Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


сынып оқу пәнінің базалық мазмұны



бет52/76
Дата23.10.2016
өлшемі12,18 Mb.
#77
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76

2.9 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны:

      12. 8 сыныптың негізгі мәселелерін қайталау (4сағат):


      химияның негізгі түсініктері мен заңдары, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы, бейорганикалық заттардың кластары және олардың арасындағы генетикалық байланыс;
      сан есептері:
      масса, зат мөлшері, ерітіндінің тығыздығы, ерітіндінің массасы және көлемі, газдың көлемі, мольдік масса, газдың мольдік көлемі, Авогадро тұрақтысы, пайыздық концентрация (еріген заттың массалық үлесі), күрделі қосылыс құрамындағы химиялық элементтің массалық үлесі;
      13. Электролиттік диссоциациялану теориясы (14 сағат):
      электролиттер және бейэлектролиттер, С.Аррениустың электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары, электролиттік диссоциациялану механизмі;
      күшті және әлсіз электролиттер, диссоциациялану дәрежесі, қышқыл, сілті және тұздардың судағы ерітінділерінде электролиттік диссоциациялануы, көпнегізді қышқылдардың, қышқылдық және негіздік тұздардың диссоциациялануы, ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары;
      электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің химиялық қасиеттері;
      катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар;
      тұздар гидролизі, биосферадағы тұздар гидролизінің маңызы;
      сандық есептер:
      реакцияласушы заттардың біреуі артық болған жағдайда химиялық реакция теңдеуі бойынша зат мөлшерін, массасын, өнімнің көлемін есептеу;
      диссоциациялану дәрежесін есептеу;
      № 1 көрсетілім (мультимедиа):
      заттардың және олардың ерітінділерінің электрөткізгіштігін сынау;
      катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар;
      тұздардың суда еруі және рН шкаласын қолданып, тұз ерітінділерінің сутектік көрсеткішін рН әмбебап индикаторымен анықтау;
      № 1 лабораториялық тәжірибе «Электролит ерітінділерінің арасындағы ион алмасу реакциялары»;
      № 2 лабораториялық тәжірибе «Тұздар гидролизі»;
      № 1 практикалық жұмыс «Электролиттік диссоциация теориясы және электролиттердің қасиеттері», № 1 бақылау жұмысы.
      14. Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары (14 сағат):
      химиялық элементтердің периодтық жүйесінің IV-VII топ элементтеріне сипаттама, бейметалдардың электртерістігі, бейметалдардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері, қоршаған ортадағы бейметалдар және олардың қосылыстары, Қазақстандағы бейметалдардың табиғи ресурстары;
      күкірт және оның қосылыстары, күкірттің аллотропиялық түрөзгерістері, күкіртсутек, күкірт(IV,VI) оксидтері, күкірт қышқылы және оның тұздары;
      аммиак, аммоний тұздары, азот(IІ, IV) оксидтері, азот қышқылы және оның тұздары;
      фосфор және оның маңызды қосылыстары, фосфордың аллотропиялық түрөзгерістері;
      минералды тыңайтқыштар, олардың Қазақстанда өндірілуі және оларды тиімді қолдану;
      көміртек және оның маңызды қосылыстары, көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері, адсорбция, көміртек (ІІ, ІV) оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздары, көміртек қосылыстарының тірі және өлі табиғатта кездесуі және олардың маңызы, нанохимия туралы түсінік;
      кремний және оның қосылыстары, силикаттар, сұйық кристалдар, кремний негізінде жасалған жартылай өткізгіш материалдар, Қазақстандағы силикат өнеркәсібі, бейметалдар және олардың қосылыстарының негізінде жасалған замануи материалдар, күкірт,азот және фосфор мысалдарында химиялық элементтердің табиғаттағы бихимиялық айналысы,қоршаған оратға бейметелдардың оксидтерінің зиянды әсерінен туындайтын экологиялық проблемаларды шешу жолдары;
      көміртек, оттек, азот және фосфордың табиғаттағы айналымы;
      сан есептері (экологиялық мазмұндағы):
      химиялық реакция теңдеуі бойынша әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілгендегі өнімнің массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу;
      химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің практикалық шығымы бойынша заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын есептеу;
      құрамындағы қоспаның массалық үлесі берілген реагенттің массасы бойынша реакция өнімінің массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу;
      № 2 көрсетілім (мультимедиа):
      алмаз, графит, фуллереннің кристалдық торларының модельдері;
      бейметалдардың және олардың қосылыстарының үлгілері;
      нитраттардың ыдырауы;
      минералды тыңайтқыштардың жиынтығы;
      адсорбция;
      адам организміндегі бейметалдардың мөлшері және рөлі;
      Қазақстандағы бейметалдар мен олардың қосылыстарының кен орындарының картасы;
      № 3 лабораториялық тәжірибе «Көмірқышқыл газы және аммиакты алу, оларды анықтау»
      № 4 лабораториялық тәжірибе (мультимедиа) «Хлоридтерді, карбонаттарды, сульфидтерді, сульфаттарды, силикаттарды, аммоний тұздарын танып білу»;
      № 2 практикалық жұмыс «Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару, № 2 бақылау жұмысы.
      15. Металдар және олардың қосылыстары, «Металлургия» (20 сағат):
      химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың орны, олардың атомдық және кристалдық құрылыстарының ерекшеліктері, металл (І-ІІІ периодтар) атомдарының құрылысына салыстырмалы сипаттама;
      металдардың электрохимиялық кернеу қатары, металдар және олардың қосылыстарының тірі организмдердегі (биогендер және ластаушылар) рөлі;
      кальций және оның қосылыстары (оксиді, гидроксиді және тұздары), судың кермектігі және оны жою жолдары, кальций қосылыстарының генетикалық байланысы, Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары, кальцийдің биологиялық рөлі;
      алюминий және оның қосылыстары, алюминийдің екідайлы қасиеттері, оксиді және алюминий гидроксиді, алюминийдің маңызды табиғи қосылыстары және олардың Қазақстандағы кен орындары, алюминий құймасы және оның қолданылуы, алюминий және оның құймаларының Қазақстандағы өндірісі;
      темір және оның қосылыстары (оксидтері және темір (ІІ, ІІІ) гидроксидтері), темір қосылыстарының генетикалық байланысы, Қазақстандағы темір кен орындары, темір және оның маңызды қосылыстарының биологиялық маңызы;
      металдар және олардың құймаларының жемірілуі – қоршаған ортаның ластануының нәтижесі, жемірілуге қарсы күрес;
      темір құймалары және олардың қолданылуы, шойын және болат өндіру, Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы, металдар және олардың құймаларын алу әдістері;
      бейметалдар, металдар және олардың қосылыстарының генетикалық байланысы, бейметалдар және металдар туралы білімді қорытындылау;
      сандық есептер (экологиялық мазмұндағы):
      реакция теңдеуі бойынша қоспаның құрамындағы заттың массалық үлесі белгілі болған жағдайда заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын анықтау;
      өндірістік және экологиялық мазмұндағы теориялық мүмкіндікпен саластырғандағы өнімнің шығымын есептеу;
      тұрмыста қолданылатын (бейметалдардың, металдардың және олардың қосылыстарының) молекулалық формулаларын анықтау;
      № 3 көрсетілім (мультимедиа):
      металдар және олардың қосылыстарының Қазақстандағы маңызды кен орындары;
      кальций және алюминийдің табиғи қсылыстарының үлгілері;
      металдардың кристалл торларының модельдері;
      кермек судың қасиеттерімен танысу;
      алюминий құймаларының үлгілері;
      «Темірдің табиғи қосылыстары» жиынтығы;
      шойын және болат үлгілері;
      № 5 лабораториялық тәжірибе «Алюминий гидроксидін алу және оның екідайлық қасиеттерін зерттеу»;
      № 6 лабораториялық тәжірибе «Темірдің (ІІ) және (ІІІ) гидроксидтерін алу және қасиеттерін зерттеу»;
      № 3 практикалық жұмыс «Металдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару», № 3 бақылау жұмыс.
      16. Көміртектің органикалық қосылыстары (14 сағат):
      органикалық химия – көміртек қосылыстарының химиясы, А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидалары;
      көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясы, қаныққан көмірсутектер, метан, қанықпаған көмірсутектер, этилен, ацетилен, аромат көмірсутектер, бензол;
      көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыс, көмірсутектердің табиғи көздері, табиғи газдың, мұнайдың, көмірдің Қазақстандағы кен орындары, оларды өндіру және өңдеу;
      көмірсутектерді өндіру, өңдеу және қолданудағы экологиялық мәселелер, көмірсутектерді экономиканың түрлі салаларында және тұрмыста пайдалану;
      оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы, метанол, этанол, спирттердің улылығы және этил спиртінің адам организміне зиянды әсері, көпатомды спирттер (глицерин мысалында) туралы түсінік, альдегидтер, (метаналь, этаналь);
      карбон қышқылдары, күрделі эфирлер,майлар, сабын – жоғары карбон қышқылдарының тұздары, синтетикалық жуғыш заттар туралы түсінік, синтетикалық жуғыш заттардың табиғатқа тигізетін зиянды әсерлері;
      көмірсулар, белоктар, аминқышқылдары, бейорганикалық және органикалық әлемнің бірлігі (көмірсулар мысалында (фотосинтез, организмдегі өзгерістері)), Қазақстанның тамақ өнеркәсібі;
      сандық есептер:
      элементтердің массалық үлесі және салыстырмалы тығыздығы бойынша газтәрізді заттардың молекулалық формулаларын табу;
      реакция өнімінің массасы немесе көлемі және белгілі заттың салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттың формуласын анықтау;
      реакция теңдеуі бойынша қоспадағы заттың белгілі массалық үлесі мен массасы бойынша екінші заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын есептеу;
      өндірістік және экологиялық мазмұнды есептердегі теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы органикалық заттың практикалық шығымын есептеу;
      метан, бутан, этанолдың жану реакция теңдеуі бойынша оттектің, ауаның көлемдерін есептеу;
      № 4 көрсетілім (с мультимедиа):
      метан, этан, этилен, ацетилен, бензол, этанол және сірке қышқылы молекулаларының моделі;
      органикалық заттардағы көміртекті, сутекті сапалық жолмен анықтау;
      органикалық заттардың жануы;
      полиэтеленнен жасалған бұйымдардың үлгілерімен танысу;
      йодтың крахмалға әсері;
      белоктардың денатурациясы;
      лабораториялық тәжірибелер:
      № 7 лабораториялық тәжірибе «Көмірсутек молекулаларының модельдерін құрастыру»;
      № 8 лабораториялық тәжірибе «Мұнай өнімдерімен танысу»;
      № 9 лабораториялық тәжірибе «Сірке қышқылының индикаторларға әсері, металдармен және тұздармен әрекеттесуі;
      № 10 «Сабынның және синтетикалық жуғыш заттардың қасиеттерін салыстыру»;
      № 4 тақырыптық білім тексеру, бақылау жұмысы.
      17. Қайталау (2 сағат):
      жоба дайындау, экскурсия:
      органикалық және бейорганикалық заттардың байланысы;
      адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері;
      химиялық ластанудың көздері және себептері;
      қоршаған ортаны ластанудан қорғаудағы химияның рөлі.

3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      18. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.


      19. Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеру тиіс» аспектілерімен көрсетілген.
      20. 8-сынып химия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:
      1) химиялық таңбалар, химиялық түсініктері, химиялық элементтердің таңбалары, химиялық заттардың формулалары, коэффициент, индекс, химиялық реакциялардың теңдеулері,зат, химиялық элемент, атом, молекула, салыстырмалы атомдық және молекулалық масса, химиялық реакциялардың типтері, атомның құрылысы, ядро заряды, протон, нейтрон, электрон, электрондық орбиталь, иондар, изотоптар, химиялық байланыс, аллотропия, моль, мольдік масса, мольдік көлем, Авогадро тұрақтысы, реакцияның жылу эффектісі, реагенттер, металдардың белсенділік қатары, бейтараптану реакциясы, катализатор, электртерістілік, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш, тотығу және тотықсыздану, тотығу-тотықсыздану реакциялары; оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар, генетикалық байланыс; индикаторлар;
      2) негізгі заңдарды: зат массасының сақталу заңы, заттың тұрақтылық заңы, Д. И.Менделеевтің периодтық заңы, Авогадро заңы;
      3) химияның эксперименттік негізін және заттарды танып білудің химиялық әдістері: лабораториялық құрылғылармен жұмыс жасау ережелерін; химиялық заттарды және құбылыстарды зерттеу;
      4) қоспаларды бөлу және заттарды тазарту әдістерін, заттарды алу әдістерін білуі тиіс.
      21. 8-сынып химия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар:
      1) анықтауы тиіс:
      қосылыстардағы химиялық элемент атомдарының валенттілігі және тотығу дәрежелерін;
      заттардың құрамы және олардың қай класқа жататындығын;
      жай және күрделі заттардағы химиялық байланыстың түрлерін;
      реакция типтерін және олардың сипаттамасын;
      индикатордың көмегімен қышқылдар мен сілтілердің сулы ерітінділерінің ортасын;
      2) құрастыруы тиіс:
      бейорганикалық заттардың формулаларын, заттардың генетикалық қатарларын;
      отттегі мен сутегінің қасиеттерін сипаттайтын химиялық теңдеулерді;
      оксидтер, қышқылдар, негіздер мен тұздардың және олардың қосылыстарының формулаларын;
      атомның электрондық құрылысын, химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын;
      3) түсіндіруі тиіс:
      химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын және атомның құрылысын;
      тұрмыста және тәжірибеге қолданылатын кейбір заттардың адам организміне әсерін;
      екідайлылық ұғымын және оны мысалдармен дәлелдеуін;
      4) есептеп шығаруы тиіс:
      зат массасы, зат мөлшері, Авогадро саны, газдың мольдік көлемі, ерітіндінің массасы, ерітіндінің көлемі, ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі, химиялық реакциялар барысындағы газдардың көлемдік қатынастары;
      реагенттің біреуінің зат мөлшері, массасы немесе көлемі белгілі болған жағдайда өнімнің массасын немесе көлемін; химиялық реакцияның жылу эффектісін есептеу;
      5) есептеуі тиіс:
      химиялық формулалар бойынша бейорганикалық заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын;
      қосылыстың формуласы бойынша химиялық элементтің массалық үлесін;
      ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін;
      ерітіндінің белгілі массасындағы еріген заттың массалық үлесі бойынша еріткіштің және еріген заттың массасын;
      6) жүргізуі тиіс:
      техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, көрсетілімдер, лабораториялық тәжірибелер, практикалық жұмыстар;
      лабораториялық ыдыстармен және құрылғылармен, қыздыру аспаптарымен, газдарды алу құрылғыларымен, ерітінділермен;
      оттекті, сутекті алу, жинау және танып білу;
      қатты және сұйық заттарды суда ерітудімеңгеруі тиіс.
      22. 9-ші сынып химия курсын оқу нәтижесінде, оқушыларбілуі тиіс:
      1) химияның негізгі түсініктері: электролиттер, бейэлектролиттер, электролититтікдиссоциация, диссоциациялану дәрежесі, аниондар мен катиондарға сапалық реакциялар, гидролиз, сутектік көрсеткіш, бейметалдар, аллотропия, металдар, металдардың жемірілуі, электролиз, құймалар, шойын, болат, изомерия, гомологтар, функционалдық топ, каучук, резеңке, полимерлер, этил спирті, глицерин, құмырсқа альдегиді, сірке альдегиді, құмырсқа қышқылы, сірке қышқылы, майлар, сабын, көмірсулар, белоктар, аминқышқылдары;
      2) органикалық заттардың көптүрлілігінің себептері (изомерия құбылысы), байланыстың түрлері (байланыс, қос байланыс, үш байланыс);
      3) көмірсутектердің табиғи көздері, мұнай, газ, көмір және көмірсутектердің туындылары, мұнайды өңдеу;
      4) теорияларды: электролиттік диссоцияциялану және органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы;
      5) негізгі заңдарды: зат массасының сақталу заңы, зат құрамының сақталу заңы;
      6) химияның тәжірибелік негіздері және заттарды танып-білудің химиялық әдістері: лабораторияда жұмыс істек ережелері, күйдіргіш, жанғыш заттармен және лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс ережелері, химиялық заттар және айналымдарды зерттеу әдістері, заттың құрамын сапалық және сандық талдауды бақылау, сипаттау;
      7) заттарды алудың жалпы әдістері, өндірістік синтездің заманауи технологиясы туралы түсінік;
      8) бейорганикалық заттардың кластары және олардың генетикалық байланысы;
      9) заттар мен материалдарды өндіруде, қоғамның дамуында және адам денсаулығын, табиғатты қорғаудағы химияның өскелең рөлі;
      10) қоршаған ортаны химиялық ластанудан қорғау және салауатты өмір салтын (тамақтану үйлесімділігі, тыныс алу) ұйымдастырудың химиялық жолдарын.
      23. 9-шы сынып химия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар меңгеруі тиіс:
      1) анықтау:
      заттың сапалық және сандық құрамын және оның белгілі класқа жататындығын;
      индикатордың көмегімен заттардың сулы ерітінділерінің ортасын;
      2) құрастыру:
      оқып үйренген бейорганикалық заттардың фомулаларын (молекулалық, электрондық, құрылымдық);
      металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының генетикалық қатары;
      металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының қсиеттерін сипаттайтын химиялық теңдеулер;
      электролииік диссоциацияланудың иондық теңдеулері;
      органикалық заттардың изомерлері, гомологтарының формулаларын;
      3) түсіндіру:
      химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы;
      металдар мен бейметалдардың химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны;
      химиялық элементтердің пероидтық жүйедегі орнына сәйкес қасиеттері, оксидтер, ышқылдар, негіздер және тұздардың өкілдерінің қасиеттері;
      тұрмыста және тәжірибеге қолданылатын кейбір заттардың адам организміне әсерін;
      Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің негізгі заңдылықтары, қышқыл-негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттерін атомдардың құрылысы туралы білім негізінде;
      алюминий және оның қосылыстарының екідайдық қасиеттерінің мәні және оны мысалдармен сипаттау;
      электролиттік диссоциациялану теориясының мәні, механизмі және негізгі қағидалары;
      химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы;
      4) есептеп шығаруы тиіс:
      ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін;
      химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасының өзгерістерін;
      реакцияға қатысушы заттардың бірінің белгілі массасы көлемі бойынша заттың массасын немесе көлемін;
      химиялық реакциялардың жылу эффектісін;
      теориялық шығыммен салыстырғандағы өнімнің массалық немесе көлемдік шығымын;
      қоспа құрамындағы заттың массалық үлесін;
      заттың молекулалық формуласын табу.
      қосылыстың формуласы бойынша химиялық элементтің массалық үлесін;
      ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін;
      салыстырмалы тығыздығы бойынша газтәрізді заттың молекулалық формуласын;
      ерітіндінің белгілі массасындағы еріген заттың массалық үлесі бойынша еріткіштің және еріген заттың массасын.
      5) өткізуі тиіс:
      демонстрациялар, лабораториялық тәжірибелер, практикалық жұмыстар;
      лабораториялық ыдыстармен және құрылғылармен, қыздыру аспаптарымен, газдарды алу құрылғыларымен, ерітінділермен жұмыс;
      оттекті, көмірқышқыл газын, аммиакты алу, жинау және танып білу;
      қатты және сұйық заттарды суда еріту, қант ерітіндісін дайындау;
      кейбір бейорганикалық заттарға сапалық реакциялар;
      Ва2+,Са2+, Al3+, Fe3+ катиондарын және SO42-, S2-,CO32-, Cl-, SO32-,SiO32-, PO43-) аниондарын анықтау.
      24. Жеке тұлғалық нәтижелер. Оқушылар көрсетуі тиіс:
      1) химиялық білімге, осы білім саласына және адамдардың қолданбалы сипаттағы практикалық міндеттерді шешуде;
      2) денсаулықты, табиғатты және экологияны қорғауда азаматтық, патриоттық ұстанымға деген қызығушылық танытуы;
      3) талдау, синтез жасау, бақылау, салыстыру, себеп-салдарлық байланысты анықтау, тәжірибе жүргізу, сипаттау сияқты танымның негізгі әдістерін ғылыми меңгеру және оларды қолдану;
      4) химиялық терминологияны, түсініктерді, теорияларды, заңдар мен заңдылықтарды сенімді түрде қолдану;
      5) жүргізілген тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу, түсіндіру және талдай білу;
      6) химиялық формулалар және теңдеулер бойынша мөлшерлік бағалауда математикалық біліктілік;
      7) сандық білім ресурстарымен жұмыс жүргізуде коммуникативті-ақпараттық дағды;
      8) түрлі мәлімет көздерінен алынған химиялық ақпараттарға, к химической науке на основе личного опыта; объективті ұстаным;
      9) бағдарлы білім алуды таңдауда жоғары сынып оқушыларының саналы көқарасы.
      25. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылары қолдануы тиіс:
      1) табысты білім алуда химиялық білімнің құрастырылған жүйесін, сараланған тапсырмаларды және жобаларды орындауды күнделiктi өмiрде;
      2) оттектің, сутектің, судың, бейметалдардың, металдардың және олардың қосылыстарының табиғаттағы айналымы туралы практикалық-бағдарлы кіріктірілген білім; бейорганикалық және органикалық заттардың жеке кластары арасындағы генетикалық байланыс;
      3) заттардың химиялық формулаларын, химиялық реакция теңдеулерін құрастыру біліктіліктері мен дағдалары, химиялық формулалар бойынша қосылыстың сандық және сапалық құрамын және белгілі бір класс өкіліне жататындығын, химиялық реакциялардың типтерін, химиялық байланысты және кристалл тор түрлерін, қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау;
      4) сандық (формула бойынша және химиялық реакция теңдеуі бойынша) және сапалық есептерді шешу;
      5) бағдарлы білім алуды, білім алу жолындағы іс-әрекетті өз қабілеті мен ерекшеліктеріне, икемділіктеріне және қызығушылықтарына қарай таңдаудағы білім жүйесі;
      6) табиғи құбылыстар, заттардың табиғатта кездесуі және олардың айналымы, өмірде практикалық маңызы бар заттардың құрылысы, құрамы және қасиеттерін химиялық негізде танып білу әдістері;
      7) бейорганикалық және органикалық заттардың материалдық бірлігі және байланысы, заттардың құрылысы және қасиеттері арасындағы себеп-салдарлық байланыс;
      8) сандық білім беру ресурстарын заттар әлемін танып-білуді дамытуда, заманауи компьютерлік бағдарламаларды презентациялар дайындауда;
      9) танып білудің логикалық әдістері (түсініктердің түйіндері, салыстыру, болжау, дәлелдеу, қорытындылау, нақтылау, талдау, синтез);
      10) оқу және тіршілік мәселелерін шешуде функционалды әмбебап дағдылар, ойлау және өзіндік шығармашылық іс әрекеттер;
      11) өз ойларын және өз іс-әрекетін талдау шеберлігі;
      12) бағдарлы білімдерін жалғастыруда өзінің потенциалдық қорларын объективті түрде бағалау.

Қазақстан Республикасы   


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 cәуірдегі   
№ 115 бұйрығына     
40-қосымша        

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін
«Қазақстан тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.
      3. Қойылған мақсаттарға сай пәнді оқытудың келесі міндеттері орындалуы тиіс:
      1) оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;
      2) Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;
      3) оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;
      4) оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;
      5) оқушылардың қазақ және басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;
      6) оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.
      4. Келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
      1) «Дүние жүзі тарихымен»:
      Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі;
      Қазақстан тарихын оқытқанда көршілес мемлекеттердің тарихымен байланысты қарастырылатын ортақ мәселелерді қарастыру;
      2) «Географиямен»:
      Қазақстан территориясының және шекарасының анықталу кезеңі;
      Қазақстан территориясында әкімшілік-территориялық реформалардың жүргізілуі;
      Қазақстан территориясының ландшафты, климаты, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, пайдалы қазбаларын зерттеген түрлі экспедициялар қызметі;
      3) «Қазақ әдебиетімен»:
      Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының көркем шығармаларды жазуда тарихи оқиғалармен байланыстыруы;
      ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының шығармашылықтарын білу;
      4) «Орыс әдебиетімен»:
      орыс ақын-жазушыларының шығармаларында қазақ қоғамының көрініс табуы;
      орыс ақын-жазушыларының шығармаларындағы қазақ халқының өміріне байланысты зерттеу материалдарын білу;
      5) «Бейнелеу өнерімен»:
      бейнелеу өнерінің дамуы;
      қазақтардың қолданбалы қолөнер туындыларының тарихы;
      ХVІІІ – ХІХ ғғ. суретшілер еңбегіндегі Қазақстан тақырыбы;
      6) «Музыкамен»:
      музыкалық шығармалардың тарихи оқиғалармен байланыстылығы;
      Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды баяндауда музыкалық шығармалардың дерек көзі ретінде қызметі;
      музыка өнерінің тарихы, әнші-сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы.
      5. Оқу жүктемесінің көлемі:
      1) 5-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
      2) 6-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
      3) 7-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
      4) 8-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
      5) 9-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет