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;

10.3.2.7 химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;


10.3.2.8 Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер жүргізе алу;


10.3.2.9 "белсендіру энергиясы" ұғымының физикалық мәнін түсіндіру


Катализ.

№2 зертханалық тәжірибе "Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу"


10.3.2.11 катализ процесінің мәнін түсіндіру;

10.3.2.12 гомогенді және гетерогенді катализді ажырату;


10.3.2.13 катализаторлардың әсер ету механизмін түсіндіру;


10.3.2.14 сутек пероксидінің айырылу жылдамдығына әр түрлі катализаторлардың әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу


10.2 C Химиялық тепе-теңдік

Химиялық тепе-теңдік

10.3.3.1 химиялық тепе-теңдіктің динамикалық сипатын түсіндіру

Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар. Ле-Шателье-Браун принципі.

№3 зертханалық тәжірибе "Динамикалық тепе-теңдік күйін зерттеу"


10.3.3.2 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау;

10.3.3.3 не себепті катализатор тепе-теңдіктің тез орнауына әсер ететінін, бірақ ығысуына әсер етпейтіндігін түсіндіру;


10.3.3.4 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу


Тепе-теңдік константасы.

"Тепе-теңдік константасын мен тепе-теңдік күйдегі концентрацияларды табу" тақырыбына есептер шығару


10.3.3.5 берілген реакция үшін тепе-теңдік константасын жазу;

10.3.3.6 тепе-теңдік константасына әр түрлі факторлардың әсерін болжау;


10.3.3.7 тепе-теңдік константасына қатысты есептерді шығару


Өнеркәсіптік процестердегі химиялық тепе-теңдік

10.3.3.8 Габер процесі мысалында химиялық өнеркәсіптегі өнімнің шығымын арттыруда химиялық тепе-теңдіктің ығысу ролін және күкірт оксиді мен азот оксидінің тотығу процесін түсіндіру

3-тоқсан

10.3 A Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Тотығу-тотықсыздану процесі

10.2.3.1 электрондық-иондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастыру;

10.2.3.2 жартылай иондық реакция әдісімен тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру


Электрохимиялық потенциалдар қатары

10.2.3.3 "стандартты электродтық потенциал" ұғымын сипаттау

Гальваникалық элементтер. Практикалық жұмыс №3 "Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын құрастыру"

10.2.3.4 сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау үшін стандартты электродтық потенциалдар кестесін қолдану;

10.2.3.5 гальваникалық элементті химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғы есебінде түсіну;


10.2.3.6 гальваникалық элементтің жұмыс принципін түсіндіру;


10.2.3.7 аккумуляторларды зарядтау және разрядтау процесін сипаттау


Электролиз

10.2.3.8 электролиз процесінің мәнін сипаттау;

10.2.3.9 электродтардағы электролиз өнімдерін болжау үшін эмпирикалық ережелерді қолдану


10.3 B Аналитикалық әдістер

Заманауи зерттеулердегі аналитикалық әдістер

10.1.4.15 инструменталды талдау әдістердің қолданылу аймақтарын атау

Хроматография.

№4 зертханалық тәжірибе "Қағаз хроматографиясы"


10.1.4.16 қағаз хроматографиясы әдісімен заттарды бөлу принципін сипаттау және бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептеу

10.3C 17-топ элементтері

Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

10.2.1.5 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру

Галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиетттері

10.2.1.6 галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру

Сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау. №5 зертханалық тәжірибе "Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау"

10.2.1.7 галогенид-иондарды тәжірибе жүзінде анықтауды жоспарлау және анықтау






Галогендер және олардың қосылыстарының қолданылуы

10.2.1.8 хлордың суды залалсыздандыруда қолдануын түсіндіру және осы процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;

10.2.1.9 галогендер және олардың қосылыстарының физиологиялық ролін анықтау


10.3D Элементы 2 (II) группы

2 (ІІ)-топ элементтерінің физикалық қасиеттері

10.2.1.10 2 (ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу

2 (ІІ) -топ элементтерінің химиялық қасиетттері. №6 зертханалық тәжірибе "2 (ІІ) - топ элементтері және оның қосылыстары қасиеттерін зерделеу"

10.2.1.11 2 (ІІ) топ элементтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу;

10.2.1.12 сілтілік-жер металдардың маңызды қосылыстарының қолданылу аясын атау


Практикалық жұмыс №4 "Эксперименттік есептер шығару"

10.2.1.13 2 (ІІ) топ металдарын сапалық анықтауды жоспарлау және оны тәжірибе жүзінде жасау

Табиғи карбонаттар

10.2.1.14 табиғаттағы карбонаттар айналымының схемасын құру және олардың қолданылу аймағын атау

10.3 E Органикалық химияға кіріспе

Органикалық заттардың құрамы мен құрылысы

10.4.2.1 органикалық химия - бұл көмірсутектер және олардың туындыларының химиясы деп түсіну;

10.4.2.2 көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырату;


10.2.2.3 элементтердің белгілі массалық үлестері және олардың буларының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым және молекулалық формуласын табу







Гомологтық қатар.

Алифатты қосылыстардың Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы.


№7 зертханалық тәжірибе "Гомологтық қатардағы органикалық заттар молекулаларының модельдерін құрастыру"


10.4.2.4 гомологтік қатардың қалыптасуын және оның өкілдері қасиеттерінің ұқсастығын түсіндіру;

10.4.2.5 қосылыстардың құрылымдық формуласын құру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша атау







Изомерия түрлері.

10.4.2.6 изомерия түрлерін атау және изомерлер формулаларын құрастыру: құрылымдық, байланыстың орны бойынша, функционалдық топтар және классаралық изомерлер






Алкандар. Алкандардың жану өнімдері.

"Жану өнімдері және гомологтық қатарлар бойынша заттардың формулаларын анықтау" тақырыбына есептер шығару


10.4.2.7 әр түрлі алкандардың жану процесін зерттеу және олардың отын ретінде қолдануын түсіндіру;

10.4.2.8 алкандардың жану өнімдерін және қоршаған ортаға экологиялық салдарын бағалау;


10.4.2.9 берілген жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау







Алкандардың бос-радикалды орынбасу реакциясы механизмі.

Галогендеу


10.4.2.10 - алкандардың галогендену реакциясы мысалында орынбасу реакциясының бос радикалды механизмін түсіндіру;

10.4.2.11- алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құру







Циклоалкандар

10.4.2.12 циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін білу

4-тоқсан

10.4А Қанықпаған көмірсутектер

Құрамы, құрылымы және реакцияға түсу қабілеті.

№8 зертханалық тәжірибе "Байланыстың қанықпағандығына сапалық реакция"


10.4.2.13 "қанықпағандық" терминін және оның қосылыстың қасиеттеріне әсерін түсіндіру;

10.4.2.14 алкендердің қанықпағандығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу


Стереоизомерия (цис-транс немесе E-Z).

10.4.2.15 цис-және транс-изомерлер формулаларының моделін құра білу және оны стереоизомерияның бір түрі ретінде түсіну

Алкендердің қосылу реакциялары

10.4.2.16 электрофильді және нуклеофильді бөлшектерді ажырату;

10.4.2.17 алкендер үшін электрофильді қосылу реакциясы механизмін түсіндіру;


10.4.2.18 асимметриялы алкендерге қосылу реакциясының өнімдерін болжау;


10.4.2.19- қосылу реакциялары теңдеулерін құру: галогендеу, гидратациялау, гидрогалогендеу


Полимеризация.

10.4.2.20 полимерлеу реакциясының физикалық мәнін түсіндіру;

10.4.2.21 химиялық реагенттерге қатысы бойынша пластиктердің салыстырмалы инерттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу;


10.4.2.22 полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құру;


10.4.2.23 полиалкендердің қолдану аймағын атау және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалау


Алкадиендер

10.4.2.24 алкадиендердің қасиеттерін олардың құрылысы негізінде түсіндіру;

10.4.2.25 алкиндердің табиғатта таралуын, каучук пен резинаның алынуын зерделеу


Алкиндер

10.4.2.26 алкиндердің құрылымдық формулаларын құрастыру, алкиндердің химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын зерделеу

Мұнай, құрамы, алыну жолдары.

Табиғи газдар және көмір: негізгі өнімдер және оны өндіру жолдары


10.4.2. 27 мұнайды фракциялау процесін және фракциялардың қолдану аясын түсіндіру;

10.4.2.28 термиялық және катализдік крекинг процесін түсіндіру;


10.4.2.29 мұнайға серік газдардан маңызды өнімдер алу жолдарын білу


10.4 B Галоген-алкандар

Галогеналкандарды алу

10.4.2.36 галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіру;

10.4.2.37 галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындау


Галогендердің нуклеофильді орынбасу реакциялары

10.4.2.38 нуклеофильді реагенттермен галогеналкандардың реакция теңдеулерін құрастыру;

10.4.2.39 нуклеофильді орынбасу реакциясының механизмін түсіндіру







Галогендердің элиминирлеу реакциялары

10.4.2.40 элиминирлеу реакциясының механизмін түсіндіру

10.4 C Спирттер

Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиетттері.

№9 зертханалық тәжірибе "Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерге клий дихроматы әсерін зерттеу".


10.4.2.30 спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеу;

10.4.2.31 молекуладағы атомдардың өзара әсері негізінде спирттердің химиялық қасиеттерін түсіндіру;


10.4.2.32 біратомды және көпатомды спиртттерге сапалық реакция жүргізу







Этил спиртін өнеркәсіптік өндіру Көрсетілім №2 "Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу"

10.4.2.33 этанолды этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы алу реакциясының теңдеулерін құрастыру;

10.4.2.34 этанолды алу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;


10.4.2.35 спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерттеу







Фенол, оның құрамы мен қасиеттері

10.4.2.41 фенолдың құрамы мен қасиеттерін білу, пластмасса өндіруде фенолдың қолданылуы

2) 11-сынып:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырып/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқыту мақсаттары

1 тоқсан
















11.1 A Ароматты қосылыстар қатары

Бензол молекуласының құрылысы.

№1 зертханалық тәжірибе "Бензол және толуол молекуласының моделін құрастыру"


11.4.2.12 бензол молекуласының құрылымын түсіндіру






Бензол және оның гомологтарын алу

11.4.2.13 бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру

Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.

11.4.2.14 электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласындағы байланыстардың түзілу және үзілу энергиясын түсіндіру;

11.4.2.15 бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;


11.4.2.16 бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін түсіндіру;


11.4.2.17 органикалық қосылыстар синтезі үшін бензол реакциясының маңыздылығын түсіндіру;


11.4.2.18 толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру


11.1 B Карбонилді қосы-лыстар

Карбонильді қосылыстардың құрылысы және номенклатурасы

11.4.2.1 альдегидтер және кетондардың; карбонды қышқылдар функциональды топтарының құрылысын білу;

11.4.2.2 альдегидтер және кетондардың, карбонды қышқылдардың құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы бойынша атау







Альдегидтер және кетондардың алынуы

11.4.2.3 альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру






Альдегидтер және кетондардың тотығу, нуклеофильді қосылу реакциялары.

11.4.2.4 альдегидтер және кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау;

11.4.2.5 альдегидтер және кетондардың тотығу және тотықсыздану өнімдерінің реакция теңдеулерін құрастыру;


11.4.2.6 альдегидтер және кетондардың нуклеофильді қосылу реакциясына мысалдар келтіру







Карбон қышқылдарының қасиеттері.

№2 зертханалық тәжірибе "Карбон қышқылының алынуы және қасиеттері"


11.4.2.7 карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін және алыну жолдарын түсіндіру;

11.4.2.8 карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру







Этерификация реакциясы.

Күрделі эфирлер және сабын.


№3 зертханалық тәжірибе "Күрделі эфирлердің алынуы және қасиеттері"


11.4.2.9 этерификация реакциясының механизмін сипаттау;

11.4.2.10 карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттар және биодизельді отындардың қолданылу аймағын атау







Майлар. Майлардың құрылысы мен қасиеттері

11.4.2.11 Майлардың құрамы мен құрылысын білу

2-тоқсан

11.2 A Аминдер және амин-қышқылдар

Аминдердің жіктелуі және номенклатурасы.

№4 зертханалық тәжірибе "Аммиак және аминдер молекуласының модельдерін құрастыру"


11.5.1.1 аминдердің жіктелуін және номенклатурасын атау;

11.5.1.2 аммиак және аминдер құрылымын салыстыру


Аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы.

11.5.1.3 аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру;

11.5.1.4 аммиак, аминдер және анилиннің негіздік қасиеттерін салыстыру;


11.5.1.5 нитрилдерді тотықсыздандыру арқылы және галогеналкандардан нуклеофильді орынбасу реакциялары арқылы аминдердің түзілу механизмін сипаттау;


11.5.1.6 нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастыру


Аминқышқылдар: құрамы, құрылысы, биологиялық ролі

№5 зертханалық тәжірибе "Аминқышқылы молекуласының модельдерін құрастыру және ассиметриялы көміртегі атомдарын анықтау"


11.5.1.7 аминқышқылдардың жүйелі және тривиальді аталуын атау;

11.5.1.8 аминқышқылдардың құрамын, құрылысын сипаттау;


11.5.1.9 алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдардың биологиялық ролін түсіндіру


Аминқышқылдар қасиеттері.

№6 зертханалық тәжірибе "Аминқышқылдар қасиеттері"


11.5.1.10 аминқышқылдардың биполярлы иондар түзу қабілетін түсіндіру;

11.5.1.11 аминқышқылдардың екідайлылығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу


Пептидтік байланыс. Ақуыздың түзілуі

11.5.1.12 a-аминқышқылдардан ақуыздар алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіндіру;

11.5.1.13 ақуыздар гидролизнің реакция теңдеуін құрастыру


11.2B Тірі ағза химиясы

Көмірсулар: глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза

11.5.1.14 глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлозаның молекулаларының сызықты және циклді формасын құрастыру






Құрылысы, қасиеттері және қолданылуы.

№7 зертханалық тәжірибе "Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция"


11.5.1.15 глюкозаның функционалдық топтарын тәжірибе жүзінде анықтау;

11.5.1.16 глюкозаның спирттік, сүт қышқылды, май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;


11.5.1.17 крахмалға сапалық реакция жүргізу;


11.5.1.18 сахароза, крахмал, целлюлозаның гидролиз өнімдерін атау;


11.5.1.19 крахмал және целлюлозаның құрылысын, қасиеттерін салыстыру







Ақуыздар.

Ақуыз молекулаларының құрылымы


11.5.1.20 өмір үшін ақуыздардың ролін сипаттау;

11.5.1.21 ақуыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату;


11.5.1.22 ақуыздың әр түрлі құрылымдарының пішінін анықтайтын факторларды атау;


11.5.1.23 ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдардың сапалық және сандық құрамына тәуелділігін сипаттау


Полипептидтер құрылымын анықтау.

Практикалық жұмыс №1 "Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары"


11.5.1.24 гидролиз реакциясы бойынша берілген деректер негізінде полипептидтің құрамын анықтау;

11.5.1.25 ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау;


11.5.1.26 ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау


Ферменттер ролі және қолданылуы

11.5.1.27 "құлып және кілт" моделі тұрғысынан ферменттердің әрекетін және ферментативті катализ процесін түсіндіру;

11.5.1.28 ингибирлі бәсекелестікті түсіндіру


дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымы.

№8 зертханалық тәжірибе "дезоксирибонуклеин қышқылының моделін жасау"


11.5.1.29 дезоксирибонуклеин және рибонуклеин қышқылының құрылымы моделін сипаттау;

11.5.1.30 дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласындағы ақуыздың біріншілік құрылымын кодтау жүйесін түсіндіру


Аденозинтрифосфат және энергия

11.5.1.31 аденозинтрифосфат гидролизі құрылымын және сызбасын құрастыру

Биологиялық маңызды металдар

11.5.1.32 биологиялық маңызды металдар: темір, магний, кальций, калий, натрийдің рөлін бағалау

Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы

11.5.1.33 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау

Ауыр металдардың ақуызға әсері.

11.5.1.34 ауыр металдардың тірі ағзаға уытты әсерін түсіндіру

11.2C Синтетикалық полимерлер

Жоғары молекулалы қосылыстар химиясының негізгі ұғымдары

11.4.2.19 "мономер", "құрылымдық" "буын", "олигомер", "полимер", "полимерлену дәрежесі" негізгі ұғымдарын білу






Полимерлену реакциясы

№9 зертханалық тәжірибе


"Полимерлену реакциясы"


11.4.2.20 полимерлену реакциясы теңдеулерін құрастыру






Поликонденсация реакциялары: полиамидтер мен полиэфирлер

11.4.2.21 поликонденсация реакциясы теңдеулерін құру;

11.4.2.22 поликонденсация реакциясы негізінде алынатын полимерлер гидролизденіп, биологиялық ыдырай алатынын түсіну







Пластиктердің қолданылуы және қоршаған ортаға әсері.

Практикалық жұмыс №2 "Пластмассаларды және талшықтарды тану"


11.4.2.23 полиэтилен, полипропилен, полистирол, тефлон, поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полиэфир, фенолформальдегид шайыры және олардың негізінде алынған пластмассалардың қасиеттерін, қолдану аймағын атау;

11.4.2.24 пластмасса және талшықтарды тәжірибе жүзінде анықтау;


11.4.2.25 қоршаған ортаға пластиктер өндірісінің және қолданысының әсерін талдау;


11.4.2.26 полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау


3 тоқсан

11.3A Органикалық синтез

Органикалық қосылыстардағы негізгі функционалдық топтар.

11.4.2.42 сапалық реакциялар көмегімен функционалды топтарды анықтау;

11.4.2.43 физикалық және химиялық сынақ көмегімен қосылыстарды анықтау;


11.4.2.44 физикалық және химиялық қасиеттері бойынша заттарды анықтауға арналған есептер шығару







Органикалық заттардың генетикалық байланысы. Практикалық жұмыс №3 "Экспериментальды есептер шығару"

11.4.2.45 органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысын сипаттау;

11.4.2.46 қарапайым органикалық синтезді жүргізе алу және түзілген өнімнің шығымын бағалау;


11.4.2.47 органикалық заттардың генетикалық байланысы негізінде өзгерістер тізбегін құрастыру


11.3B 14-топ элементтері

14 (ІV)топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі

11.2.1.1 14 (ІV) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру






14(ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері.

№10 зертханалық тәжірибе "Қорғасын, қалайы және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері"


11.2.1.2 14 (ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

11.2.2.1 параллель жүретін реакциялар теңдеулері бойынша есептер шығару







Әр түрлі тотығу дәрежелерін көрсететін 14 (ІV) -топ элементтері оксидтерінің қасиеттері

11.2.1.3 14 (ІV) топ элементтерінің +2 және +4 тотығу дәрежелі оксидтерінің қасиеттерін түсіндіру;

11.2.1.4 14 (ІV) топ элементтерінің сулы ерітіндідегі +2 және +4 тотығу дәрежелі қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылығын болжау







Жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері

11.2.1.5 14 (ІV) топ элементтерінің жай заттары және химиялық қосылыстарының алыну әдістерінің реакция теңдеулерін құру;

11.2.1.6 14 (ІV) топ элементтерінің және оның қосылыстарының таралуы және қолданылуы туралы мәліметтерді талдай білу


11.3C Азот және күкірт

Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері

11.2.1.7 азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін түсіндіру

Аммиак және аммоний тұздары.

№11 зертханалық тәжірибе 1 "Аммоний ионына сапалық реакция"


11.2.1.8 аммоний ионындағы байланыстардың түзілу механизмін ажырату;

11.2.1.9 газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру


Аммиакты өнеркәсіпте алу

11.2.1.10 аммиакты өнеркәсіпте өндірудің (Габер процесі) ғылыми принциптерін түсіндіру

Азотты тыңайтқыштардың өнеркәсіптік алынуы

11.2.1.11 азот тыңайтқыштары өндірісі үдерісінің химизмін түсіндіру

Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері

11.2.1.12 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;

11.2.1.13 азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну


Күкірттісутек және сульфидтер

11.2.1.14 күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру;

11.2.1.15 сульфид ионын тәжірибе жүзінде анықтау


Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар.

Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану.


Көрсетілім №1 "Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері"


11.2.1.16 атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атау және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттау;

11.2.1.17 тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атау;


11.2.2.2 тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығару







Күкірт қышқылын алудың контакт әдісі

11.2.1.18 күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру;

11.2.1.19 күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің ғылыми принциптерін түсіндіре алу;


11.2.1.20 күкірт қышқылының қолданылу аймағын атау;


11.2.2.3 олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару


11.3D Қышқыл және негіз ерітінділері

Қышқыл-негіздік теория

11.3.4.1 Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау






Судың иондық көбейтіндісі.

Сутектік көрсеткіш


11.3.4.2 судың иондық көбейтіндісін білу;

11.3.4.3 сутектік көрсеткішті -log[H+] ретінде түсіну және ерітіндінің рНін концентрацияға [Н+] және кері түрлендіру;


11.3.4.4 күшті қышқыл және күшті негіздің pHін есептеу







Буферлі ерітінділер

11.3.4.5 буферлі ерітінділердің әсер ету принципін түсіндіру;

11.3.4.6 буферлі ерітінділердің қолдану аймағын атау







Қышқыл және негіздер күші. Диссоциациялану дәрежесі. Оствальдтың сұйылу заңы

11.3.4.7 әлсіз қышқылдар мен негіздердің сулы ерітіндіде диссоциациялануын түсіндіру;

11.3.4.8 әлсіз қышқылдар мен негіздердің диссоциациялану константасының өрнегін жаза алу және Оствальдтың сұйылту заңының қолданылуына есептер шығару







Қышқылды -негіздік титрлеу.

Практикалық жұмыс №4 "Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу"


11.3.4.9 титрлеу нәтижесі бойынша есептеулер жүргізу

4 тоқсан

11.4A Металдар өндірісі

Металдар және құймаларды алу

11.2.3.1 металдарды алудың маңызды әдістерін талдау: гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;

11.2.3.2 ғылымда, техникада және тұрмыста қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;


11.2.3.3 шойын және болатты алу әдістерін және қасиеттерін сипаттау







Электролизді өнеркәсіпте қолдану.

№12 зертханалық тәжірибе "Металл заттарын гальваникалық қаптау"


11.2.3.4 металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру;

11.2.3.5 гальваностегия, гальванопластика процестерін ажырату;


11.2.3.6 коррозиядан қорғау және декоративті мақсаттар үшін гальваникалық жабындарды қолдану принциптерін зерделеу







Химиялық өндірістің ғылыми принциптері

11.2.3.7 химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптерін атау;

11.2.3.8 екіншілік қайта өңдеудің қажеттілігін негіздеу







Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары

11.2.3.9 металлургия өнеркәсібінің экологиялық проблемаларын түсіндіру

11.4B Ауыспалы металдар

Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы.

11.2.1.21 Ti –Сu атомдарының электрондық құрылысына сүйене отырып, қандай металдар ауыспалы болатындығын түсіндіру;

11. 2.1.22 ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу;


11.2.1.23 атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру;


11.2.2.4 орынбасу реакциялары теңдеулері бойынша есептер шығару







Кешенді қосылыстар.

№13 зертханалық тәжірибе "Ауыспалы металдар кешенді иондарының қасиеттері"


11.2.2.24 комплексті қосылыстардың құрылысын сипаттау;

11.2.1.25 ауыспалы металдардың кешен түзу реакцияларының оның шінде мыс (+2) кешендерінің, темір (+2, +3) кешендерінің сумен және аммиакпен құрастыру және олардың түсін білу;


11.2.1.26 ауыспалы металдардың кешенді қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттау







Ауыспалы металдардың биологиялық ролі.

11.2.1.27 гемоглобин құрамында темір (+2) кешенінің болатынын түсіндіру және оттегін тасымалдаудағы оның ролін түсіну;

11.2.1.28 иіс газымен улану қалай жүретіндігін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдісін сипаттау


11.4 C Жаңа заттарды және материалдарды өндіру

Жаңа материалдар

11.4.2.29 жаңа материалдарды жасаумен және өндірумен айналысатын ғылымдар саласын білу

Физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар

11.4.2.30 аспиринді, таксолды физиологиялық белсендігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдері ретінде атау;

11.4.2.31 физиологиялық белсенділік үшін хиральділік және молекулалық қабаттың маңыздылығын түсіндіру


Дәрілік препараттарды синтездеу және өндіру

11.4.2.32 синтетикалық дәрілік препарат үлгісі ретінде аспиринді алу процесін сипаттау;

11.4.2.33 - дәрілік заттарды өндіру проблемаларын тізімдеу


Нанотехнология.

11.4.2.34 "нанохимия" және "нанотехнология" ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;

11.4.2.35 нанобөлшектерді синтездеу және зерттеу әдістерін сипаттау;


11.4.2.36 нанобөлшектердің қолдану аймағын атау


Нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы

11.4.2.37 наноматериалдардың ерекшеліктерін сипаттау;

11.4.2.38 көміртекті нанобөлшектер құрылымын сипаттау: фуллерен С60, графен, нанотүтік, наножіп, наноталшықтар;


11.4.2.39 кристалдарды өсіру және полимеризациялау жолымен наноматериалдардың алынуын сипаттау


Полимерлер

11.4.2.40 жаңа полимерлер және композициялық материалдар өндірудің маңыздылығын түсіндіру;

Жаңа материалдардың практикалық мәні

11.4.2.41 адамзаттың әр түрлі бағыттағы ісәрекетін дамыту үшін жаңа материалдардың практикалық маңызын бағалау

11.4 D "Жасыл химия"

"Жасыл химияның" 12 принципі.

Атмосфера, гидросфера, литосфераның ластануы


11.4.1.1 "Жасыл химияның" 12 принципін атау және оны түсіндіру;

11.4.1.2 атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану масштабын түсіндіру


Жердің озон қабатының бұзылуы

11.4.1.3 озон қабатының бұзылу себептерін зерделеу

Ғаламдық жылыну

Мини- жоба: "Қоршаған ортаны қорғау"


11.4.1.4 "парникті эффектінің" әсерін болжау;

11.4.1.5 "парникті эффектінің" және озон қабатының бұзылу мәселелерін ажырату;


11.4.1.6 ғаламдық мәселелерді шешудің жолдарын бағалау







Қазақстан Республикасы



Білім және ғылым министрінің


2019 жылғы 7 наурыздағы


№ 105 бұйрығына 17-қосымша







Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің


2017 жылғы 27 шілдедегі


№ 352 бұйрығына 201-қосымша







Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің


2013 жылғы 3 сәуірдегі


№ 115 бұйрығына 419-қосымша


Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған "Қазақстан тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).
2. Отандық тарихты зерделеу өткен тарихи оқиғаларды түсіну және оларды талдау негізінде қазіргі замандағы орнын анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін түсінуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.
3. Оқу пәнінің мазмұны білім алушыларға әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның әлемдік тарихи процестегі орны мен рөлін анықтай отырып, этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолдарының негізгі ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
4. Оқу пәнінің мақсаты – отандық тарихтың негізгі оқиғалары мен процестерін оқыту негізінде тарихи санаға, азаматтылық пен отансүйгіштік қасиеттерге ие, тарихи білім мен дағдыларды оқу және қоғамдық іс-әрекеттерде тиімді және шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
5. Оқу пәнінің міндеттері:
1) Қазақстан аумағындағы қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі мәселелері туралы білім қалыптастыру;
2) тарихи қалыптасқан мәдени, ұлттық дәстүр, әлеуметтік және адамгершілік нормаларды білімалушылардың түсінуі негізінде оларда азаматтылық пен қазақстандық бірегейлікті, дүниетанымдық ұстанымдарды тәрбиелеу;
3) әлемдік тарихи процестегі Қазақстанның орны мен рөлі туралы жалпы тұтас түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;
5) өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;
6) әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;
7) әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
8) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
9) коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет